Өндірістегі көліктік логистиканың негізгі түсініктері

1.

Реферат
Дисциплина: Өндірістік логистика
Тақырыбы: Өндірістегі көліктік логистиканың негізгі
түсініктері
Өндірістегі көліктік логистиканың негізгі түсініктері
Жоспар:

2.

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Көліктік логистика міндеттері. Жалпы сипаттама.
2.2. Өндірістік логистика түсінігі.
2.3. Көліктік логистикадағы жалпы түсініктер.
2.4. Көліктік логистикадағы өндірістік түсініктер.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе. Көліктік логистика – бұл шикiзатты сатып алу орнынан соңғы
тұтыну орнына дейiн материалды және сонымен байланысты ақпараттық
ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететiн, тасымалдау және қоймалау
бойынша барлық қызметтердi жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

3.

Көліктік логистика - өнiмге қажеттiлiк туған жерде, алдын ала бекiтiлген
орында, бекiтiлген уақытта қажеттi өнiм көлемiн алуға бағытталған түрлi
қызмет түрлерiнiң жиынтығы туралы ғылым.
Өндірістегі көліктік логистика – шығындар тұрғысынан тиiмдi және
үнемдi материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнiмдердi сақтау
және тасымалдау операцияларын, сондай-ақ солармен байланысты клиенттердiң
талаптарына сәйкес, өндiрiс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткiзу
жөнiндегi ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым.
Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы оынң ішінде көліктік
логистиканы ғылым ретiнде пайымдайды.
Материалды ағымның шикiзаттың алғашқы көзiнен бастап соңғы
тұтынушыға дейiнгi жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп
бөлiгi түрлi көлiк құралдарын қолдану арқылы жүргiзiледi. Бұл операцияларды
орындауға кететiн шығындар логистикаға кететiн жалпы шығындардың 50
пайызға дейiнгi шамасын құрайды.
Тасымалдау логистикасының мiндеттерiне шешiмi тасымалдау үдерiсiнiң
тiкелей қатысушыларының әрекетiнiң келiсiмдiлiгiн күшейтетiн мәселелер
жатады. Мұндай мәселелердi шешу актуалüдығы тасымалдау жұмысы үлкен, өз
бетiнше жүретiн алапқа айналғанда туады (мысалы, жаппай пайдалану көлiгiнiң
қызметiнде,
сондай-ақ
бiрқатар
жаппай
пайдаланылмайтын
көлiк
жағдайларында).
Логистиканың тасымалдауда өндiрiстегiдей немесе сауда-дағыдай
қолданылуы контрагенттердi бәсекелестер тарапынан тасымалдау үрдiсiнде бiрбiрiн толықтыратын әрiптестерге айналдырады.
Логистика – жоғарыда аталып кеткендей, бiрыңғай техника, технология,
экономика және жоспарлау. Сәйкесiнше, тасымалдау логистикасының
мәселелерiне тасымалдау үрдiсiнiң қатысушыларының техникалық және
технологиялық үйлесуiн қамтамасыз ету, олардың экономикалық мүдделерiнiң
сәйкестiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бiрыңғай жүйелерiн
қолдану жатады.
Көлік жүйесі жүк және жолаушыларды тасымалдауға қажеттілікті
қанағаттандыруға арналған, ауыл шаруашылығының бірнеше салалары ретінде
түсінілетін көлік кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Кешенге
орналастыру үрдісін және материалдық өндіріс саласы – «көлік өндірісін»
қамтамасыз етуші, көліктік машина жасау, көлік құрылысы, тасымалдауды
материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сол сияқты көлік мамандарын

4.

