«Экономика және сервис» факультеті «Мемлекттік және шет тілдері » кафедрасы
3.33M
Категория: БизнесБизнес

Жұмыс беруші және бәсекеге қабілеттілік

1. «Экономика және сервис» факультеті «Мемлекттік және шет тілдері » кафедрасы

Қ. ҚҰЛАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ
БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және сервис» факультеті
«Мемлекттік және шет тілдері » кафедрасы
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ
ІI - семестр
В2-1 деңгейі
(Барлық мамандықтар үшін)
Фото

2.

ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖӘНЕ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
5-апта • В2 деңгейі • ІІ-семестр

3.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Бұл презентацияда жұмыс берушінің рөлі, бәсекеге
қабілеттілік туралы түсініктер мен грамматикалық ережелер
қарастырылады.
Бүгінгі сабақта біз:
• Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін
• Бәсекеге қабілеттіліктің түрлері мен деңгейлерін
• Үстеу тудырушы жұрнақтарды
• Мақсат үстеулерін қарастырамыз

4.

ЖҰМЫС БЕРУШІ КІМ?
ЖҰМЫС БЕРУШІ
Жұмыс күшін жалдайтын
адам немесе ұйым.
Жұмыс берушілер - бұл
кәсіпорын немесе ұйым
басшылары, жеке
кәсіпкерлер,
компанияның меншік
иелері.
ҚҰҚЫҚТАР
МІНДЕТТЕР
• Еңбек шартын жасасу
• Еңбек шартын сақтау
• Еңбек шартын өзгерту
• Жалақы уақытында төлеу
• Еңбек шартын
• Еңбек жағдайларын
толықтыру
қамтамасыз ету
• Еңбек шартын бұзу
• Еңбек қауіпсіздігін сақтау
• Қызметкерлерді таңдау
• Әлеуметтік кепілдіктер
• Жұмыс тәртібін белгілеу
беру

5.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1. ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Нарықта сұранысқа ие болу
қабілеттілігі.
Бұл тауардың сапасы, бағасы,
сыртқы келбеті, қызметтік
қасиеттері арқылы көрінеді.
3. САЛАЛЫҚ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІК
Белгілі бір саланың бәсекелестікте
басым болуы.
Сала ішіндегі компаниялардың жалпы
жетістіктері.
2. ӨНДІРУШІНІҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Тиімді өндіріс, сапалы өнім шығару
қабілеті.
Технология деңгейі, басқару
тиімділігі, инновациялар енгізу.
4. ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Экономикалық, әлеуметтік және
саяси факторлардың жиынтығы.
Ұлттық экономиканың әлемдік
нарықтағы позициясы.

6.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
ИННОВАЦИЯЛАР
САПА
БІЛІМ
• Жаңа технологияларды енгізу
• Өнімнің сапасын арттыру
• Ғылыми-техникалық даму
• Тұтынушылардың сұранысын
• Білім беру жүйесін дамыту
• Зерттеу жұмыстарын жүргізу
қанағаттандыру
• Мамандарды дайындау
• Цифрлық технологияларды
• Сапа менеджменті жүйесін енгізу
• Қайта даярлау курстары
қолдану
• Халықаралық стандарттарға
• Біліктілікті арттыру
• Автоматтандыру және
сәйкестік
• Өмір бойы оқу
роботтандыру
• Үздіксіз жетілдіру

7.

ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
• Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі
• Жан басына шаққандағы табыстың
артуы
• Өндіріс көлемінің ұлғаюы
• Инвестициялардың өсуі
• Экспорттың дамуы
ТҰРАҚТЫЛЫҚ
• Сыртқы күйзелістерге төтеп беру
• Экономикалық тұрақтылық
• Қаржы жүйесінің берік болуы
• Әлеуметтік тұрақтылық
• Саяси тұрақтылық
БӘСЕКЕЛЕСТІК
• Әлемдік нарықта өз орнын алу
• Бәсекелестікке қабілетті болу
• Халықаралық рейтингтерде жоғары
орын алу
• Экспорт әлеуетін арттыру
• Шетелдік инвестицияларды тарту

8.

Бейнебаяндарды мұқият қараңыз.
https://youtu.be/hbcBinn121E?si=3uY7F8FBPEHeEIwF
https://youtu.be/A4oHbbVDobI?si=mWMMjV8lgA8kmrvg
https://youtu.be/hbcBinn121E?si=RXXwImn9ak6gVxPb

9.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар:
“Жұмыс орнындағы құқықтар”
1-Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Видеода айтылған ақпаратқа сүйене отырып:
Жұмыс орнында қызметкердің қандай құқықтары бар?
Қандай жағдайларда жұмыс беруші заңды түрде жаза қолдана
алады?
Қауіпсіздік ережелері бұзылғанда қызметкер не істеуі керек?
Жұмыс уақытын және демалыс уақытын сақтау не үшін маңызды?
Видеодан сіз үшін ең маңызды ақпарат қандай болды?
2-Тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Мен видеодан __________________________ екенін түсіндім.
Қызметкердің негізгі құқықтарының бірі – ____________________.
Егер жұмыс беруші заң бұзса, мен __________________________.
Қауіпсіздік ережелері ____________________ үшін қажет.
Өз құқықтарымды білу маған __________________ береді.

