Похожие презентации:
Дарис 2 ДШжС тарихы
1.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіҚазақстанда рулық құрылыс пен
таптық одақтар тұсында дене
тәрбиесінің келіп шығуы
Дисциплина: Дене
шынықтыру және спорт
тарихы
Лектор: Базарбаева Клара
Конаровна п.ғ.к, доцент
Нұр-Сұлтан
2022
2.
Дәріс жоспары:Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында
дене тәрбиесінің келіп шығуы
Сақтардың дене тәрбиесінің жүйесі
Сарматтардың дене тәрбиесінің жүйесі
Ғұндардың дене тәрбиесінің жүйесі
Әмір Темір билігі кезінде дене тәрбиесінің жүйесі
Ресей патшалығына қосылған кезеңдерінде қазақ
жеріндегі дене тәрбиесі
3.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында денетәрбиесінің келіп шығуы
Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) – VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан
тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз – сақтардың
кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған.
Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік
және жарыс – сайыс бағытында болған. Ашық аспан астында
киіз-үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға
кенеттен келген жауынгерлерден отбасын, елін, жерін қорғау
үшін өте сезімтал, күшті, епті, батыл болуы керек болды.
4.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Сақтар тек керемет шабандоз,
атқыш мерген ғана емес, олар
тамаша теңізші және өте жақсы
жаяу әскер болды. тарихшы
А.Н.Бернштам, Орта Азия мен
Қазақстанның ежелгі тұрғындары,
еңселі бойлы, аяқ бұлшық еттері
қатты дамыган адамдар еді деген
түжырым айтады. Осы және басқа
да деректер, сақтар мен оларға
туыс тайпалардың жан-жақты
дайындықтарымен айрықша көзге
түскендіктерін өздерінің әкери-күш
қабілеттерімен
ерекшеленгендіктерінен хабардар
етеді.
5.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Сақтар арасында некелесу рәсіміне байланысты
жарыстар уйымдастыру салты болған. Салттың шарты
бойынша, сайыста қалындығын күш сынауда,
төзімділігін танытуда жеңіп шықса гана, сақ үлы
үйленуге рұқсат алған
Көне дәуір әдебиеттерінде жазылған үйлену жарыстары
қазақ, қырғыз ойыны «қыз-бөрі» өте ұқсас. Академик
А.Х.Марғұлан «қыз-бөрі» деп аталуының өзіне, некелік
одақ кұру кезінде қолданылған рулық идеологияның
көне төтемдерге үндеуі деп есептеген жөн деп жазды.
Бозбала мен қыздың жекпе-жегі, некеге тұру салты
кезіндегі жарыс түрі ретінде, Орта Азия мен Қазақстан
елдерінде кең тараған құбылыс еді дейді аталған автор.
Қырғыз тарихшьшары, „қыз-қуу" ойының тарихына
жүгіне отырып, бұрын бұл жарысқа тек қана қалыңдық
қатысқан деп жазады. Бұндай да анығырақ көзқарасты,
қазақ галымы М.Брусиловский ұсынады, ол қыз қуу
ойыны өзінің бастамасын бұрынырақта кең
қолданылған қыз-бөрі ойынынан алған деген ой айтады.
6.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Осы мәліметтерге жүгіне отырып, қазіргі
кезеңдегі спорттық ат ойындары, қыз-қуу,
өздерінің түп-тамырларын сонау сақ заманынан
алады деп ой түйіндеуге болады. Көшпенді
сақтардың кейбір тұрмыстық ерекшеліктері осы
күнгі үйлену кезіндегі жарыстар түрінде
сақталып калуы, бұл кездсйсоқтық емес.
7.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында денетәрбиесінің келіп шығуы
Қазақстанның солтүстік-шығыс
аймағьнда сармат тайпалары тұрды.
Сарматтар, сақтар секілді, қарудың
бірнеше түрін қолдана білді. Сармат
әскерінің қару-жарақтарында
көптеген найзаның, садақ пен
жебенің түрлері болды. Жеңіл де,
салмақты ұшы бар найзасы болды.
