30.25M
Категория: МедицинаМедицина

Гормондар. Фитогормондар

1.

Гормондар.
Фитогормондар

2.

Бездер
Бездер дегеніміз безді эпителий
жасушаларынан тұратын мүшелер. Бұл
жасушаларда қандай да белгілі бір заттар
секреттеледі. Бездердің ішінде түзілетін
заттарды секреция, ал бөлінетін заттарды
“секрет” деп атайды.

3.

01
Сыртқы секреция бездері
Безді эпителий жасушаларынан түзілген
секреттердің қайда бөлінуіне
байланысты бездерді үш топқа бөледі.
Сыртқы секреция бездері
(экзокринді) дегеніміз жасушаларында түзілген сұйықтық
арнайы өзекшелер арқылы құс
мүшелерге немесе сыртқа шығарылады.
Сыртқа бөліп шығарушы мүшелерге
бауыр, сүт, тер, сілекей, май бездері
мен қарын және ішек бездері
(асқорыту) жатады.

4.

Сыртқы секреция бездерінің белгілері:
1. бөліп шығарушы өзегі болады;
2. секреттері мүшелерге немесе дененің сыртына бөлінеді (қанға емес);
3. секреттері көп түзіліп, бөлінеді (грамм, милиграмм). Олар мүшелердің жұмысына
өзгеріс келтірмейді. Сондықтан оларды сөлдер деп атайды, мысалы, асқорыту сөлі.

5.

Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездерінің (эндокринді)
сөл бөліп шығарушы өзегі болмайды, сондықтан ол
тікелей қанға бөлінеді. Оларға гипофиз, эпифиз,
қалқанша безі, қалқанша-маңы бездері, айырша без
және бүйрекүсті бездері жатады

6.

Ішкі секреция бездерінің белгілері:
1. сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды;
2. сөлі тікелей қанға бөлінеді;
3. оның сөлін гормондар деп атайды. Олар өте аз мөлшерде бөлінеді, бірден бірнеше
мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.

7.

Аралас секреция бездері
Аралас секреция бездері - бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге
сөл бөледі. Ағзада екі аралас секреция бездері болады. Олар ұйқы
безі мен жыныс бездері. Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері;
ерлерде: аталық бездер.

8.

Жыныс бездері
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер
адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқа жасушасы
түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі.
Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген
жыныс гормондары тікелей қанға бөлінеді.

9.

Гормондар және гуморальды
реттелу
Гормондар ішкі секреция
бездері бөліп шығаратын, ағза мүшелерінің
қызметін өзгерте алатын биологиялық
белсенді заттар. Ағза қызметінің гормондар
және де басқа заттар арқылы реттелуі қан
арқылы жүзеге асады. Реттелудің бұл түрі
гуморальды деп аталады.

10.

Гормондар
Гормондар - ағзаның және жасушалар тобының
қызметін өзгертетін, бір мезгілде бірнеше үдеріске
әсер ететін арнайы заттар.
Мысалы, көңіл күй гормоны - адреналин. Ол жүйке
жүйесінің симпатикалық бөлімі сияқты жүректің
соғу жиілігін арттырады, қан қысымын көтеріп,
жүректің капиллярларын кеңейтеді, терінің және
асқорыту мүшелер жүйесінің капиллярларын
тарылтады, энергия көзі болып табылатын қанның
құрамындағы глюкоза мөлшерін арттырады және
т.б.

11.

Гипер,гипо функция
Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе
гиперфункция, мөлшерінен аз бөлінсе
гипофункция деп атайды. Гормондардың
мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де
қауіпті. Кез келген бездің гипер және
гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.

12.

Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездеріне:
гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы
бездері, айырша без, бүйрекүсті бездері
және т.б. бездер жатады.

13.

Гипофиз
Гипофиз - негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың
астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65 г-ға
жетеді.
Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы
безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін
басқарады.

14.

Бүйрек
Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа
мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық
еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады.
Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса,
адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал
артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық
ауруына шалдығады.
Адамның сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі.
Акромегалия - ересек адамдарда өсу гормонының көп
бөлінуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның
саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.

15.

Қалқанша без
Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны
қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де
ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып
отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл - қалқанша
безінің ісінуі.

16.