10.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар:
“Жұмыс орнындағы құқықтар”
3-Тапсырма. “Менің еңбек құқығым” атты қысқа мәтін жазыңыз.
5–6 сөйлем болсын:
• Жұмыс орнындағы құқықтарыңыз туралы айтыңыз.
• Қандай құқық сіз үшін маңызды екенін жазыңыз.
• Бұл құқықтар не үшін қажет екенін түсіндіріңіз.
4-Тапсырма. Дұрыс немесе бұрыс (True/False).
1. Жұмыс беруші қызметкерді себепсіз жұмыстан шығара алады.
2.Қызметкер қауіпсіздік техникасымен танысуға міндетті.
3.Қызметкердің еңбек демалысын алуға құқығы бар.
4.Жұмыс беруші қосымша жұмысқа мәжбүрлей алады.
5.Жалақы уақытында төленуі керек.
5-Тапсырма. Өз ойыңызды білдіріңіз.
Тақырып: “Неліктен жұмысшы өз құқықтарын білуі керек?”
3 аргумент жазыңыз.

11.

ОҚЫЛЫМ МӘТІНІ
Бүгінгі заманда бәсекеге қабілеттілік әр адамның, әр компанияның және әр
елдің дамуы үшін өте маңызды. Бәсекеге қабілеттілік – басқалармен
салыстырғанда артық болу, жақсы нәтиже көрсету деген сөз. Оның бірнеше
түрлері бар. Мысалы, тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның сапасы, бағасы және
тұтынушыға тиімділігі арқылы анықталады. Компанияның бәсекеге қабілеттілігі –
дұрыс басқару, жаңа технологиялар енгізу және қызметкерлердің кәсіби
деңгейіне байланысты. Ал елдің бәсекеге қабілеттілігі экономиканың
тұрақтылығымен, инновациялармен және білім беру жүйесімен өлшенеді.
Бәсекеге қабілеттіліктің деңгейлері де әртүрлі. Бірінші деңгей – жеке адам. Әр
адам өзінің білімін, дағдыларын және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту арқылы
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады. Екінші деңгей – компания. Үшінші
деңгей – салалар. Ал ең жоғары деңгей – мемлекеттің жалпы бәсекеге
қабілеттілігі. Осы деңгейлердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.

12.

ОҚЫЛЫМ МӘТІНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
Түсінік тексеру сұрақтары (оқылымнан кейін):
1. Бәсекеге қабілеттілік деген не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі қалай анықталады?
4.Жеке адамның бәсекеге қабілеттілігі неге байланысты?
5. Бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі қайсы?
2. Бос орынды толтырыңыз.
• Тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның сапасы мен ________ байланысты.
• Жеке адамның бәсекеге қабілеттілігі оның білімі мен ________ анықталады.
• Елдің бәсекеге қабілеттілігі экономика мен ________ деңгейіне қарай бағаланады.
• Компанияның табысты болуы дұрыс ________ байланысты.
• Бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі – ________.
3. True / False (Дұрыс немесе бұрыс).
• Бәсекеге қабілеттілік тек компанияларға ғана қатысты.
• Елдің бәсекеге қабілеттілігі инновация мен білім беру жүйесіне байланысты.
• Жеке адамның да бәсекеге қабілетті деңгейі бар.
• Тауардың бағасы оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер етпейді.
• Барлық деңгейлер бір-бірімен байланысты.

13.

4. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1) Тауардың бәсекеге қабілеттілігін не анықтайды?
A) Елдің экономикасы
B) Бағасы мен сапасы
C) Компанияның қызметкерлері
2) Ең жоғары деңгей қайсы?
A) Жеке адам
B) Сала
C) Мемлекет
3) Компанияның бәсекеге қабілеттілігі неге байланысты?
A) Басқару мен технологияға
B) Ауа райына
C) Демалыс уақытына
5. Сөйлесу сұрақтары (Айтылым).
Сіздің ойыңызша, неге бәсекеге қабілетті болу маңызды?
Қандай адамдар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті деп ойлайсыз?
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін не істеу керек?
Компаниялар бәсекелестікке төтеп беру үшін қандай қадамдар жасауы керек?
Өз салаңызда бәсекеге қабілетті болу үшін сіз не істейсіз?

14.