Сармат әскерінің қабірінен садақ
оғының ұшы табылды. Бүл «әскери
бағыттағы тұрмыста тәжірибені алға
жетелеуші күш ретінде тапсыру
екендігін нақ болжауға болатынын»
білдіреді.
8.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Көне ғасыр авторлары Орта Азия
тайпаларының әйелдері ер адамдармен
қатар, қоғамдық өмірде де, соғыс
қимылдарында да белсене қатысқанына
ерекше назар .аударады. Массагет
тайпаларының бірі жөнінде, Геродот: „оларда
әйелдер еркектермен бірдей жағдайда
қолданылады", -деп жазды. Кейбір массагет
әйелдері тайпа көсемі болды. Сармат
әйелдері батыр да ержүрек еді. „Мен сармат
әйелдерін білемін, олар соғыс ісін
еркектерден кем білмейді " - деп Климент
Александрийский атап көрсетті. Герадоттық
суреттеуі бойыша, сармат әйелі атқа салт
мініп аң аулаған, еркек киімін киген, жауын
өлтірмей, бір де бір қыз тұрмысқа шықпаған.
Бүл тайпаның әйелдері ат үстінде де. жаяу да
жақсы соғысқан, яғни, бұл көрініс әйелдердің
дене шынықтыру деңгейін жоғарылығын
көрсетсе керек.
9.
Алаңдардың дене тәрбиесінің жүйесі.Б.э.д. ІУ-Ш ғ.ғ. қарсаңында Қазақстан жерінде жаңа тайпалық одақ
пайда болды. Сондай-ақ, ірі тайпалар одағьна кірмеген кішігірім
тайпалар да мұнда өмір сүрді. Алайда, бізге тарих -бетінен көбірек
белгілі алан, қаңлы , үйсін сияқты ірі тайпалар.
Алаңдар, сарматтар ұрпақтары Батыс Қазақстаңды жайлады.
Аландар көсемдерін тек жауынгерлік ерлігіне қарап сайлады. Рим
жазушылары оларды „қатал да мәңгі соғысқұмарлар"деп есептеді.
Аландар ұзын бойлылығымен және келбеттіліктерімен даңқы
шықты. Жастары ерте жастан-ақ ат үсті өнері мен садақтан жебе
тартуға үйренді. Алан елінде әртүрлі әскери жаттығулар кең дамыған
еді. Латын тарихшысы Марпелмен аландар туралы былай деді:
„олар түрлі дене жаттығуларын жасай білгендіктен, бәрі шебер
жауынгер болды.
10.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында денетәрбиесінің келіп шығуы
БДД ІІ ғғ. Шығыс Түркістанда пайда
болып, біздің дәуірімізде Қазақстан
жерінде қоныстанған ғұндардың дене
тәрбиесі жүйесі сақтардың дене
тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған.
Ғұндар ат-үсті жаттығуларына өте жетік
болған, шауып келе жатқан аттың
үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру,
жерге секіріп түсу, қайта отыру, шауып
келе жатып жерден қамшы алу, жамбы
атып түсіру секілді жаттығуларды
ғұндар жетік меңгерген.
Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат
үсті жаттығуларын ғұндардың дене
тәрбиесі жүйесінен алынған деген
цирк өнершілерінің дәлелдемелері
бар.
11.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Шыңғысхан құрған Мың қол
империясы кезінде (XIII-XII)
әскери дене тәрбиесі жүйесі
іске асырылды. Ол кезеңде
әрбір ер адам, атымен, қаружарығымен соғысқа аттануға
дайын тұруы керек болды.
Сол кезде ерлердің үш ойыны
дене тәрбие жүйесі болды .
Ол күрес, садақ ату және атта
шабу спорт түрлеріне
негізделген болатын.
12.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
Әмір Темір билігі кезінде (XI) жеке
сайыс, шахмат (шатрантаж)
өнерлері дамыды. Темірдің өзі де
сайыс өнеріене жетік, дене қуаты
жетілген, шахматты да жақсы
ойнайтын адам болған.
