5.41M
Категория: МедицинаМедицина

Лекция-7. Ішкі секреция бездері

1.

Ішкі секреция бездері мен гормондар. Балалардың жасқа сай
ерекшеліктері.

2.

Сабақтың жоспары:
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы
туралы жалпы түсініктеме.
Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың
қызметі.
Гипофиз және оның гормондарының бала организміне
әсері.
Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары.
Қалқанша безі мен оның гормондары.
Бүйрек үсті бездері және оның гормондары.
Тимус қызметі
Жыныс бездері және жыныстық жетілу

3.

Бездер және олардың қызметі
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік
секрециялық) және эндокриндік (ішкі секрециялық) бездер.
(сыртқы
Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек. экзо - сыртқа) бездердің өзегі
болады, өнімдері қуыс мүшелерге (ауыз қуысына сілекей бездер)
құйылады немесе дененің сыртына шығады (тері арқылы). Бұларға
сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек,
бауыр т.б. жатады.
Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады
да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық
бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус),
бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары,
жартылай жыныс бездері жатады.

4.

Эндокриндік (ішкі секрециялық) бездер

5.

Гормондар
Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон (грек.гормо – іске
қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен
бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық
қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің
қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар
бар екендігі белгілі.
Гормондардың қасиеттері:
өте белсенді, олар өте аз мөлшерде де әсер ете алады
(микрограмм, нанограмм);
әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің
гормоны оның қызметін атқара алмайды;
ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.

6.

Гипофиз
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді)
аралық мидың астыңғы жағына жіңішке
өсінді арқылы бас сүйегінің «түрік ері»
деп аталатын сүйегіне бекінеді. Пішіні
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да
салмағы
0,5-0,6
г-ға
жетеді.

7.

Гипофиздің бөлімдері
Аденогипофиз (22)
Алдыңғы бөлігі (75%)
Ортаңғы бөлігі
(1-2 % )
1. Соматотропин немесе өсу гормоны 1.Меланотропин
(СТГ);
(МТГ)
2. Тиреотропин (ТТГ);
3. Адренокортикотропин (АКТГ)
4.Гонадотропиндер
(лютейіндеуші,
лютеотроптық,
фоликулстимулдеуші
гормондар)
Нейрогипофиз
Артқы бөлігі
(18-23 %)
1. Окситоцин
2. Вазопрессин;

8.

Соматотропин немесе өсу гормоны – белоктың, май мен көмірсудың
алмасуына (қандағы глюкоза мөлшері деңгейін арттырады) әсер етеді және
ұлпалардың
өсуін
реттейді.
СТГ-ның
гиперсекрециясы
(алыптық)
СТГ-ның
гипосекрециясы
(ергежейлілік)

9.

Акромегалия
Өсу
гормоны
көбейген
жағдайда акромегалия (грек.
акрон – соңғы, ақырғы, мегас үлкен)
байқалады,
яғни
адамның бет, қол-аяқ, жақ
сүйектері күшті өсіп, ұзарады.
Бұл
гормон
шеміршек
клеткаларын өсіріп, сүйектің
өсуіне әсер етеді.

10.

Эпифиз
Эпифиз – пішіні домалақ. Ортаңғы
мидың
жоғарғы
бөліктерінің
арасында орналасқан. Жаңа туған
нәрестеде ұзындығы 3мм, ені 2,5 мм,
қалыңдығы 2мм. 8 жастан кейін
тығыздалып
қызметі
тоқтайды.
Эпифиз безінің гормондары жыныс
безінің гормондарын тежейтіндігі
анықталған. Эпифизде 3 гормон
өндіріледі:
1. Меланин – теріні түссіздендіреді;
2. Контргиопоталамус-гипофиз
гормоны гипофиздің қызметін
тежейді;
3. Гломерулокортикотропин –
бүйрек үсті безінің қызметін тежейді.

11.

Қалқанша безі
Адамның қалқанша безі сыңар мүше.
● Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің
салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7
г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек
адамдарда 35-37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3
гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин,
кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын
үдетіп,
биохимиялық
реакцияларды
тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе
орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

12.

Эндемиялы зоб
Қалқанша
безінің
гормондарының
құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің
65% йод. Сондықтан организмге йод
жетіспегенде
бездің
гипосекрециясы
байқалады. Ал пайда болған ауруды
эндемиялы зоб деп атайды (грек. эндемос –
жергілікті).
Зоб
ауруы
(тироксиннің
гипосекрециясы).
Тироксин судың алмасуын реттейді,
бүйректе судың қанға қайта сіңуіне
ықпалын тигізеді, белоктың, майдың,
көмірсудың алмасуына, қан клеткаларының
пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің
қызметіне де күшті әсері бар.

