Похожие презентации:
10-сабак Озон
1.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№89 мектеп-лицейі» КММСабақтың тақырыбы:
Оттек және озон
8- сынып
Химия пәні мұғалімі:
Садыкбекова Л.А.
2.
Оқу мақсаты• 8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен
қасиеттерін салыстыру;
• 8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
• ауаның құрамын біледі;
Бағалау критерийлері
• оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін
біледі;
• озон қабатының маңызын және озон ойықтарының пайда болу
себептерін түсінеді.
3.
Оттек элементі табиғатта екі жай зат түзеді – оттек жәнеозон. Олар бір-бірінен сандық құрамы мен құрылымымен,
физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Бір элементтің әртүрлі жай заттарды түзе алу құбылысын
аллотропия деп атайды.
3
4.
45.
Озон. Озонның қасиеттеріОзон, O3 – молекуласы оттектің үш атомынан тұратын,
көгілдір түсті, өзіне тән өткір иісі бар газ.
Озон молекуласы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен
ыдыраған оттек атомдарының басқа оттек
молекулаларына қосылуынан түзіледі.
5
6. Озонды озонатор деп аталатын арнайы құралмен алады
2О2→ 2О36
7.
Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады,
сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.
Қыздырмай-ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға
түседі. Ауадағы отттек газы калий йодиді ертіндісіне әсер етпейді.
Егер калий йодиді ерітіндісіне озоны бар ауа жіберсе, йод бос күйінде
бөлініп шығады:
O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH
Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық
бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып,
жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды
да тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді:
6Ag + O3 = 3Ag2O
7
8.
Қолданылуы.• Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті
қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға
айналдырады.
• Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы
бактерияларды жояды
• Жаңбырдан соң ауада озон ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік
туады.
• Озон шамамен 25 км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей
қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады.
• Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін
ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның
арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.
8
9.
Озон қабатыАтмосфералық озонның 90 пайызы стратосферада, жер бетінен
15-тен 50 км дейін биіктікте орналасқан.
Жердің әртүрлі ендігінде озон қабаты әртүрлі биіктікте
орналасады және оның қалыңдығы әртүрлі болады.
9
10.
1011.
Озон қабатының жұқаруының себептері мен зардабы• Адамдар шашқа арналған лак, дезодорант және күнделікті
тұрмыста тоңазытқыш пен ауа салқындатқыштарды пайдаланады.
Ал дәл осы заттар озон қабатының жұқаруының негізгі себептері
болып саналады. Осы заттардың құрамында болатын фреон күн
радиациясының әсерінен озонды ыдырататын хлорды бөледі.
Нәтижесінде ультракүлгін сәулелердің деңгейі көтеріліп, терінің
қатерлі ісік аурулары артады, тірі ағзалардың иммундық жүйесі мен
өсімдік жасушалары бұзылады. Озон қабатының жұқаруы
климаттың өзгеруіне әкеледі. Климат өзгеруі салдарынан
құрғақшылық, азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін.
11
12. Бекіту тапсырмасы 1- тапсырма Кестедегі озон мен оттектің қасиеттерін сәйкестендір:
Оттектің аллотропты түрөзгерістері
Озон
Қасиеттері
Оттек
Өнеркәсіпте ауадан алады
Үш атомнан тұрады
Иіссіз, түссіз, дәмсіз газ
Көгілдір түсті
Ауаның 21 пайызын құрайды
Ультракүлгін сәуледен қорғайды
Молекуласы екі атомнан тұрады
Дескриптор:
• Озон мен оттектің құрамы мен қасиетін сәйкестендіреді
13. Дұрыс жауабы 1- тапсырма Кестедегі озон мен оттектің қасиеттерін сәйкестендір:
Оттектің аллотропты түрөзгерістері
Озон
Қасиеттері
Оттек
Өнеркәсіпте ауадан алады
Үш атомнан тұрады
Иіссіз, түссіз, дәмсіз газ
Көгілдір түсті
Ауаның 21 пайызын құрайды
Ультракүлгін сәуледен қорғайды
Молекуласы екі атомнан тұрады
Дескриптор:
• Озон мен оттектің құрамы мен қасиетін сәйкестендіреді
14.
Бекіту тапсырмасы2- тапсырма
Озон ойығы дегеніміз не? Оның
себептері мен зияны туралы
әңгімелеңдер.
Дескриптор:
Озон ойығы мен оның себептерін және зияны туралы түсіндіреді;
15.
Қорытындыоттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің
құрамы мен қасиеттерін білдім;
жер бетіндегі озон қабатының маңызын
түсіндім.
16.
Қосымша ресурстарМ.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия оқулығы 8 сынып
https://bilimland.kz