XV ғ. Бастап Қазақ хандығы кезінде
дене тәрбиесі жүйесі ұлттық
ойындарды және әскери
жауынгерлік өнерлерді жетілдіру
сипатында болды. Сол кезеңде
қазақ арасындағы батырлар,
палуандар, шабандоздар, салсерілер қадірлі болды.
13.
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындадене тәрбиесінің келіп шығуы
XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған
кезеңдерінде қазақ жеріндегі дене
тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы
түрленіп, күрделеліне түсті. Ресей
мемлекетінің дене тәрбиесі негізін
қалаған П.Ф.Лесгафт он алты Еуропа
елдерін аралап, дүниежүзі дене
тәрбиесімен спорт жүйелерін орыс
жеріне әкелсе, енді сол классикалық
спорт түрлері, дене тәрбиесі орыстар
арқылы қазақ жеріне тарады.
14.
Бақылау сұрақтары1. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаттары
мен міндеттері
2.Қазіргі таңдағы дене тәрбие жүйелері
3. Көне ұлттық ойындардың түрлері.
15.
Үй тапсырмасы:1. Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беріңіз.
2. “Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
кезеңіндегі дене тәрбиесі” тақырыбына
(презентация) дайындау.
16.
БӨЖТақырып: Орта ғасырдағыденемәдениеті мен спорт.
Мазмұны: Сол дәуірдегі дене мәдениетінің даму маңызы. Атқыштар мен
семсерлесу ағайындық қоғамдары. Феодалдар мен халықтың дене
тәрбиесіне шіркеудің көзқарасы. Әлеуметтік утопистер Томас Мор,
Томазо Кампанеллидің дене тәрбиесіне деген көзқарастары.Ерте және
дамыған феодализм кезеңіндегі дене мәдениеті мен спорт. Мергендер
мен шонжарлар қауымдастығы. Феодалдардың әскери дайындығы,
феодалдық жүйенің дамуы, рыцарьлар турнирлері. Дене мәдениеті
мен спорттың дамуына әскери іс пен ғылым-білімнің әсері.
Гуманистер: Викторино де Фельтре, И. Меркуриалис, Ф. Рабле, М.
Монтень еңбектеріндегі дене тәрбиесі. Я.А. Коменскийдің
педагогикалық іліміндегі дене тәрбиесі. Социал-утопистер Т. Мор, Т.
Кампанелли дене тәрбиесі туралы жазған еңбектері.
17.
БӨЖТапсырма:Тақырыптың бақылау сұрақтары:
Орта ғасырдағыденемәдениеті мен спорт.
Сол дәуірдегі дене мәдениетінің даму маңызы.
Атқыштар мен семсерлесу ағайындық қоғамдары.
Феодалдар мен халықтың дене тәрбиесіне шіркеудің
көзқарасы.
Ерте және дамыған феодализм кезеңіндегі дене мәдениеті
мен спорт.
Дене мәдениеті мен спорттың дамуына әскери іс пен
ғылым-білімнің әсері.
18.
БӨЖГуманистер: Викторино де Фельтре, И. Меркуриалис.
Ф. Рабле, М. Монтень еңбектеріндегі дене тәрбиесі.
Я.А. Коменскийдің педагогикалық іліміндегі дене тәрбиесі.
Социал-утопистер Т. Мор, Т. Кампанелли дене тәрбиесі туралы
жазған еңбектері.
№ 1-10 сұрақтарды ауызша дайындау. (СӨЖ-да дайындалады)
Сұрақ–жауап әдісімен сұралады. (Лекциядан кейінгі ОСӨЖ-да
тексеріледі). Берілген әдебиеттер бойынша конспект
жазылады. Берілген тапсырмалар ауызша-жазбаша
тапсырылып, 2-3 сөйлемнен тұратын қысқаша жауаптар
дайындалады. /2, 4, 6/.
3-6 терминге глоссарий жазып, тапсыру.