ГРАММАТИКА: ҮСТЕУ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР
Үстеу тудырушы жұрнақтар - зат есімдерден, сын есімдерден
және сан есімдерден үстеулер жасайтын қосымшалар.
Үстеулер қимылдың қалай, қашан, қайда, қалай етіліп жатқанын
білдіреді.
Үстеу тудырушы жұрнақтар үш топқа бөлінеді:
1. -лай, -лей жұрнағы
2. -ша, -ше жұрнағы
3. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы
Келесі слайдтарда әрбір жұрнақты толық қарастырамыз.

15.

ҮСТЕУ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚ: -ЛАЙ, -ЛЕЙ
Мағынасы:
Қимылдың қалай орындалғанын, қандай тәсілмен істелгенін білдіреді. (каким
образом, как)
Жалғау ережесі:
Жуан дауыстыларға: -лай (а, о, ұ, ы, у)
Жіңішке дауыстыларға: -лей (ә, ө, ү, і, е)
Мысалдар:
• Ол балықты тірілей судан шығарып алды.
• Біз ауылға жаяулай жеттік.
• Қонақтар етті шикілей жемейді

16.

ҮСТЕУ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚ: -ША, -ШЕ
Мағынасы:
1) Пікір білдіру үстеулерін жасайды (по моему мнению)
2) Іс-әрекеттің қалай орындалғанын көрсетеді (каким способом)
Жалғау ережесі:
Жуан дауыстыларға: -ша (а, о, ұ, ы)
Жіңішке дауыстыларға: -ше (ә, ө, ү, і, е)
Мысалдар:
• Меніңше - по-моему
• Сеніңше - по-твоему
• Ауызша - устно
• Жазбаша - письменно
• Ескіше - по-старому
• Жаңаша - по-новому

17.

ҮСТЕУ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚ: -ДАЙ, -ДЕЙ
Мағынасы:
Бір нәрсенің сол сияқты, сол тәрізді, ұқсас түрде орындалғанын
білдіреді.
(как будто, словно, подобно)
Жалғау ережесі:
Жуан дауыстыларға: -дай (а, о, ұ, ы)
Жіңішке дауыстыларға: -дей (ә, ө, ү, і, е)
Мысалдар:
• Ол маған мұздай су берді.
• Ат жарысында тұлпарлар құстай ұшты.
• Көктемде дала гүлдей құлпырып кетті.

18.

МАҚСАТ ҮСТЕУЛЕРІ
Мағынасы:
Іс-қимылдың не үшін, қандай мақсатпен жасалғанын білдіреді.
(зачем? с какой целью?)
Сұрағы:
Не үшін? Не мақсатпен? Не қылмақ болып?
Жасалу жолдары:
-у үшін (Оқу үшін кітап алдым. Үйрену үшін күнде жаттығамын.)
-мақ/-мек үшін (Көрмек үшін келдім. Алмақ үшін дүкенге бардым. Білмек үшін сұрақ
қойдым)
Арнайы мақсат білдіретін сөздер: әдейі, қасақана, бекерге емес, мақсатты түрде т.б.
✔ 3) Мақсат білдіретін сөздер
• Әдейі ерте тұрдым — чтобы специально встать раньше.
• Қасақана сөйлемеді — умышленно не говорил.
• Мақсатты түрде дайындалдым — готовился целенаправленно.

19.

ЖАТТЫҒУ: ҮСТЕУЛЕРДІ ТАБЫҢЫЗ
Келесі сөйлемдердегі үстеу тудырушы жұрнақтарды табып, олардың қай топқа
жататынын анықтаңыз:
1. Студент тапсырманы жазбаша орындады.
2. Біз мәселені достарша шештік.
3. Ол ақшалай емес, картамен төледі.
4. Меніңше, бұл жоба табысты болады.
5. Қыс күндей суық болды.
6. Ол қасақана кеш келді.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз
Жақша ішіндегі сөздерден үстеу жасап, сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз:
1. Біз ауылға (жаяу) __________ жеттік.
2.Қыс бойы (мұз) __________ суық су ішпе.
3.Ол (бала) __________ қуанды.
4.Сүтті (жылы) __________ ішу керек.

20.

ЖАТТЫҒУ: ҮСТЕУЛЕРДІ ТАБЫҢЫЗ
3-тапсырма. Артық сөзді табыңыз
Қай сөз үстеу емес? Себебін түсіндіріңіз:
А) Тазалай, бүтіндей, әдейі, осылай.
Ә) Құстай, жаздай, таудай, бала.
4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс
Төмендегі үстеулерді қатыстырып, 2 сөйлем
құраңыз:
• Тірілей
• Құстай
5-тапсырма. Сәйкестендіру тесті.
Төмендегі үстеулерді мағынасына
қарай іс-әрекетпен (етістікпен)
сәйкестендіріңіз:
English     Русский Правила