1.64M

ИК, МжБЖ дәріс 3

1.

«Кәсіпорын экономикасы және менеджмент»
кафедрасы
«Инженерлік кәсіпкерлік, маркетинг және
бизнес-жоспарлау» пәні
№ 3 дәріс: Бизнес-идея таңдау.
Құрастырған: э.ғ.м., аға оқытушы
Кошмаганбетова Ж.Б.

2.

Дәрістің жоспары.
1. Идеяның туындауы.
2. Идеяны жүзеге асыру кезеңдері.
3. Бизнесті неден бастау керек.
4. Стартап қалыптастыру.

3.

Рефлексия
Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті
түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі
мыналар болып табылады: B2C, B2B және
B2G.

4.

Мысалы: Қалада Айгүл есімді бір әйел тұрады. Оның тігін
машинасы бар, ол өзінің тігін бизнесін бастағысы келеді. Ол
қандай киім тігу керек екен шеше алмай жүр. Сондықтан
қала бойынша тігін шеберханаларын аралап, сатушылардан
қандай киім тігіп жатқандарын, қандай киім сатылатынын
және қандай баға қоятынын сұрап білді. Қаланың тігін
шеберханаларын аралап жүріп,ешқандай шеберханалардың
мектеп формасын тікпейтінін және сатпайтын біліп, өз ісін
осыдан бастауға тоқтады. Басқаларына қарағанда ол сондай
сапада немесе одан да жақсы сапада мектеп формасын сатуға
болады деп есептейді. Бұл істі үйренбегендіктен және
шығынды азайту үшін тігін бизнесімен өз пәтерінде
айналысуды шешті. Ол мектеп формаларының бірнеше
үлгісін тігіп, қайда барса да, мысалы,балаларын мектепке
апарып, мектептен алып қайтқанда, базардан материал сатып
алғанда, ата-аналар жиналысына барғанда өзімен бірге алып
жүрді. Ол отбасы мен достарына өзінің қандай іспен
айналысатыны туралы айтты, мектеп және қоғамдық
ғимараттардың хабарлама тақтайшаларына жарнамалық
парақшалар ілді.

5.

Тапсырма:
Айгүл не сатқысы келді?
______________________________________
Оның өнімдерін кім сатып алады?
_______________________________________
Айгүл өз өнімдерін қайда сататын болады?
______________________________
Бағасы қандай болуы керек?
____________________________________________
Өз өніміне дұрыс баға қоюды Айгүл қалай біледі?
_________________________________________________________
Адамдар оның бизнесі туралы қалай біледі?
_________________________________________________________

6.

Бизнес-идея - болжамды бизнестің қысқа әрі нақты
анықтамасы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен
айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз керек.
Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай
бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты.
Бизнес-идея:
• тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға тиіс;
• табыс әкелуі тиіс;
• кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.
Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге
асырылады, ал табысқа бірлі-жарымы жетеді.
Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?

7.

Бизнес-идея
• Сіздің
нарықтағы
сұраныс
жайлы түсінігіңіз болуы тиіс
• Өзіңіздің нені
өндіріп/сататындығыңызды
түсінуге тиіссіз
• Сіз сатып алушыңыздың кім
болатынын білуге тиіссіз
• Сізге өз тауарыңызды қалай
және қай жерде сататыныңызды
елестету керек.
• Сіздің бизнесіңіз қоғамға қандай
пайда әкелетінін білуге тиіссіз

8.

Идеяның туындау жолында пайда
болатын кедергілер
Жаңа идеяның туындау барысында пайда
болатын негізгі қиындықтар:
“идеяны өлтірушілер”
– БҰЛ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
– БҰНЫ ӘЛДЕҚАШАН ЖАСАП КӨРГЕН
– БҰҒАН КІМ ТӨЛЕЙДІ?
– БҰЛ АҚЫМАҚТЫҚ!
– БҰЛ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ
– НЕГЕ ОНЫ БАСҚА БІРЕУ ЖАСАМАЙДЫ?

9.

Идеяның мағынасы
АДАМ + ИДЕЯ + ИНВЕСТИЦИЯ =
ТАБЫС
ЖАҚСЫ ИДЕЯСЫ БАР ЖАҚСЫ
КӘСІПКЕРЛЕР, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
ЖЕТКІЛІКТІ ИНВЕСТИЦИЯДАН
БАСТАЙДЫ

10.

Бизнес идея таңдау ережелері:
Бірінші ереже. Идея көп болуы тиіс.
Екінші ереже. Идея кәсіпкердің біліміне сай болуы тиіс.
Мысалы:программист дәрігер бола алмайды.
Үшінші ереже. Идея қызықты болуы тиіс.
Төртінші ереже. Идея бір-екі сөйлемнен тұруы тиіс.
Бесінші ереже: Қоршаған ортадан идея жайлы пікір сұрау
қажет.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

Бизнесті неден бастау кекек?
Шешім
Өзіндік қасиеттерді тексеру
Жоспарлау
Нарықты зерттеу
Концепцияны дайындау
Қаржы жоспары
Бастапқы капиталды есептеу
Қаржы көздерін іздеу
Фирма
Құқықтық форманы таңдау
Құжаттармен жұмысты орындау

26.

Өз бизнесіңді бастау үшін не
қажет?
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДАЙЫНДЫҚ
•Өз отбасыңызға өзгерістердің қажет
екендігіне көз жеткізу
•Тұтынушыға Сіздің тауарыңыздың/қызметіңіздің
оған қажет екендігіне көз жеткізу
•Өзіңіздің тәуекелге, өзгерістер
мен еңбек етуге дайын екендігіңізге көз жеткізу

27.

