43.46K
Категория: МенеджментМенеджмент

Логистиканың өндіріс үрдісі

1.

Логистиканың өндіріс үрдісі
Жоспар:
1 Материалдық ағымдардың өндірістегі мақсаты және ұйымдастырудың
жолдары.
2 Материалдық ағымдарды ұйымдастыру және басқарудың талаптары.
3 Өндірістің үрдісті ұйымдастыру заңдары және материалдық ағымның
кеңістіктегі және уақыт мөлшеріндегі тиемдендіру мүмкіндіктерін
ұйымдастыру.
4 Материалдық ағымдардың ағымнан тыс өндірістегі тиімділікті
ұйымдастыру
5 Уақыттағы өндірістік үрдісті ұйымдастыруды тиемдендіру.
Логистикада материалды ағын түсінігі басты болып келеді. Материалды
ағындар шикізатпен, дайын өніммен тасымалдау, қомалау және басқа
материалды операцияларды орындау нәтижесінде пайда болады. Материалды
ағындар әр түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір ғана кәсіпорын ішінде
өтуі мүмкін.
Материалды ағындар – бұл әр түрлі логистикалық операциялар жасау
үрдісіндегі уақытша интервалында қарастырылатын тауарлы-материалды
құндылықтар қосындысы. Материалды ағын осы уақыт моментінде
материалды қорға ауысады. Материалды ағын өлшемі бөлшектер, оның
алымындажүктің өлшем бірлігі көрсетілген (дара, тонна және т.б.), ал
бөлгішінде –уақыттың өлшем бірлігі(тәуілік, ай, жыл және т.б.). Көліктік,
өндірістік, қоймалық буындары арқылы жүктердің, бөлшектердің, тауарлыматериалды құндылықтардың жүру жолдарындағы барлық операциялардың
белгіленуі келесіге рұқсат береді: - соңғы тұтынушыға өзгеретін өнімнің
жалпы жүру үрдісін көруге; - нарық қажеттіліктерін ескере отырып осы
үрдісті жобалау. Кейбір логистикалық операциялар жүзеге асқанда
материалды ағынды берілген уақыт моменті үшін қарастыруға болады. Сонда
ол материалды қорға өседі. Мысалы, теміржол көлігімен жүк тасымалдау
операциясы. Жүк жолда болғанда, ол материалды қор деп есептеледі, яғни
«жолдағы қор» деп аталады. Жүктер мен логистикалық операциялардың
үлкен әр түрлілігі материалды ағындарды оқу мен басқаруды қиындатады.
Нақты бір есепті шешу үшін қандай ағындар зерттелетінің белгілеу қажет.

2.

Кейбір есептерді шығарғанда зерттеу объектісі ретінде операциялардың
ұлкен тобының қосымша үрдісінде қарастырылатын жүк бола алады.
Мысалы, қоймалардың санын және орналасуын анықтау және үлестіруші
желіні жобалау кезінде. Басқа есептерді шығарғанда — мысалы, қойма
ішіндегі логисткалық үрдісті ұйымдастыру кезінде – әрбір операция толық
зерттеледі. Материалды ағындарды келесі негізгі көрсеткіштер бойынша
бөледі: - логистикалық жүйеге қатынасы; - ағынның табиғи-заттық құрамы; ағынды құрайтын жүк саны; - ағынды құрайтын жүктің үлес салмағы; жүктердің бірлесу дәрежесі; - жүктердің консистенциясы.
English     Русский Правила