дайындау, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша
мекемелер кіреді. Көлік жүйесі ауыл шаруашылығының тұтас саласы бойынша
құрамына төрт элемент кіретін сала ретінде қарастырылады:
· барлық көлік түрлерінің жалпы және жалпы емес пайдаланудағы көлік
жүйесі;
· жылжымалы көлік құралдары (оған деген меншік формасы болса да);
· көліктің еңбек қорлары;
· барлық деңгейдегі көлік жүйесін басқару жүйесі.
Сонымен, көлік жүйесі – темір және автомобиль жолдарынан, құбыр өткізгіш,
су және әуе жолдары, ондағы «нүктелік элементер» - көлік тораптары
қатынастарынан (жолаушы, жүк және басқа да стансалар, теңіз және өзен
порттар, әуежайлар және т.б.жол қатынастарынан тұрады.
Көліктік жүйені шығару кезінде керек тасымалдауға қоймаға қатысты
және көмекші қоймалары қағаз өнеркәсібінде болған жағдайдағыдай барлық
кездесетін сұрақтарды қарастырады.
Қазіргі замандағы жүкті тасымалдау түсінігі біздің мемлекетте нарықтық
қатынастардың дамуынан бастап кәсіпорындарды теңдеу саласынан және
экономикалық салалардан көліктік қызмет ету саласына дейін біраз өзгерістер
енді.
Тұтынушы жағынан қарағанда көліктік сервис жүктің келіскен мерзімде,
келіскен жеріне аз шығынмен жеткізуін қамтамасыз ету керек. Сондықтан
көліктік қызметтердің пайдаланатындар және тасымалдау әдістерін ең тиімді
логистикалық сервисті қамтамасыз ететін көліктің түрлерін таңдайды.
Тасымалдауды фирмада басқару бірнеше негізгі сатылардан тұрады;
· тасымалдау әдісін таңдау;
· көлік түрін таңдау;
· тасымалдау түрін және логистикалық партнерларды тасымалдаудың
тиімді;
· параметрларын таңдау;
Келесі көлік түрлері; т.ж. ішкі су көліктері (өзендік.авто, әуе, құбыр таңдауға
болады.

5.

Көліктің әр түрі логистика менеджмент көз қарастарынан нақты
ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Салыстырмалы
логистикалық әртүрлі көлік түрлерінің мінездемелері олардың көлік түрін
таңдаған кезде білу керек.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Көліктік логистика міндеттері. Жалпы сипаттама.
Тасымалдау логистикасының мiндеттерiне мыналар жатады:
- көлiк жүйесiн құру, соның iшiнде көлiк коридорларын және көлiк
тiзбектерiн құру (Көлiктік дәліз - бұл ұлттық немесе халықаралық көлiк
жүйесiнiң бiр бөлiгi, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк
тасымалдарын қамтамасыз етедi. Оған кiретiндер: қозғалмалы көлiк құралдары
және осы бағытта жұмыс iстейтiн барлық көлiк түрлерi мен стационарлық
құрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргiзудiң барлық құқықтық
шарттарының жиынтығы. Көлiк тiзбегi - көлiктiң бiр немесе бiрнеше түрiн
қолдана отырып, белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi жүктi белгiлi бiр қашықтыққа
тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгерiссiз қалады мысалы,
жүк пакетi немесе контейнер);
- тасымалдау-қоймалау үрдiсiнiң технологиялық бiрлiгiн қамтамасыз ету;
- тасымалдау үрдiсiн қоймалау және өндiрiстiктi бiрiгiп жоспарлау;
- көлiк құралының түрiн таңдау;
- көлiк құралының типiн таңдау;
- жеткiзудiң тиiмдi маршрутын анықтау және т.б.
Кәсіпорындардың логистикалық кірігуінің мәні олардың қызметтерін
біріктіруде. Бұндай біріктірудің үлгісі үлкен әр түрлілікпен ерекшеленеді және
әрбірнақты шаруашылық ахуалда кәсіпорындарының мақсаттарына,
қаржыларына, техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
2.2. Өндірістік логистика түсінігі.
Материалды ағым, өзінің бастапқы
шикізат көзінен соңғы тұтынушыға
дейінгіжолында бір қатар өндірістік
звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы
материалды ағымды басқарудың
өзіндік ерекшелігі болады және
ол өндірістік логистика деген атқа ие болады.

6.

Өндірістік логистиканың мақсаты материалды игіліктерді құрайтын
немесе сақтау,
орау,
өлшеу, салу
және т.б. осындай материалды
қызметтер көрсететін кәсіпорындар
ішінде материалды ағымдарды
оңтайландыру болып табылады. Өндірістік логистикадағы зерттеу объектілерінің
сипаты – олардың территориалды
жинақтылығы. Әдебиеттерде оларды
кейде «логистиканың аралды объектілері» деп те атайды.
Өндірістік логистика шеңберінде
логистикалық үрдіс қатысушыларын
өндірісшілік қатынастар байланыстырады
(макродеңгейдегі логистикалық үрдістің қатысушылары тауар-ақша қатынастарым
ен байланысты)
Өндірістік логистика қарастыратын логистикалық жүйелер өндірісшілік
логистикалық жүйелер деп аталады.
Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын,
қоймалары бар көтерме кәсіпорындарды, тізбекті жүк станцияларын, тізбекті теңіз
порттарын және т.б. жатқызуға болады. Өндірісшілік логистикалық жүйелерді
макро және микродеңгейлерде қарастыруға болады.
Макродеңгейде өндірісшілік логистикалық
жүйелер макрологистикалық жүйелердің
элементтері ретінде болады.
Олар
осы жүйелердің жұмыс қарқынын
белгілейді,
материалды ағымдардың
көзі болып табылады.
Макрологистикалық
жүйелердің қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігі, оларға кіретін
өндірісшілік логистикалық жүйелердің шығушы материалды ағымның сандық
және сапалық құрамын тез өзгерте алу қабілеттілігімен анықталады (яғни
шығаратын өнімнің ассортименті мен сапасы).
Микродеңгейдегі өндірісшілік логистикалық
жүйелер белгілі бір бірлікті,
тұтастықты құрайтын,
бір-бірімен
тығыз байланысқан бірқатар элементтер
болып табылады. Бұл элементтер: сатып алу, қоймалар, қорлар, өндіріске
қызмет көрсету, көлік,
ақпарат,
өткізу және кадрлар материалды
ағымдардың жүйеге кіруін,
оның
ішінде жылжуын және жүйеден
шығуын қамтамасыз етеді. Логистика
концепциясына сәйкес,
өндірісшілік
логистикалық жүйелерді құру
кәсіпорын ішіндегі жабдықтау,
өндірістік және өткізу звеноларының
жоспарлары мен әрекеттерінің
тұрақты түрде үйлесу және
өзара дұрыстау мүмкіндіктерін
қамтамасыз етуі
қажет.

7.

Өндірсті ұйымдастырудың логистикалық
жағдайлар жатады:
концепциясына келесі негізгі
артық қорлардан бас тарту;
негізгі және тасымалдау-қоймалау операцияларын орындауға қажет
уақыттың көбеюінен бас тарту;
· сатып алушылар тапсырыс бермеген бөлшектер сериясын шығарудан бас
тарту;
· құрал-жабдықтардың тұрып қалуларын жою;
· ақауды міндетті түрде жою;
· тиімсіз өндірісшілік тасымалдауларды жою;
· жабдықтаушыларды қарсы тараптан игі ниетті әріптеске айналдыру.
Логистикалыққа қарағанда өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы
мыналарды ұйғарады:
·
·
негізгі құралды ешқашан тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғарғы
коэффициентін ұстап отыру;
· өнімді ірі партиялармен шығару;
· «кездейсоқ жағдайларға» материалды ресурстардың максималды көп көлемі
болуы тиіс.
Концептуалды жағдайлардың болуы
өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі
концепциясының «сатушы рыногы»
жағдайында тиімді екенін көрсетеді,
ал логистикалық концепция – «сатып алушы рыногы» жағдайы үшін.
·
Сұраныс ұсыныстан жоғары болған
кезде, рынок конъюнктурасын ескере
отырып шығарылған өнім партиясы
толығымен өткізіледі деп сенімді
түред айтуға болады.
Сондықтан
да құрал-жабдықтарды максималды
жүктеу мақсаты артықшылыққа
ие болады.
Дайындалған партия
неғұрлым ірірек болса, өнім бірлігінің өзіндік құны соғұрлым төменірек болады.
Өткізу мәселесі бірінші орында тұрмайды.
Рынокқа сатып алушы «диктаты»
келген кезде бастап жағдай
өзгереді.
Бәсекелестік жағдайындағы
өндірілген өнімді өткізу мәселесі
бірінші орынға шығады.
Рыноктық
сұраныстың тұрақсыздығы және
бложамданбайтындығы үлкен қорларды
құруды тиімсіз етеді. Сонымен
қатар өндірісші бірде-бір тапсырысты
жіберуге құқығы жоқ. Осыдан
пайда болған сұранысқа өндірістің
тез жауап беруіне қабілетті
икемді өндірістік қуаттарға қажеттілік туады.

