Эндокриндік жүйенің қызметі:
Гормондардың қасиеті:
2.08M
Категория: МедицинаМедицина

Эндокринді жүйе. Ішкі секреция бездерінің құрылымы

1.

Эндокринді жүйе. Ішкі
секреция бездерінің
құрылымы.

2.

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде
маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу
дегеніміз —
қанның құрамындағы гормондар және минералдық
заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі.
Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді
заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған
заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар
қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер
жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек
бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без,
қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

3. Эндокриндік жүйенің қызметі:

Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық
мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз
етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне
қатысады.

4.

Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп
шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін
биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге
әсер етеді.

5.

6. Гормондардың қасиеті:

Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі жасушаларға әсер ету.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі
секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы.
Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция
бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз
гормондарының барлығы химиялық құрамы
бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш
бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

14.

15.

Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына
орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара
байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без
қанның құрамындағы йодты сіңіріп,
жинақтайды. Йод бұл без гормондарының
құрамына енеді. Қалқанша
бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп
аталады. Сонымен
қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3).
Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу
(нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің
қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат
алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына,
қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер
етеді.

16.

17.

18.

19.

20.

Базедов ауруы (Грейвс ауруы; уытты диффузды
алқым ісігі) (Graves disease; toxic diffuse goiter,
exophthalmic goiter) - алқым ісігі мен экзофталь
мен (бадырақ көз ауруы) қатар жүретін
гипертиреоздың жиі кезедестін түрі (тиреоидты
гормонныңшамадан тыс бөлінуі).

21.

22.

Ертеде бір жолаушы Оңтүстіқ Американың теңізден қащық бір ауданында
тау мұзын ауыз суға пайдаланатын халықтар мен ондағы хайуандардың
алқым бездері (зоб) жаппай зақымданғанын, бұзау, құлын, тіпті қаз,
үйрек, күрке тауық секілді құстардың да алқым безі (зоб) ауруымен
ауыратынын байқаған. Кейін мұның жайын тексере келгенде әлгі жердің
суы мен топырағында, жем-шөбінде, тағы басқа азық-түліктік
өсімдіктерде йод қосындылары табиғатынан өте кем екендігі анықталды.
Йод адам организмінде 25 мг шамасында кездеседі. Ол микроэлементтер
тобына жатады. Микроэлементтердің мөлшері организмде де болады.
Сөйтсе де олар тіршілік үшін маңызы күшті органдардың қызметін дұрыс
атқаруы үшін өте керек. Айталық, темір — қанның қызыл түйіршіктері
(гемоглабин), ал кобальт — витамин В1, цинк инсулин (ұйқы безінің
гормоны) құрамына кіреді. Әрбір адамның организмі — дұрыс қызмет
атқаруы үшін тамақпен, сумен қоса тәулігіне 200 мг йод алуға тиіс.
Табиғаттық ортада йод аз болса, адам мен хайуанаттар организмінің
мұктажы өтелмейді. Мұның салдары халықты және хайуанаттарды
жаппай жемсау ауруына ұшыратады. Алқым безінің (щитовидная железа)
үлкеюі аурудың көзге түсерлік сыртқы белгісі болады.

23.

24.

Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Сарсембаев.Қ.С
English     Русский Правила