13.

Базед ауруы
Қалқанша
безінің
кальцитонин
гормоны
қанның
құрамындағы
кальцийдің
мөлшерін
азайтады.
Базед
ауруы
(кальцитониннің гиперсекрециясында
- Науқастың көзі шарасынан шыға
үлкейіп,
бадырақ
көз
болады,
қалқанша безі өседі, зат алмасуы
күшейіп
тез
жүдейді,
пульсы
шапшаңдайды, тез шаршайды, ұйқысы
бұзылады, бала жылауық, ашуланшақ
болады).

14.

Миксидема
(кальцитониннің
гипосекрециясында)шырышты ісік пайда болады. Науқас
баланың
асқа
тәбеті
болмай,
температурасы
төмендеп,
немқүрайлы,
сылбыр
болады,
психикасы бұзыл ады, еске сақтау
қабілеті төмендеп, ақылы кем болады.
Егер бала ауруға кішкентай кезінде
ұшыраса кретинизмге айналады:

15.

Кретинизм (балалардағы гипосекрециясы)
жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт өзгереді
(жүрек тахикардиясы).

16.

Қалқан серік бездері
Қалқанша безінің артқы жағында
орналасқан түйме тәрізді 4-6
безден
тұрады.
Қалқансерік
безінде
паратгормон
деп
аталатын
гормон
өндіріледі.
Паратгармон
кальцийдің
алмасуына әсер етіп, оның
қандағы
мөлшерін
реттейді.
Кальцийдің негізгі қоры сүйек
болғандықтан,
бұл
гормон
организмдегі
фосфордың
алмасуына да әсерін тигізеді.

17.

Гиперкальцемия

18.

Бүйрек үсті бездері
Оң және сол бүйректің жоғары жағында орналасқан,
салмағы 6-12 г.
● Қыртысты қабаты
10 астам кортикостеройдтар
тобына жататын гормондар түзеді.
● Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі:
адреналин және норадреналин
Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек
үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт
жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның
қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол
стрессор (ағыл. стресс - қатты күйзелу, абыржу,
қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің
қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса,
стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

19.

Айырша (тимус) безі
Тимус 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ
бөліктер) бірі-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы
байланысқан кеуде қуысында орналасқан без.
Тимус милы және қыртысты қабаттан тұрады.
Тимус безінің қызметі: тимоидин гормонын
өндіру; иммунитетке жауапты Т- лимфоциттердің
дамып
жетілетін
орны.
Тимус
безінің
организмдегі маңызы әлі де болса толық
зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы
зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі
кальций түздарын сүйектің құрамында сақтап,
оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың
бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық
жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті
бездерімен бірге С витаминінің қоры ретінде де
қызмет атқарады.

20.

Ұйқы (қарын асты) безі
Аралас бездер тобына
жатады. Сыртқы секреция
безі ретінде асқорытуда
сөл бөледі, ішкі секреция
ретінде
Лангерганс
аралшықтарынан
гормондар бөледі.
Лангерганс аралшықтарында
альфа, бета, гамма, дельта
клеткалары бар.

21.

Ұйқы (қарын асты) безінің гормондары
Лангерганс аралшықтарының альфа клеткаларында
гликоген, ал бета клеткаларында инсулин гормоны
бөлінеді. Инсулин организм үшін аса маңызды
гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Бұл
гормон адам ағзасында қанттың алмасуына жауап
береді. Қоректік затпен түскен көмірсудың күрделі
молекулалары, асқорыту түтігінде ферменттердің
әсерінен қанттың жай молекулаларына ыдырайды.

22.

Аталық жыныс бездері
Аталық
жыныс
бездері
ұмада
орналасқан,
андрогендер
тобына
жататын
(тестостерон,
андростерон)
гормондар бөледі.
• Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша
жыныс белгілерінің пайда болуына, ер
балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп
жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің,
дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына
қатысып, белоктың синтезделуін реттейді.
Аталық
жыныс
мүшесі
Аталық
жыныс безі

23.

Аналық жыныс бездері
Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып,
жатырдың бұлшық еттеріне әсер етеді, әйел
жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс
белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді,
зат алмасуына әсер етеді.
Прогестерон
сары
дененің
гормоны.
Ол
жатырдың
эндометриясына
әсер
етеді.
Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан
өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда
болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның
секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты
қоректендіруге
дайындайды,
жатырдың
жиырылуына кедергі жасайды.

24.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила