Этнос пен этногенез
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерi
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы
Қазақ мемлекетінің құрылуының алғышарттары
XIV-XVI ғғ Әлеуметтік-саяси жағдай
Ханның мынадай бес құқығы мен мiндеті болды:
Лауазымдар
Жерді пайдалану және салықтар
XV ғ. бастап Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Қожалар
Қарасүйек қауымының бөлінуі:
Ру тайпалық ұйым. Туыстық қағидасы мен рулық құрылымның маңызы.
Қазақ хандығындағы - Жүздер
4.12M

5.1-дәріс

1.

2.

Мазмұны:
5.1 Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.
5.2 Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске
ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы.
5.3 «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.
5.4 Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық
факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда
болуы.

3. Этнос пен этногенез

ЭТНОС ПЕН ЭТНОГЕНЕЗ
Этнос
Этногенез
• Гректің «ethnos» - «халық» сөзінен
шыққан
• Халықтың құрылуы. ХV–ХVI
ғасырларда қазақ халқының және
оның этникалық аумағының
қалыптасу үдерісi аяқталды.

4.

Қазақ халқының құрылу үрдісінің
кезеңдері:
үндіеуропалық
түркілік

5. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерi

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
КЕЗЕҢДЕРI
1 кезең
2 кезең
• Қола және ерте темiр дәуiрлерiн қамтиды. Қазақстан жерінде қола дәуірінде өмір сүрген
андрон тайпалары – қазақтардың ертедегi ата-бабалары. Олар қазақ халқы
қалыптасуының негiзiн қалады.
• Ерте темiр дәуірінде Қазақстанның ежелгi тайпаларының келбетiне моңғол өңдес белгiлер
енді. Бұл Қазақстан аумағына ғұндардың қоныс аударуымен байланысты.
• Түркiлердiң б.з.-дың І мыңжылдығы ортасынан бастап қоныстануымен байланысты.
• Қазақстанда түрлi кезеңде өмiр сүрген андрон, сақ, үйсiн, қаңлы, ғұн, түркi тайпалары
(түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғындар т.б.) қазақ ұлысының этникалық
негiзiн құрады.
• Этностың қалыптасу үдерісi моңғол шапқыншылығына байланысты тежелдi.

6. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
• Қазақ халқының бірігу үрдісі – Ақ Орда, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан
мемлекеттерiнiң тарихымен байланысты.
• Олар этникалық жағынан жақын тайпалардың аумақтарын бiрiктiрiп, барлық өмір саласында өзара
ықпалдасу үрдісін жүргізді.
• ХIV–ХV ғасырларда қазақ тiлi қалыптасты.
• ХV ғасырдың екiншi жартысы – ХVI ғасырда негiзгi түркі тайпаларының біртұтас Қазақ хандығына
бірігуімен қазақ халқының қалыптасуы аяқталады.
• Моңғол шапқыншылығынан кейiн Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның барлық
дерлiк түркi тайпалары алғаш рет ортақ мемлекетке бiрiктi.

7.

«Қазақ»
термині
Жәнібек
пен Керей
Қазақ
этносы
• ерiктi, еркiн деген мағынаны білдіреді. «Қазақ» терминi бiртiндеп Шығыс Дештi
Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның халқын атау үшiн қолданылды.
• Жәнібек пен Керей хандардың күшеюімен, оларға бағынышты тұрғындардың
барлығы қазақтар деп атала бастады.
• VI ғасырдың ортасынан басталған Орталық Азияда түркiлердiң қатысуымен
өткен этникалық үдерістер мың жылға жуық жалғасты. Соның нәтижесінде
қазақ этносы қалыптасып, Ұлы Дала тұрғындары қазақ атала бастады.

