Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар:
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза
1.01M
Категория: ОбразованиеОбразование

Әкiмшiлiк жаза қолдану және әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату

1.

Тақырып: Әкiмшiлiк жаза
қолдану және әкiмшiлiк
жауаптылықтан және
әкiмшiлiк жазадан босату

2.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
үшiн жаза қолданудың жалпы
қағидалары
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
үшiн әкімшілік жаза осы
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
үшiн осы бөлiмнiң Ерекше
бөлiгiнiң бабында көзделген
шекте
осы
Кодекстiң
ережелерiне дәл сәйкестiкте
қолданылады.
Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық
бұзушылықтың сипатына,
оның
жасалу
мәнжайларына,
құқық
бұзушының жеке басына сай
келетiн болуға тиiс.

3.

Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық
үшiн:
бiр негiзгi
жаза
негiзгi және
қосымша жазалар

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар:

1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды
салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды
жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке
басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi
баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу
нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын
бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе
өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық
бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар

1) прокурордың заңды түсiндiргенiне осыған уәкiлеттi тұлғалардың оны тоқтату
талабына қарамастан құқыққа қарсы мiнез-құлықты жалғастыру;
2) ӘҚБ-ы жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде, ал ірі
кәсіпкерлік субъектілері жасаған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – үш жыл ішінде біртекті қайталап
жасаса.
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, кек алу,
басқа ӘҚБ жеңілдету үшін;
5) Жүкті әйелге, жас балаға;
6) Адамдар тобы;
7) дүлей зілзала жағдайларында, төтенше жағдайлар кезiнде жасау;
8) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде танылады.
Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп
танымауы мүмкiн.

6. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза

қолданылады.
Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол
бiр судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға
сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi
мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн ӘҚБтК-де белгiленген үш еселенген
ең жоғары шектен асыруға болмайды, яғни 200х3=600 АЕК аспау тиіс
600х3692=2 215 200 тенге
Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар
режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге
белгіленеді.
Арнайы құқықтаң айыру 2 жылдан аспау тиіс
Көлiк құралдарын басқару құқығынан 10 жылдаң аспау тиіс
Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік
құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық
бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.

7.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу
бойынша дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады. Егер
қандайда бір дау туындаған жағдайда Азаматтық сот ісін жүргізу
тәртібімен қаралады.
Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік қамаққа алу
мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берiлген арнайы
құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата
тұру мерзiмi жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен
есептеледi.
ӘҚБтК-де көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай
өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

8.

Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, лауазымды адамдардың
кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
тексерулер және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы бақылау мен
қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу, сондай-ақ салық салу, қоршаған ортаны
қорғау, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, зейнетақымен
қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының
энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы,
табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр
жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның
iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан
Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, қоршаған
ортаны қорғау туралы, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы,
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы саласында
құқық бұзушылық жасағаны үшiн, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау
рәсімдерін бұзғаны үшін – оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық
салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, зейнетақымен
қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының
табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны
жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға
жатпайды.

9.

Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату - ӘҚБ жасаған
адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазадан
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт
әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
Рақымшылық
жасау
туралы
актiнi
Қазақстан
Республикасының Парламентi жекелей анықталмаған
адамдар тобына қатысты шығарады.

10.

Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты
босату
1. Осы Кодекстiң 73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде), 733, 79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 190 (бесінші және алтыншы
бөліктерінде), 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана
қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен
татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.
1-1. Егер осы Кодекстің 73, 73-1 (1-1-бөлігінде), 73-2 (1-1-бөлігінде) және
73-3-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған
адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация
тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды
әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы, 73-1-бабының 1-1бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі бойынша тараптардың татуласуына
байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға
қолданылмайды.
2. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға
қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

11.

Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде
әкімшілік жауаптылықтан босату
Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы
болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды
адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы
мүмкін.
Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша
әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе
шешілген кезде – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты
мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы,
сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған
кезде оның мөлшері ескеріледі.
English     Русский Правила