8.

Рынок жағдайындағы өндіріс тек
шығарылатын өнімнің ассортиментін
және санын тез өзгертуге қабілетті
болған кезде ғана жандана
алады.
70ші жылдарға дейін бүкіл әлем бұл мәселені қоймадағы дайын өнім қорларының
есебінен шешіп отырды. Бүгінгі күні логистика сұраныс өзгерістеріне өндірістік
қуаттар қорының есебінен бейімделуге мүмкіндік береді.
Өндірістік қуат қоры өндірістік
жүйелердің сандық және сапалық
икемділігі болған кезде пайда
болады.
Сапалық икемділік әмбебап
қызмет көрсетуші персонал мен
икемді өндірістің есебінен қамтамасыз
етіледі. Сандық икемділік түрлі әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мысалы,
Жапонияның кейбір
кәспорындарындағы негізгі персонал
бүкіл жұмышылардың шамамен 20%
құрайды. Қалған
80%уақытша жұмысшылар.
Сонымен, персонал саны
200
адамды
құрған кезде кәсіпорын тапсырысты
орындау үшін кез келген уақытта
1000ға жуық адамды қоя алады. Жұмыс күші резерві еңбек құралдарының резервіне
сәйкес толықтырылып отыруы тиіс.
2.3. Көліктік логистикадағы жалпы түсініктер. Шаруашылық қызмет
ретiнде логистика келесi анықтамада ұсынылған:
• логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға
дайын өнiмдi жеткiзгенi үшiн ақша алу мезетiне дейiнгi шаруашылық
айналымдағы шикiзаттың, бөлшектердiң және дайын өнiмдердiң қозғалысын
және сақталуын басқару үрдiсi.
Логистика түсiнiгiн осылай пайымдау көбiнесе шетел әдебиетiнде
кездеседi.
• Материалды ағымдарды басқарудың негiзгi объектiсi ретiнде бөлiп
қарастыру экономикалық үрдiстердi жеңiлдетедi. Бiрақ мұндай жеңiлдiк
жүктердiң қозғалысын, шикiзаттың бiрiншi көзiнен бастап барлық аралық
үрдiстер арқылы соңғы тұтынушыға жеткенге дейiн iштей бақылаудың
мақсаттарын қоюға және оны шешуге мүмкiндiк бередi. Бiрқатар факторлардан
абстракциялау және зерттеу мен басқарудың негiзгi объектiсi ретiнде
материалды ағымдарды бөлiп қарастыру үлгiлеу есептерiнiң шамаларын
қысқарта отырып, iшкi логистикалық тiзбектердi жобалауға, олардың жүру
тәртiбiн зерттеуге және болжамдауға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ экономикалық
үрдiстердi ресми зерттеуге жаңа мүмкiндiктер ашады.
• Транспорт – адамдар мен жүктердi таситын материалды өндiрiс саласы.
Қоғамдық өндiрiс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндiру
сферасына жатады.

9.