8. Қазақ мемлекетінің құрылуының алғышарттары

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
• Қазақ хандығының құрылуы ХV ғасырдың екiншi жартысында құлдырауды бастан кешiрген екi
мемлекет – Әбiлқайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi) мен Моғолстанның iшкi саяси
жағдайымен байланысты болды.
1. Дешті Қыпшақтағы саяси
талас-тартыстар аяқталды.
Қазақ мемлекетінің
құрылуының тарихи
маңызы:
2. Дешті Қыпшақтағы билік
заңды мұрагерлер Керей мен
Жәнібектің қолына өтті.
3.Қазақ халқының қалыптасу
процесі аяқталып,
орталықтандырылған
мемлекет құрылды.

9. XIV-XVI ғғ Әлеуметтік-саяси жағдай

XIV-XVI ҒҒ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙ
• Моңғолдар бағындырған елдерде тек Шыңғысхан
ұрпақтары ғана хан бола алды.
• Хан әулетiнiң мүшесiн сотқа ханның өзi ғана тарта
алды.

10. Ханның мынадай бес құқығы мен мiндеті болды:

ХАННЫҢ МЫНАДАЙ БЕС ҚҰҚЫҒЫ МЕН МIНДЕТІ
БОЛДЫ:
• 1.Ханның барлық жерге, елдің бүкіл аумағына билiк ету құқығы; басты мiндетi – елдi сыртқы
жаулардан қорғау.
• 2.Ханға соғыс жариялау және бiтiм жасау құқығы берiлдi, ол –әскердiң жоғары қолбасшысы.
• 3.Ханға шет мемлекеттермен келiсiм жасау және мемлекеттiң сыртқы саяси бағытын анықтау
құқығы берілді.
• 4.Ханға өз қол астындағы адамды өлім жазасына кесу немесе тiрi қалдыру құқығы берiлдi, ол
жоғары сот міндетін де атқарды.
• 5.Ханға қоғамның барлық мүшелерiне мiндеттi заңдар, бұйрықтар шығару құқығы берiліп, ол
қоғамдық құрылым мен тәртiптi сақтады.

11. Лауазымдар

ЛАУАЗЫМДАР
Хан (мемлекет
басшысы)
Уәзір(ханның кеңесшілері)
Би (Ноғай
Ордасындағы
басшы)
Әмір(Ақ Ордадағы, Әбiлқайыр
хандығы мен Моғолстандағы
түркі тайпаларының
басшылары)
Атабек (мемлекет
тағының
мұрагерін
тәрбиелеуші)

12. Жерді пайдалану және салықтар

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ САЛЫҚТАР
• Билеушi әулеттiң барлық мүшелерiнде ұлыс аумақтарын иелену құқығы болды. Рулық-тайпалық
топтарды басқарған ақсүйектер жеріне ешкім қол сұқпайтын ерекше құқық беретін тархан
лауазымын алды.
• Інжу – Шыңғысхан ұрпақтарының тұрғындарымен бiрге алған жерлерi;
• Вақф – дiн қызметшiлерi мен мұсылман дiни мекемелерiнiң жерi;
• Иқта және сойырғал – мұндай жерлер мұрагерлiкке берiлмедi. Мәселен, сойырғал көшпелі ақсүйек
қауымының отырықшы-егінші тұрғындарға үстемдігін бекітті. Бұл жерлер ханға адал қызмет еткен
әскерилер мен көсемдерге берілді, сатқындық жасаған жағдайда қайтарып алынды.

13.

Салықтың
түрлері
құшыр, харадж,
баж
зекет пен
соғым
Отырықшы егіншілікпен
айналысатындар және
қала тұрғындары –
төлеуге міндетті салық.
Көшпелі
малшыларға салық
түрінде салынды.

14. XV ғ. бастап Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

XV Ғ. БАСТАП ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ қоғамы бөлінді:
Ақсүйек
Қарасүйек
Шыңғысхан
ұрпақтары
Қарапайық халық

15.

