таҚЫРЫБЫ: Кеуде қуысының зақымдануы. Қабырға сынуы. Асқынуы.
Кеуде қуысының зақымдануы. Кеуде қуысының зақымдануы кезіндегі емде дәрігердің негізгі шешетін мақсаты ол қабырға мен төс
Қабырға сынықтары. Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%- н құрайды, ал  кеуденің жабық жарақаттарының  67%-н.
Анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы (ұзынырақ) бөлігі сүйектен, ал алдыңғы
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
909.34K
Категория: МедицинаМедицина

Кеуде қуысының зақымдануы. Қабырға сынуы. Асқынуы

1. таҚЫРЫБЫ: Кеуде қуысының зақымдануы. Қабырға сынуы. Асқынуы.

Орындаған: Орал А

2. Кеуде қуысының зақымдануы. Кеуде қуысының зақымдануы кезіндегі емде дәрігердің негізгі шешетін мақсаты ол қабырға мен төс

3. Қабырға сынықтары. Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%- н құрайды, ал  кеуденің жабық жарақаттарының  67%-н.

4. Анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы (ұзынырақ) бөлігі сүйектен, ал алдыңғы

5.

Жіктелуі.
-Қабырғалар сынықтары- жекеленген (1-2 қабырға),
көптеген (3 және одан көп)

6.

-біржақты немесе екі жақты,

7.

-ығысумен және ығысусыз

8.

-асқынумен және асқынусыз

9.

Асқынулары:
Пневмоторакс- ашық, жабық, клапанды
(қатайған)
Гемоторакс- кіші, орташа, тотальді,
инфицирленген, ұйыған.
Өкпе соққысы (контузия)
Жарақаттан кейінгі пневмония
Еселенген сынық («флотирленген»).

10.

Жарақат механизмі. Тікелей ұрғанда сынық күш түскен жерде
болады және сынған қабырғалар саны соққының күшіне
байланысты, және де жарақаттаушы заттың мөлшеріне
байланысты. Тікелей емес әсер еткенде қабырғалардың
сынуы күш салынған жерден алыс болады. Жарақаттаушы
заттың тікелей емес әсері көптеген сынықтарды шақырады.
Кеуде қуысының қысылуы алдыңғы- артқы бағытта болғанда
сынықтар әдетте көптеген, қолтық асты сызықтар астында
орналасқан болады.

11.

Оконч Сынықтарда кеуде қуысының қалпы
бұзылады. Дем алу кезінде, бірнеше
қабырғалардың екі еселенгген сынықтардан
түзілген (қабырғалық клапан) қозғалмалы
сегмент ішке тартылады, ал дем шығарған
кезде, кеуде қуысының көлемінен тыс шығады.
Оконч сынықтарда, науқастың ауыр жағдайы
қабырғалық клапанның флотирленген
қозғалысынан болған тыныс алу бұзылысы
мен байланысты, ол парадоксальды тыныс
алуды шақырады. Зақымданған жақтағы өкпе
көлемінде дем шығару кезінде басқа өкпеден
ауаның түсуі әсерінен ұлғаюы
парадоксальдықты негіздейді. Дем алу кезінде,
оконч сынықтың ішке қарай, түсуінде өкпе
көлемінде кішірейеді және ауа одан қарама
қарсы жаққа ( сау жақ ) ұмтылады. Бұл жағдай
қабырғалық «терезе» қозғалысының көкет
аралықтың ығысуының бірігуімен қиындай
түседі. Мұндай тыныс алу өкпе – жүректік
жетіспеушілік, плевропульмональді
шок дамуына әкеледі.

12.

Диагностика. Ең алдымен жарақаттың механизімен болу жағдайын анықтау
керек. Дем алу, жөтел, қатты қозғалыстар кезінде күштілігі кенеттен ұлғаятын
кеуде қуысындағы ауырсынуды анықтайды. Жиі науқас мәжбүр жағдайды
қабылдайды, зақымдану жағына еңкейеді, кеуде қуысын қолымен көтермелейді.
Тыныс алу
беткей, жиі. Терең дем алуға тырысу кезінде ауырсынудың
күшеюінен терең дем алу үзіледі ( « үзілген дем алу» белгісі ). Тері түсінің,
сырылулар түсінің өзгерісі қанталаулар жарақаттаушы күштің түсу орнын
көрсетеді. Сынықтың клиникалық дәл орналасуын төстен омыртқаға дейінгі
қабырғаларды сипап сезу арқылы анықтайды. Ең ауырсыну нүктесі, ісіну,
сықырлау тура сынықты көрсетеді. Тыныс алу бұзулуларының ауырлығы
қабырғалардың сыну санына, орналасуына байланысты екі жақты бірнеше
қабырғалардың сынуы әдетте тыныс алудың ауыр бұзылыстарымен қатар
жүреді. Сүйек сынықтарының сықырын болжамалы сынық орнының
пальпациясы мен аускультациясы кезінде анықтайды. Жоғарғы қабырғалардың
( 1-2 қабырға ) зақымдануы кезінде бұғана және бұғана асты тамырлардың (
артерия және көктамыр ) зақымдануы мүмкін, ортаңғы қабырғалар (3-9
қабырғалар) негізінен жүрек және өкпе жағынан асқынулар гемо-, пневмо-,
гемопневмоторакс, өкпе соққысы, гемоперикардиум түрінде дамиды. Төменгі
қабырғалардың ( 9-12 қабырғалар зақымдану кезінде іш қуысы мүшелері –
бауыр жыртылуы көк бауыр, бүйрек т.б зақымдануы мүмкін.

13.

14.

Радиологиялық диагностика. Кеуде қуысының «қорытынды»
рентгенаграммасын алдыңғы артқы бағытта орындайды. Рентген
суретіне тек қана оның жарақаттанған жағы ғана емес, бүкіл кеуде
қуысының түсуі міндетті болып табылады. Қорытыңды
рентгенограмада қабырғалардың артқұы бөлігі көлденең
орналасқан немесе ішінен сыртына, жоғарыдан төмен жүреді;
алдыңғы бөлігі-сыртынан ішке жоғарыдан төмен жүреді.
Қабырғалардың сынуын анықтау үшін әр бір қабырғаны
омыртқамен байланысқан жерінен бастап, төспен байланысқан
жеріне дейін бөлік бойынша мұқият қарау керек. Тек қана сүйектік
зақымдануларға ғана емес сонымен қатар плевра қуысындағы
мүмкін болатын бос газдармен сұйықтарға назар аударады.

15.

16.

Емдеу.
Оқиға болған орында алғашқы дәрігенрлік көмек көрсеткенде
жансыздандыруды бұлшық ет ішілік ( анальгин+димедрол,
кетонал, наркотикалық анальгетиктер) жүргіземіз. Одан кейін
науқасты статционарға тасымалдаймыз. Стационар
жағдайында асқынбаған қабырға сынықтары кезінде емдеуді
сынық орнын блокададан бастаймыз ( 10 мл 1% новокаин
немесе лидокаин ерітіндісін сынық аймағына ). Қосымша
қабырға аралық жүйкелерді блокадалау жүргізу
тағайындалады- қабырға аралық немесе паравертебральді
блокада.
English     Русский Правила