Транспорт екi элементтен – жаппай пайдаланылатын көлiктен және жаппай
пайдаланылмайтын көлiктен тұратын жүйе болып табылады.
• Жаппай пайдаланылатын көлiк – жүк және адамдарды тасымалдауда
халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттiлiктерiн
қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау
айналыс сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетедi. Оны, әдетте,
магистралды деп те атайды (магистралü – белгiлi бiр жүйедегi негiзгi басты
линия, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесiнде). Жаппай тасымалдау түсiнiгi
темiр жол көлiгiн, су көлiгiн (теңiз және өзен), автомобилü, әуе көлiгiн және
құбыр көлiгiн қамтиды.
• Жаппай пайдаланылмайтын көлiк - өндiрiсiшiлiк көлiк, сондай-ақ
тасымалдау емес кәсiпорындарына жататын көлiк құралдарының барлық
түрлерi және белгiлi бiр өндiрiстiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Көлiк өндiрiстiк және сауда үдерiстерiне үйлесiмдi түрде енедi. Сондықтан
да көлiк құраушысы логистиканың көптеген мәселелерiн шешуге қатысады.
Сонымен қатар логистиканың өз бетiнше қызмет ететiн тасымалдау саласы да
бар, ондағы қатысушылар арасындағы көп аспектiлi үйлесiмдiлiк материалды
ағым қозғалысының өндiрiстiк-қойма учаскiлерi-мен тiкелей байланыссыз
қарастырылады.
• Көлiктік дәліз - бұл ұлттық немесе халықаралық көлiк жүйесiнiң бiр
бөлiгi, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын
қамтамасыз етедi. Оған кiретiндер: қозғалмалы көлiк құралдары және осы
бағытта жұмыс iстейтiн барлық көлiк түрлерi мен стационарлық құрылғылары,
сондай-ақ осы тасымалды жүргiзудiң барлық құқықтық шарттарының
жиынтығы.
Көлiк тiзбегi - көлiктiң бiр немесе бiрнеше түрiн қолдана отырып, белгiлi
бiр уақыт мерзiмiндегi жүктi белгiлi бiр қашықтыққа тасымалдау сатылары.
Барлық осы уақытта жүктер өзгерiссiз қалады мысалы, жүк пакетi немесе
контейнер.
2.4. Көліктік логистикадағы өндірістік түсініктер.
Тасымалдау
кешенiндегi техникалық
үйлесiмдiлiк көлiк
құралдар
параметрлерiнiң жекелеген түрлерi iшiнде, сондай-ақ түраралық қиылыста
үйлесуiн бiлдiредi. Бұл үйлесiмдiлiк ауыспалы тасымалдарды қолдануға,
контейнерлер мен, жүк пакеттерiмен жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызады.

10.

Технологиялық үйлесiмдiлiк тасымалдаудың бiрыңғай технологиясын,
тiкелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Экономикалық үйлесiмдiлiк – бұл рынок конъюнктурасын зерттеудiң және
тарифтiк жүйенi құрудың жалпы әдiстемесi.
Бiрлесiп жоспарлау графиктiң бiрыңғай жоспарларын жасап, оны
қолдануды бiлдiредi.
Координация – Бұл тиісті ұйымдар мен көлік звеноларының тасымалдау
жұмыстарындағы бірлік пен тиімділікке жету мақсатындағы әрекеттер келісімі.
Тасымалдау көлемінің өсуімен, барлық көлік түрлерінің техникасы мен
технологиясының
күрделенуіне
байланысты
олардың
әрекеттерінің
үйлесімділігі кең мағынаға ие болуда. Жүктерді уақытында жеткізу мерзімінің
бұзылуы және көлік құралдарын пайдаланудың төмендеуі тасымалдауды
орындау барысындағы белгілі бір көлік звеноларының келіспей қалуына
байланысты болып отыр. Осыған байланысты көліктегі үйлесімділік әрекеттерін
ұдайы жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Көлік түрлерінің үйлесімділігі
ұйымдастыру және құқықтық облыстарында жүзеге асады. Ұйымдастыру
облысы немесе дәлірек айтсақ, басқару облысындағы үйлесімділік жекелеген
көлік түрлерінің ұйымдастыру түрлілігі мен әр түрлі ұйымдар мен
кәсіпорындарға қарайтындықтан,осыған байланысты туындаған кемшіліктерді
жоюды мақсат тұтады.
Өндірістік үрдіспен байланысты шығындарды төмендетуде қолданылатын
түсініктер:
· қорларды оңтайландыру – логистиканың негізгі мәселелерінің бірі.
Қорларды ұстау қаржы құралдарын тартуды, материалды-техникалық
базаның, еңбек ресурстарының көп бөлігін қолдануды талап етеді. «Канбан»
жүйесін қолданатын бірқатар Батыс Европа елдерінің фирмаларын талдау
көрсеткендей, логистиканы қолдану өндірістік қорларды 50 пайызға
азайтуға мүмкіндік береді.
· қосымша жұмысшылар санын қысқарту. Жүйелілік деңгейі неғұрлым аз
болса, еңбек үрдісі соғұрлым анықсыз және көп жұмыс көлемін орындау
үшін қосымша персоналға қажеттілік соғұрлым жоғары.
· материал жоғалтуларының төмендеуі. Кез келген логистикалық
операция- бұл потенциалды жоғалтулар. Логистикалық операцияларды
оңтайландыру – бұл жоғалтулардың қысқаруы.
· өндірістік және қойма орындарын пайдалануды жақсарту. Ағымды
үрдістердің анықсыздығы қосымша орындарды резервтеуге мәжбүр етеді.

11.

Соның ішінде саудалық көтерме базаларын жобалауда ағымды үрдістердің
анықсыздығы қойма орындарын 30 пайызға көбейтуге мәжбүр етеді.
зақымдану деңгейін төмендету. Логистикалық тәсілге еңбек қауіпсіздігі
жүйесі де жатады.
3. Қорытынды.
Өндірісте көліктің ерекше маңызды рөлге ие. Шаруашылықаралық және
сыртқы экономикалық байланыстардың сапасы, тиімділігі және дамуы соның
жұмысына байланысты болады. Шаруашылық етудің қазіргі заманғы
жағдайларында көлікпен қамтамасыз етуге күн сайын жаңа талаптар қойылуда.
Өнімді қатаң белгіленген мерзімде және жоғалтпай, зиян келтірмей және
төменгі шығындармен тауарды зақымдамай өндіріс орнынан тұтыну орнына
дейін жеткізудің ырғақтылығы, реттілігі, үздіксіздігі, сенімділігі, жоғарғы
жылдамдығы көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының маңызды
талаптары болыпм табылады. Көлік индустриясы пайдаланушы тараптарынан
оған қойылатын таоаптарға сай болуға ұмтылуда. Бұл өнімді өндіру, өткізу және
бөлу салаларымен алдыңғы қатарлы көліктік-технологиялық жүйелерді
дамытумен және аралас тасымалдаулары тиімді қолданумен; информатика және
есептеу техникасы салаларындағы ғылыми жетістіктерді көліктік қамтамасыз
етуге ендіру, сондай-ақ, көліктік қатынас кезінде туындайтын әр түрлі
ресмиелендіруді реттеу, жеңілдету және үйлестіру туралы нормативтік актілер
мен құжаттарды жасау жөніндегі халықарлық және мамандандырылған
ұйымдардың белсенді жұмысымен байланысты алғандағы көлікті басқару
туралу ғылым ретінде логистикалық тұжырымдамаларын жасаудан және
оларды іс іс жүзінде қолданудан көрінеді.
Бүгінгі логистикалық бизнестің ерекшелігі жүк әкелуші жүйе тауар
әкелуші жүенің негізі болып жатқандығында және олардың біріңғай
технологиялық режимінде қызмет етуінде.Тауар қозғалысын ұйымдастырудың
логистикалық әдісін қолдану мүмкіндігінің негізгі алғышарты болып тауар
қозғалысы
қатысушыларының
ұйымдастырушылықэкономикалық
біртұтастығы есептеледі. Өндіріс, көтерме және бөлшек сауда, көлік өз
қызметтерін үйлестіруді және бірге жоспарлауды бастауда. Тарихи қалыптасқан
технологиялық үдерістер тура материалдық ағынды оңтайлы ұйымдастырудың
талаптарына сәйкес түзіледі. Қотысушылар қолданылатын техниканың

12.

өлшемдері туралы келіседі, тасмалдау тәртібі келіседі, қорларды бөледі,
қосымша алынған табыстарды бөлудің тәртібін белгілейді.
4.Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Смехов А.А.Логистикаға кіріспе.-М.Транспорт, 1993.
2.Гордон М.Л., Тишкин Е.М., Узков Н.С. Отандық және шетелдік сатып
алушыларға тауарды үнемді жеткізуді қалай жүзеге асыруға болады.М.:Транспорт,1993.
3.Смехов А.А.Көлік логистикасының негіздері.-М.:Транспорт,1995.
4.Зайцев И.И. Барлығы жүк тасымалы үшін. СПб:Заң және бизнес, 1998.
5. Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь
поставок / Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес", 2001.
6. Николаев Д.С. и др. Внешнеторговые транспортные операции и логистика:
Учебное пособие - М.: Анкил, 1998.
7. Гаджинский А.М. Логистика. Учебник. – М.: ИВЦ Маркетинг, 2001.
English     Русский Правила