Шыңғысхан
ұрпақтарының
ерекшелігі:
1.Хан болу үшін
қойылатын басты талап:
Шыңғысханның ұрпағы
болу.
2.Шыңғысхан
ұрпақтары қазақтарда
ғана емес,
қарақалпақтар мен
қырғыздардың
билеушісі немесе Хиуа,
Бұхара ханы бола алды
3.Шыңғысхан ұрпақтарының
құқықтары мен
артықшылығы ХIХғ.
ортасына дейiн сақталды.
Олар тән жазасынан
құтқарылып, билер сотына
тартылмады.
4.Сұлтандар рулар мен
тайпалардың
ешқайсысына жатпады,
жүздер жүйесiне кiрмедi,
қоғамнан жоғары тұрды.

16. Қожалар

ҚОЖАЛАР
• Ұлы Далаға ислам дінін таратушылар: қожалар.
• Шыңғысхан ұрпақтары қожаларды Жошы және Шағатай ұлыстарында, сонау ХIV
ғасырда-ақ артықшылығы бар топ деп есептеді.
• Халықтың барлық қалған бөлiгi қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының
негiзгi және ең көп санды бөлiгi саналды. Қарасүйек өкiлдерiнде жекелеген рулар
мен тайпаларға бөлiну сақталды.

17. Қарасүйек қауымының бөлінуі:

ҚАРАСҮЙЕК ҚАУЫМЫНЫҢ БӨЛІНУІ:
Билер
• Рулар мен тайпа басшылары, әкiмшiлiк және сот iстерiн атқарды.
• Шайқастағы жеке ерлiгi мен қолбасшылығы үшiн жекелеген адамдарға батыр атағы
берiлдi. «Батыр» сөзi атақ ретiнде қаһарманның есiмiне қосып айтылды.
Батыр
• Батырлардың ерлiгiн жыршылар, суырып- салма ақындар мен жыраулар жырға қосып,
Ақын,
бүкiл елге танытты.
жырау
Бай
• Дала өңiрiнде малы көп кез келген адам бай деп есептелдi. Асқан байлардың
ондаған киiз үйi, жүздеген түйесi, мыңдаған қойы, меншігінде 15 мыңнан 30
мыңға тарта жылқысы болды.
• Қазақ этносының ұжымдық тарихи жадын ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер, олар
Шежір
өткен тарихтағы әңгімелер мен аңыздарды жинады.
еші

18. Ру тайпалық ұйым. Туыстық қағидасы мен рулық құрылымның маңызы.

РУ ТАЙПАЛЫҚ ҰЙЫМ. ТУЫСТЫҚ ҚАҒИДАСЫ МЕН РУЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМНЫҢ МАҢЫЗЫ.
• Көшпелілерде әке жағынан туыстыққа негізделген ру-тайпалық жүйе өмір сүрді.
Қазақтарда экзогамия жұбы кем дегенде жеті ұрпақты қамтып жеті ата деп аталды.
• Әрбір қазақ жеті атасын білуге тиісті болды. Жеті атаға дейін некелесуге тиым салынды.
Жеті атаға дейін некелескендерге өлім жазасы тағайындалды.

19.

«Қазақ термині» туралы пікірлер
«Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі
қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі.
Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына
береді.

20.

«Қазақ» сөзінің шығу тарихы туралы пікір көп. Көптеген ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін
б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының атымен, не «еркін» сөзімен
байланыстырады
Ғалымдардың пайымдауынша, «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» секілді
рулардың атаулары – «қазақ» этнонимінің туынды түбірлері. Академик Н. Марра және чех
ғалымы Б. Грозный көрсеткендей, «қазақ» атауы «қасақ» жән «кесек» сөздерінен шыққан.
Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ахинжанов, жазушы С. Мұқанов, орыс ғалымдары осы
пікірді қолдайды. Ә. Марғұлан өз еңбектерінде Кіші жүздегі «қазар-уг» тайпаларының бар
болуына сілтеме жасап отырады.
Зерттеуші Ә. Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» және «оғ» (оқ) деген екі сөздің
қосылуынан жасалған: «оғ» – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. «Қаз – оғ(оқ)» – қазақ
тайпалары деген ұғымды білдіреді.