Қалқанша без
Жас балаларда йодтың жетіспеуінен “кретинизм” ауруы пайда
болады.
Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Оның
қызметіне байланысты ағзада қоректік заттар қорға жиналады
(ағзаға қажетті нәруыздар, майлар түзіледі) немесе ыдырап
энергия түзіледі.
Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, қоректік
заттардың
барлығы қорға жиналады. Соның салдарынан “микседема”
ауруы пайда болады. Адам семіреді. Оның дене температурасы
35°С болып, үнемі тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы
келе береді.

17.

Қалқанша без
Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте көп бөлігі
энергияға жұмсалады. Содан “Базедов (бадырақ көз)” ауруы пайда болады.
Белгілері:Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі жиі соғып,
тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37-38°С болады, ұйқысы қашады,
арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы ағзаға сіңбейді. Көздің
бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бақырайып кетеді. Мұндай адамдардың жүрегі
және басқа да мүшелері тез ауруға шалдығады.

18.

Қалқаншамаңы безі
Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша бездің бір
бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде олардың қалқанша
безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер “паратгормон” бөледі. Бездердің
саны төртеу, олардың екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі
жағына орналасқан. Қалқанша безге жақын орналасқанымен құрылысы мен
қызметі мүлдем өзгеше.

19.

Қалқаншамаңы безі
Қалқаншамаңы бездерінің қызметі:
бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен
кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға өтеді.
Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып
тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері
артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық
еттер түйіліп қалады. Тістер өте сыңғыш болып, оларда бор түстес дақтар
пайда болады.
Паратгормон шамадан артық бөлінгенде сүйекте кальций
мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сыңғыш болады, қан тамырларда,
бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Қалқаншамаңы
бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен
фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

20.

Айырша без
Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің
жоғарғы ұшын жауып орналасқан без. Адамның балалық
шағында ірі (30 г) болады. Жыныстық жетілуден кейін
кішірейеді (20 г). Бұл без тимозин гормонын бөледі. Ол
ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып
саналады. Тимозин гормоны жетіспесе ағзаның
иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері
кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып,
антидене түзілмейді.

21.

Бүйрекүсті безі
Бүйрекүсті бездері - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп
эндокринді бездер. Олар екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және
ішкі ми қабаты.
Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды кортикоидтар деп атайды.
Олар әсері әртүрлі екі гормон бөледі. Минералокортикоидтар ағзада
минералды заттардың: тұздар мен су мөлшерін реттейді.
Глюкокортикоидтар тағамның құрамындағы нәруыздардың
көмірсуларға айналуын қамтамасыз етеді. Сондықтан адам құрамында
тек нәруыз бар тағам жегенде де қанның құрамындағы көмірсудың
мөлшері азаймайды.

22.

Адреналин
Күйзелісті жағдайда адреналиннің бөлінуі артады. Ол қанда
қант мөлшерін арттырып, жүректің жиырылу ырғағын
жиілетеді және бұлшық еттердің жұмыс істеу қабілетін
күшейтеді. Көру өткірлігін арттыру үшін көз қарашығын
үлкейтеді. Бауыр ағзаны мол энергиямен қамтамасыз ету
үшін қордағы глюкозаны бөледі. Жарақат алған кезде қан
тамырларды тарылтып, қанның ұю жылдамдығын тездетеді.
Дәрігерлер кейде жүрегі тоқтап қалған адамның жүрегіне
қайта соғуы үшін адреналин егеді.

23.

Норадреналин
Басқа күтпеген ауыр жағдайда бүйрекүсті бездері
норадреналин бөледі. Бұл гормондар барлық
омыртқалыларда негізінен жылықандыларда секреттеледі.
Ұйқы безінің қызметін гипофиз безінің гормондары басқара
алмайды. Ол гипофиз қызметіне тәуелсіз. Оның гормондары
қанның құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты
бөлінеді. Егер гормон көп бөлінсе, ағза өздігінен уланады. Ал
шектен тыс аз мөлшерде бөлінетін болса, ағзада энергия
жетіспеушілік байқалады. Осыған байланысты ең алдымен
мидың, содан соң ағзаның басқа да мүшелерінің қызметі
бұзылады.

24.

