Похожие презентации:
кеуде за0ымдары
1. Кеуде торы органдарының хирургиялық аурулары мен зақымдары
2. Қабырғаның және бұғананың сынуы, клиникасы, медициналық алғашқы көмек көрсету.
• Қабырға сынуы: соққыдан не қысылғаннан болады,қарт адамдарды жиі болады. Жалғыз не көптеген
қабырға сынуы мүмкін. Бірнеше қабырға уатылып
сынса, сол тұсы демін ішіне алғанда ішіне тартылып,
демін сыртына шығарғанда сыртына бұлтиып
қалады. Мұндайда жүрек, өкпе жұмысы бұзылады.
Сүйек сынықтары өкпені жаралап, плевра қуысына
қан жиналуы мүмкін (гематоракс). Өкпе, бронх
жарасынан шыққан ауа плевра қуысына жиналып,
пневмоторакс болуы мүмкін. Өкпе коллапсы
болып, демалуды қояды. Плевра қуысындағы ауа
кеуде ортасы арқылы мойын, бет терісі астының
эмфиземасын туғызуы мүмкін.
3.
4.
• Клиникасы: кеудесін қимылдатқанда, дем алғандаауырсынады, демігеді, бетінде цианоз болады,
тахикардия болады. Сынған тұс қимылдаған кезде
сықырлауы мүмкін. Пневмоторакс болса, перкуссия
кезінде қуыс дыбысы естіледі, аускультация кезінде
өкпенің везикулды дыбысы әлсіреп естілмейді.
Төменгі Х-ХІІ қабырғалары сынған кезде талақ,
бауыр, бүйректерге зақым келуі мүмкін. Осы
органдарды дұрыстап зерттеген жөн. Диагнозын
рентгенсуретпен нақтылайды.
• Жедел көмек: сынған тұсқа 2% новокаин, 30-40 мл
егіп, трамадол, аналгетик б/е егуге болады. Сынған
тұсты лейкопластырьмен бекітеді. Кеудесін түгел
таңуға болмайды. Қысымды пневмотракс болса,
артық ауасын шығаруға жағдай жасайды.
Шалқайтып отырған қалыпта тасымалдайды.
5.
• Емдеу: бір-екі қабырға сынығы емханадаемделеді. Аналгетиктер егіп, жедел кезең
өктен соң физиотерапиялық ем береді.
Көптеген сынықтардан жағдайы асқынған
болса, төсек режимінде емдейді. Төсекке
шалқайтып жатқызады, аналгетиктер егеді,
тыныс гимнастикасын, қақыртатын дәрілер,
қыша қағазын, антибиотиктер береді.
Физиопроцедуралар береді.
6.
7. Бұғана сыну:
• қолын тірей құлағаннан, не тіке соққыданболады, сынық ұзыннан, не көлденеңнен, не
уатылған болады. Сүйек сынықтары тамыр-нерв
түйнегін, плевра, өкпе ұштарын зақымдауы
мүмкін.
• Белгісі: сынған тұс ауырады, гематома,
деформация болып, иық буыны жұмысы
бұзылады.
• Жедел көмек аналгетик егеді, Дезо таңады,
дәрігерге жолдайды. Емдеу-сынықтарын
металлоостеосинтез операциясы арқылы
беттестіріп, гипс Дезо таңғышын салады.
Физиопроцедуралар береді.
8.
9.
10. Кеуде жарақаты, жарақаттық және спонтанды пневмоторакс. Гемоторакс. Клиникасы, алғашқы медициналық көмек көрсету, емдеу.
• Кеуденің ашық жарақаты• а) кеуде қуысын тесіп өткен және
• б) тесіп өтпеген болып бөлінеді.
• Кеуде қуысын тесіп өтпеген жағдайда оны
кәдімгі жарадай емдейді. Терең жара асқынуы
мүмкін болғандықтан, науқастың жарасын
таңып, оны ревизия жасап қарау үшін хирургке
көрсету керек. Кішкентай жараларды
травмпунктте тігіп, емханада емдейді. Кеуде
қуысын тесіп өткен жаралары бар науқаста
пневмотракс болуы мүмкін, яғни, плевра
қуысына ауа жиналуы мүмкін
11.
• Пневмоторакстың ашық, жабық және қысымды дегентүрлері бар. Егер жара тесігі арқылы плевра қуысы
сыртқы ортамен қатынасып тұрса, пневмоторакс ашық
болғаны. Егер ауа плевра қуысына жараланған кезде бір
рет өтіп, жара шеттері жабылып қалса, жабық түрі
болғаны. Егер ауа жара арқылы кіре берсе, жараның беті
мен каналы тканьдермен жабылып қалса және ауаның
кері шығатын жолы болмай плевра қуысын керіп
қысымын көтерсе, пневмоторакс қысымды болғаны. Бұл
түрінде науқастың жағдайы уақыт өткен сайын
нашарлайды, ентігеді, ауа жетпейді, кеудесі ауырады.
Қысымнан жүрек, аорта сау жағына ығысады да
науқастың төс, жүрек тұсы ауырады. АҚ төмендейді,
плевропульмоналды шок болады.
12.
• Алғашқы медициналық көмек- ашық пневмоторакстыжабыққа айналдырады, қысымдыны пункция жасап
ауасын шығарып, ашық түрге айналдырады. Барлық
түрінде де окклюзиялық таңғыш таңады. Аналгетик егеді,
шокқа қарсы терапия береді. Ауруханада жарасын тігіп,
плевра қуысындағы ауасын алады, қажет болса
торакотомия операциясын жасап өкпе жараларын тігеді.
Көбіне мұндайда гемоторакс (плевра қуысына қан
жиналуы) бірге кездеседі. Науқаста анемия белгілері қоса
білінеді. Оның жарасын окклюзиялық таңып, гемостаз
жасайды. Шалқайтып отырғызып, шок болса, жатқызып
ауруханаға салады. Гемотораксты қанын сорып алып
емдейді, не торакотомия жасап, қан тамырларын байлап
қанын тоқататады.
Медицина