21.

Орыс ғалымы А. Бернштам «қазақ» сөзі Қаспий маңы және сақ тайпаларының бірігуінен пайда болған
деп тұжырымдайды.
Б.з.д. II ғасырда өмір сүрген Қытай тарихшысы Бань Гу «Хань тарихы» атты еңбегінде ортаазиялық
халықтардың арасынан «се» және «сай» ұлыстарының бар болғанын көрсеткен. Грек және Рим
тарихшлылары аталған тайпалар туралы сөз еткен.
Ғалым-шығыстанушы В. Григорьевтың ойынша, «се» және «сай» сөздері қытай транскрипциясындағы
«сақтар» деген мағынаны білдіреді. Ғалым айтып кеткендей, бұл тайпалар Моңғол елі немесе
Шығыстың алыс түкпірінен шықпаған. Олар Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүрген.
Белгілі ғалым, түркі тілінің маманы В. Радлов көрсеткендей, «қазақ» сөзі «ерікті, тәуелсіз» деген
мағынаны береді. Ғалым А. Самойлович бұл пікірді жақтаған. Ш. Құдайбердіұлы осы идеяны қолдап,
«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдында ел болып, еркін жүрген халық деп толықтырып жазды.

22.

Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «қазақ» сөзі «өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты» дегенді
білдіреді дейді. Тарихшы Ибн Рузбихан XVI ғасырдың жазбаларында былай деп жазған:
«Әр жерде қазақтар өздерінің ержүректілігі, батырлығы, зор күшімен белгілі болған. Бұл туралы
араб және бірқатар өзге тілдерде көп деректер кездеседі».
Тіл маманы Т. Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі – «қаз», «қас» – Орал, Алтай, Кавказ, т.б.
түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Тарихшы, орта ғасырларды зерттейтін маман Н. Мыңжанұлы «Алтын тас», «Күлтегін», «Тоныкөк»
түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген
етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу»,
«табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.

23.

«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар
мен
зерттеушілердің
пікірлерін
тұжырымдап, екі қорытынды жасауға
болады:
– «қазақ» сөзі «қас» және «сақ»
атауларының бірігуінен шыққан;
– «қазақ» сөзі «ерікті адам» деген
мағынаны білдіреді.

24. Қазақ хандығындағы - Жүздер

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ - ЖҮЗДЕР
Жүз - бұл қазақ қоғамының тарихи-шаруашылық тұрғыдан
қалыптасқан этноаумақтық бірлестігі.«Жүз» сөзі - бөлік, жүздік дегенді білдіреді.
«Жүз» және «алаш» атауының шығу тегі жайлы халық арасында көптеген
аңыздар бар.
Ұлы жүз
Жетісуды мекендеген
тайпалар Ұлы жүз
атауын алды
Орта жүз
Кіші жүз
Орталық, Солтүстік
және Шығыс Қазақстан Батыс Қазақстан
аумағын алып жатты
аумағында
қоныстанды

25.

Жүз-қазақ рулары
мен тайпалары
бірікті
Ауыл – қан
жағынан туыс
отбасылардан
тұрды.
Аталас аймақ – жеті
атаға дейін туыстық
байланыстармен
біріккен ауылдардан
тұрды.
Ұлыс – рулар мен
тайпалардың
бірлестігі
Ру мен тайпа –
аталас аймақтардан
құралды.

26.

Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы пікірлер:
Ш.Уәлиханов:
«Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп
жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай
үлкен одақтар құрған»
Н.А.Аристовтың ойынша, «жүздерге бірігу
жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».
В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті,
табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің
мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды»
В.В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық
себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси
одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты»
С.Аманжолов:
«Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда
бөлінді», — деп есептейді

27.

шаруашылықмәдени бірлік
саяси басқару
ортақтастығы
ішкі аумақтық
тұтастық
этностық
туыстық
Қазақ
жүздерінің
мынандай ішкі
белгілері бар:

28.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила