Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауда ассистивті технологиялар
2.67M
Категория: ОбразованиеОбразование

ассист (1)

1. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауда ассистивті технологиялар

Ержанқызы Б.

2.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған
ассистивті технологияларды білім беру үдерісіне енгізу барысында
келесі шарттарды сақтау қажет:
1. Ассистивті технологияларды пайдалануға арналған егжейтегжейлі оқытуды жоспарлау.
2. Көмекші құралдарды іріктеу, бейімдеу, қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету.
3. Ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды, педагогтарды және
ата-аналарды ассистивті технологияларды тиімді пайдалануға
үйрету.
4. Есте сақтау керек: басты назар көмекші технологияларды немесе
басқа қолдаушы құралдарды пайдалана алатын ерекше білім
беруді қажет ететін адамдарға аударылады.

3.

Есту қабілеті бұзылған (сурдоақпараттық құралдар) білім
алушыларға арналған көмекші технологиялар
Есту қабілеті төмен білім алушыларға арналған арнайы сурдотехникалық құралдарды
пайдалану білім беру үдерісін оңтайландыруға және дамудағы екіншілік ауытқуларды
азайтуға мүмкіндік береді. Бұл құралдар сондай-ақ бұзылған немесе әлсіреген есту
функциясын тиімді түрде өтейтін құралдар болып табылады.
Есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған ассистивті технологиялардың түрлеріне
мыналар жатады:
Дыбысты бас сүйек арқылы құлақ аймағына жеткізетін инвазивті емес сүйек өткізгіштік
құрылғылары;
Есту жүйкесіне тікелей әсер ететін кохлеарлық импланттар.

4.

Есту қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған
бағдарламалық және техникалық құралдардың үлгілік
тізімі:
акустикалық есту аппараттары;
портативті күшейткіштер;
аудиоаппаратура (дыбыс колонналары, акустикалық күшейткіштер);
ашық дыбыстық өріс жүйесі (еркін дыбыстық кеңістік жүйесі);
мобильді радиосынып (мысалы, FM-жүйе негізінде);
ақпараттық индукциялық жүйе;
бейнеқұралдар (теледидар, айна проектор);
субтитрлер (жазбаша мәтін түріндегі дыбыс мазмұны).

5.

Көру қабілеті бұзылған білім алушылар операциялық жүйелердің арнайы функцияларын,
сондай-ақ ассистивті бағдарламалық құралдарды пайдалана алады, мысалы:
сөйлеу синтезі бағдарламасы;
экранды үлкейту қосымшасы;
мәтінді аудиофайлға айналдыратын конвертер және басқа да құралдар.
Көзі мүлде көрмейтін адамдар үшін экрандық қолжетімділік бағдарламалары
қарастырылған. Бұл бағдарламалар ақпаратты Брайль дисплейіне немесе сөйлеу арқылы
шығару мүмкіндігін береді, осылайша компьютерді көруді қажет етпей-ақ пайдалануға
жағдай жасайды. Мұндай пайдаланушыларға арналған қосымшаларға сөйлеу синтезі
бағдарламалары мен оптикалық таңбаларды тану жүйелері де кіреді. Мобильді
құрылғыларда жұмыс істегенде дыбыстық көмекшіні (voice assistant) қолдану өзекті.

6.

Көру қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған арнайы бағдарламалық және
техникалық құралдардың ұсынылатын тізімі:
экранды үлкейту қосымшасы;
сөйлеу синтезімен жұмыс істейтін экрандық қолжетімділік бағдарламасы;
сөйлеу синтезі бағдарламасы TTS (Text-To-Speech);
стандартты қаріпті Брайль қарпіне және керісінше түрлендіретін мәтіндік редактор;
қолмен пайдаланылатын үлкейткіш құрал (портативті электронды лупа), қашықтан көру
үшін электронды үлкейткіш;
стационарлық электронды үлкейткіш;
мәтінді дауыстап оқитын машина;
тактильдік кері байланысы бар манипуляторлар;
Брайль жүйесіндегі (рельефті-нүктелік шрифт) принтер;
40 немесе 80 таңбалы Брайль дисплейі, сондай-ақ портативті индикатор және басқа да
құралдар.
Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған инновациялық ассистивті
технологиялар:
Жасанды интраокулярлық линзалар – көздің бұлыңғырланған табиғи бұршағын
алмастырып, көру қабілетін (катаракта жағдайында) толық қалпына келтіруге мүмкіндік
беретін технология.

7.

Қимыл-тірек аппараты бұзылған білім алушыларға арналған көмекші технологиялар
Қимыл-тірек жүйесінде ақауы бар адамдардың қозғалыс функцияларына байланысты
мәселелерді шешу үшін компьютерді басқару мен ақпарат енгізуге арналған
баламалы құрылғылар қолданылады. Оларға ролик, джойстик, сыртқы тышқан
батырмалары, көздің қозғалысын бақылайтын құрылғы (ай-трекер), бейімделген
пернетақта, сенсорлық экран және басқа да құралдар жатады.
Қимыл-тірек аппараты бұзылған білім алушылар үшін жұмыс орнын эргономикалық
тұрғыдан ұйымдастыру маңызды. Бұл ретте үстелдің биіктігі реттелетін, арбамен
еркін қозғалып, қажетті жабдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін орта
қарастырылуы тиіс.

8.

Қимыл-тірек аппараты бұзылған білім алушыларға арналған
арнайы бағдарламалар мен техникалық құралдардың ұсынылатын
тізімі:
виртуалды экрандық пернетақта;
ірі батырмалары бар немесе дыбыстық күшейткіші бар арнайы
пернетақта;
аяқпен немесе бастың қозғалысымен басқарылатын компьютерлік
тінтуір және т.б.
Инновациялық көмекші құралдарға мыналар жатады:
экзоскелеттер, жоғары технологиялы протездер, жетілдірілген мүгедектер
арбалары және басқа да заманауи техникалық шешімдер.

9.

БОС терапия

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

Әдебиеттер тізімі
1.Алехина, С. В. Основной вопрос развития инклюзивного образования на современном этапе / С. В.
Алехина // Инклюзивное образование: результаты, опыт, перспективы : сборник материалов 3-й
Междунар. науч.-практ. конф. / под ред. С. В. Алехиной. — М. : МГППУ, 2015.
2.Карпов А.А. Вспомогательные информационные технологии на основе аудиовизуальных речевых
ИНТЕРФЕЙСОВ //Труды СПИИРАН. 2013. Вып. 4(27). ISSN 2078-9181 (печ.), ISSN 2078-9599
(онлайн).
3.Сванидзе Е.В. Использование эффективных технологий в работе с детьми с ограниченными
возможностями здоровья.
4.Приходько О.Г. Специальное образование лиц с нарушениями опорно-двигательного аппарата //
Специальная педагогика. 2000. с. 31-32.
5.Азевич А.И. Особенности преподавания курса «Использование современных информационных и
коммуникационных технологий в учебном процессе» на факультете экономической педагогики //
Вестник Московского городского педагогического университета. Серия «Информатика и
информатизация образования». 2010. № 1 (19). с. 62-68.
English     Русский Правила