Ұйқыбезі
Біз тәтті тамақты көп жесек немесе бірнеше күн аш жүрсек
те қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты 0,1-0,12% болады. Оған ұйқы безінің гормондары жауапты.
Тәтті тамақ жегенде инсулин гормоны бөлінеді. Ол қанның
құрамындағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда қорға
жиналатын, ерімейтін гликогенге айналдырып, қанттың
мөлшерін төмендетеді.
Біз үнемі қант жемейміз. Сондықтан ағза қанның
құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты етіп сақтайтын
глюкагон гормонын түзеді. Ол бұлшық ет пен бауырдағы
гликогенді глюкозаға айналдырады. Сонымен, инсулин мен
глюкагонның қызметі бір-біріне керісінше болады.

25.

Қант диабеті
Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада қант диабеті ауруы пайда
болады. Қандағы глюкоза мөлшерінің шектен тыс көп болуынан ағза
уланады. Қант диабетімен ауыратын адамдарға инсулин егеді және
тағам рационынан көмірсу мөлшерін азайту керек.

26.

Жыныс бездері:
Адам ағзасында жыныс бездері жыныстық жетілуінен кейін ғана жыныс
гормондарын бөле бастайды. Осы гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің
жетілуін қамтамасыз етеді. Ерлердің жыныс гормондары (тестостерон және т.б.)
сақал-мұрттың өсуі, бұлшық ет пен қаңқаның дамуы, дене пішінінің өзгеруі,
дауыстың жуандауы және т.б. жүзеге асырады.
Әйелдердің жыныс гормондары (эстрадиол, прогестерон және т.б.) дене пішінін, сүт
бездерін, тері астында майлардың жиналуын, дауыстың жінішкеруін және т.б.
белгілерді қалыптастырады.

27.

Фитогормондар
Фитогормондар - арнайы өсімдік ұлпасында
(жасушасында) синтезделетін және өсімдік
ағзасына микроскопиялық концентрацияда әсер
ететін биологиялық белсенді заттар.
Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы,
олар жүйке жүйесі арқылы басқарылатын
белсенді қозғалыс жасамайды. Өсімдіктердің
барлық түрлерінің қозғалысы - олардың
жасушаларының белгілі бір бағытта өсуі. Демек,
өсімдік ағзасын басқаратын механизм ретінде
өсімдік жасушаларының өсуіне әсер ететін және
өсімдіктердің тіршілік жағдайын өзгертетін
заттар ғана қолданылады.

28.

Фитогормондар әсерінің
типтері
Барлық фитогормондарды
ағза тіршілігін стимулдайтын және ингибирлейтін (ағзаны қысқы ұйқыға
әкелетін) деп үлкен 2 топқа бөлуге болады. Жалпы фитогормондардың
негізгі 5 тобының үшеуі стимулдайтын, екеуі ингибирлейтін (тежейтін
немесе тоқтататын) типі бөліп керсетіледі.

29.

Фитогормондар:

30.

Фитогормондар
Өсіргіш заттар өсімдіктерді өсіру үшін қажет екені анық, бірақ олардың
әрекеті өсу өзгерістерін "Іске қосу" ма немесе әзірге белгісіз жағдайларды
іске қосатын процестерді "интеграциялау" ма, бұл әлі анықталмаған. Өсу
процесі үш кезеңнен - жасушалардың бөлінуінен, олардың созылуынан
және олардың арнайылануынан құралады және бұл кезеңдер
өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде, әртүрлі жүреді. Өсіргіш заттардың
өсімдік организміне әртүрлі әәсер ету және әртүрлі таралуы осыған
байланысты. Өсіргіш заттардың негізгі бес түрін ажыратады: ауксиндер,
гиббереллиндер, цитокининдер, абсциз қышқылы және этилен (этен).

31.

Фитогормондар:
Жалпы, цитокининдер жасушаның
бөлінуімен, ауксиндер мен гиббереллиндер - жасуша өлшемінің үлкеюімен, өзгеруімен,
абсциз қышқылы - тыныштық кезеңдерімен (мысалы, буйір өскіндерінде), ал этилен
қартаюымен байланысты деп
айтуға болады.

32.

Ауксиннің ашылуы
Ауксиндер Чарльз Дарвин және оның ұлы Френсистің тәжірибелерінде басталған
фототропизмді зерттеу нәтижесінде ашылды.

33.

Сабақ түсінікті болды ма?
Сұрақтарыңыз бар ма?
English     Русский Правила