Өз бизнесіңді бастау үшін не қажет?
Техника-экономикалық негіздеме
Бизнес-жоспар
Бастапқы
Бастапқы капитал
капитал
•Бизнес-идея
•Бизнес-идея
•Маркетингілік
жоспар
•Маркетингілік
жоспар
•Қаржылық
•Қаржылықесеп
есеп
•Қызметкерлер
бойынша
•Қызметкерлер
бойынша
жоспар
жоспар
•Жеке
қаржысы
•Жеке
қаржысы
мен
менжинақтаулары
жинақтаулары
•Туыстары
мен
•Туыстары
мен
отбасының
отбасыныңкөмегі
көмегі
•Несиелер,
•Несиелер,лизинг
лизинг
• •Гранттар
Гранттар

28.

Алғашқы рет «стартап» термині (сөзі) 1939 жылы
АҚШ-та
пайда
болды.
Осы
елдің
СанФранциско
қаласының жанында Санта-Кларе
өңірінде
жоғары
технологиялар
саласында
жобалармен
айналысатын
кәсіпорындар
мен
фирамалар шоғырланған болатын. Бұл фирмалардың
мақсаты сол уақыттағы озық жаңа идеяларды шынайы
өмірде дайын өнім ретінде нарыққа ұсыну болды.
Стартап бұл – дамуы мен өсуіне қолдауды қажет
ететін жаңадан бастау алып келе жатқан жаңа бизнес
жоба немесе жас компанияны атаймыз. Стартаптың
мақсаты –тауар немесе қызмет көрсетудің жаңа түрін
тауып, оны нарықта ұсынып, сату арқылы пайда табу

29.

Стартаптың ерекшеліктері.
1. Жаңа өнімді немесе жаңа қызмет көрсету
түрін нарықта ұсыну.
2. Стартаптың негізі қызықты әрі жаңа бизнес
идея болып табылады.
3. Стартапты бастаушылардың мақсаты тек
қана ақша табу емес.
4. Қаржыландыру қиындықтары.

30.

Cтартапты қаржыландыру.
Стартап
бизнесті
қаржыландыру
мәселесімен
айналысатын адамдар мен ұйымдар аз емес. Олар жеке
тұлғалар, ақшасы бар кәсіпкерлер, бизнестің жаңа түрін
қажет етіп отырған
фирмалар мен кәсіпорындар.
Негізінен
осы
салада
қаржыландырушылардың
(инвесторлардың) екі түрі бар. Дәлірек айтқанда, «бизнесперіштелер» және венчурлық қорлар.
1. Бизнес-періштелер. Стартаптың бастапқы (идея
барсында) кезеңінде бизнеске инвестиция (ақша)
салушыларды бизнес-періштелер деп атаймыз. Олардың
ерекшеліктері бизнесті жүргізуге араласпайды және
ақшаның тез арада қайтарылуын талап етпейді. Бизнесперіштелердің мақсаты – болашақта стартап бизнестен
мол әрі қомақты пайда табу.

31.

2. Вечурлық қорлар (тәуекелге баратын қорлар) яғни
пайда табу мақсатында жаңа бизнеспен инновациялық
кәсіпорындарды тәуекелге бас тігіп қаржыландыратын
қорлар. Венчурлық қор жеке салымшылар, зейнет ақы
қорлары, сақтандыру қорларының ақшасынан құрылады.
Негізінен венчурлық қорға ақша салу өте қауіпті. Өйткені
венчурлық қордың пайдаға қатысты болжамы мен есебі
дұрыс шықпаса (мысалы, инновациялық кәсіпорынның
жаңа өніміне тұтынушы тарапынан сұраныс болмаса,
кәсіпорынға салынған ақша-қаражат күйіп кетіп,
венчурлық қор үлкен шығынға ұшырайды) қор
салымшылары
ақшасынан
айырылады.
Стартапты қаржыландыруға қатысты венчурлық
қорлардың бизнес-періштелерден айырмашылығы олар
жұмыс істеп тұрған, бірақ дамуына (инвестицияны) ақша
салуды қажет ететін жаңа бизнесті қаржыландырумен
айналысады.

32.

Бақылау сұрақтары:
• Бизнес-идея бизнес-жоспардың бастапқы
нүктесі ретінде.
• Қазіргі заман бизнес-идеялары ерекшелігі
• Бизнес идеяларды жүзеге асыру жолдары,
аспектілері.
• Стартап түсінігі, түрлері.
• Стартапты қаржыландыру.

33.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Дональд Ф.Куратко. Кәсіпкерлік теория, процесс, практика, 10-басылым,
Астана, 2018
Куртланд Л. Бове., Джон В. Тилл. Қазіргі бизнес-коммуникация/Б.
Куртланд., Т. Джон.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры,
2019ж.-736б.
Чарльз Хилл, Халт Томас. Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы
бәсеке, 12-басылым/ Чарльз Х.,Томас Х.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдық қоры, 2019ж.-720б.
Сәбден О. Кәсіпкерлік: оқу құралы жоғары оқу орындарының
студенттеріне магистрантарына арналған / Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі. - Алматы : "Эксклюзив" БҮ, 2009.
Киздарбекова, А. С. Кәсіпкерлік құқық: оқулық жоғары оқу орындарының
экономика факультетінің студенттеріне арналған / Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : Дәуір, 2011.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. Қазақстан
Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.
Дүйсенханов Е.С., Жұлдызбаев Н.Е., Керімбек Ғ.Е. т.б «Кәсіпкерлік
негіздері» курсы бойынша студенттің жұмыс дәптері/ Әдістемелік құрал:
«Атамекен» ҚР ҰКП. Нұр-Сұлтан.2019ж.-208б.
English     Русский Правила