ЕБҚ бар балаларға арналған орта білімнің қол жетімділігі
919.27K

12 дәрісc

1.

2.

* Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге
сәйкес, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
жаңа, объективті жүйесін енгізу қажеттілігі туындады.
Себебі мектептегі дәстүрлі бағалау тәжірибесі жаңа
білім
беру
стандартына,
жаңартылған
оқу
бағдарламаларына және оқыту мақсаттарына сай
келмейді, ал олар оқу жетістіктерін бағалаудың ғылыми
негізделген және барабар моделін қажет етеді.

3.

Бағалау үдерісін қайта қараудың өзектілігі қазіргі
заманғы
білім
беру
стратегияларымен,
халықаралық стандарттар мен сапа талаптарын
ескере
отырып
білім
деңгейін
көтеру
қажеттілігімен, оқу жетістіктеріне баға қою мен
бағалауға бірыңғай талаптар әзірлеу арқылы оқыту
нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз ету және
Қазақстан
мектебінің
түлектерінің
бәсекеге
қабілеттілігін арттыру қажеттілігімен анықталады.

4.

Орта білімнің тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – оқушылардың
оқу жетістіктерінің деңгейі, бұл мектептегі білім беру үдерісінің қалай жұмыс
істейтінін, дамып жатқанын, оқушыларға және олардың нәтижелілігіне қалай
әсер ететінін көрсетеді.
• Сондықтан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің қаншалықты
сапалы құрылғаны білім сапасын арттыру әлеуетінің деңгейіне тікелей
байланысты.
• Педагог оқыту мен танымдық әрекет нәтижесін белгілі эталондармен
салыстыра отырып, оқушыны ойлау және практикалық әрекет тәсілдерін
меңгеруге бағыттайды.
• Ол бағалау үдерісін оқушының жетістіктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне
қатысты айтылатын сөйлеу арқылы мотивациялық және мазмұндық
мағынамен толықтырады.
• Соның нәтижесінде, оқушы мұғалім оқу жетістіктерін қандай эталонға
сүйеніп бағалайтынын түсінеді және бұл оны білім алуға ынталандырады,

5.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27
шілдедегі № 319 Заңы.
4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
14-бап. Білім беру бағдарламалары. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы оқу бағдарламалары
әзірленуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқытуға арналған білім беру
ұйымдары білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму
ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдейді.
19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары. Арнайы оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, техникалық кәсіптік білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға
және дамытуға бағытталған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың
ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
5-тарау.Білім беру қызметін ұйымдастыру. Орта білім алу үшін мүмкіндігі шектеулі балалар білім беру
ұйымдарына алты – он жастан бастап қабылдана алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру
бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алу ұзақтығы кемінде он жыл болуға тиіс.

6.

*
Инклюзивті
практиканы
іске
асыру
саласындағы педагогикалық ұжымның тиімді
жұмысының көрсеткіштерінің бірі мүмкіндігі
шектеулі бала үшін оқыту мен тәрбиелеудің арнайы
жағдайларын жасауға икемді, дараланған тәсіл
болып табылады.
* Бұл тәсіл білім беру ұйымы шеңберінде
баланың жеке білім беру бағытын әзірлеуде,
бейімделген білім беру бағдарламасын әзірлеуде,
инклюзивті білім беру ортасын құруда, ерекше білім
қажеттіліктері
бар
балалардың
әртүрлі
санаттарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін
арнайы білім беру жағдайларында көрінеді.

7. ЕБҚ бар балаларға арналған орта білімнің қол жетімділігі

Орта білім беру ұйымдарында сапалы және
қолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін
физикалық
кедергісіз
қолайлы
ортаны,
әдістемелік, кадрлық және басқа ресурстарды қоса
алғанда, эргономикалық негізде инклюзивті білім
беру ортасы құрылатын болады.
ҚР Үкіметінің "ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасын бекіту туралы" 2023.03.28 № 249 қаулысы.

8.

Критериалды бағалау
• Білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, оқу
процесінің барлық қатысушыларына нақты
белгіленген,
алдын
ала
белгілі
бағалау
критерийлерімен
салыстыруға
негізделген
процесс.
• ҚР Білім және ғылым министрінің "орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың
білімін бағалау критерийін бекіту туралы" 21.01.2016 ж.
№ 52 бұйрығы.

9.

Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау критерийлері
• білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.
Тіл пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалау критерийлері
• тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.
• ҚР Білім және ғылым министрінің "орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың
білімін бағалау критерийін бекіту туралы" 21.01.2016 ж. №
52 бұйрығы.

10.

ЕБҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау әдістері
Ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ)
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау –
инклюзивті білім беру жүйесінің маңызды
бөлігі.
Бағалау арқылы оқушының даму
динамикасын
анықтап,
жеке
оқу
траекториясын құруға және қолдау
көрсетуге мүмкіндік туады.

11.

Бағалаудың негізгі қағидаттары:
1. Жекешелендіру – бағалау әр баланың
мүмкіндігі мен даму қарқынына қарай
жүргізіледі.
2. Процесс пен нәтижені ескеру – тек нәтиже
емес, талпынысы мен прогрессі бағаланады.
3. Көп арналы бағалау – вербалды, визуалды,
практикалық әрекеттер арқылы бағалау.
4. Қолдау мен ынталандыру – бағалау
оқушыны жігерлендіруге бағытталады.
5. Кері байланыс – бағалау нәтижесі оқушының
әрі қарай даму жоспарына негіз болады.

12.

ЕБҚ бар оқушыларды бағалау түрлері:
Қалыптастырушы бағалау:
- күнделікті бақылау
- шағын тапсырмалар
- ауызша жауап
- рефлексия
Мақсаты: оқушының даму қарқынын
бақылап, уақытылы көмек көрсету.

13.

Нәтижеге бағытталған бағалау:
тоқсандық,
жылдық бағалау
портфолио нәтижелері
Мақсаты: оқушының қол жеткізген деңгейін
анықтау.
Диагностикалық бағалау:
бастапқы деңгейін анықтау
жеке білім беру бағдарламасын құру
(ІЖЖ/ЖОЖ)

14.

Әдістері
1. Бақылау
2. мінез-құлық
3. қарым-қатынас әрекет барысы
4. эмоциялық жағдай

15.

1. Портфолио әдісі
2. шығармашылық жұмыстар
3. тест нәтижелері
4. фото/видео дәлелдер
5. рефлексия дәптері

16.

Ерекше жағдайлар бойынша бейімдеу ЕБҚ
бар оқушыларды бағалауда:
✔ тапсырмаларды жеңілдету
✔ уақытты ұзарту
✔ визуалды немесе ауызша нұсқаулық беру
✔ техникалық құралдарды қолдану
✔ балл емес — прогресс бойынша бағалау

17.

Бағалау құралдары:
бақылау парағы
даму картасы
жеке оқу жетістігі журналы
баланың жеке жетістік шкаласы
критерийлерге негізделген бағалау парағы
портфолио

18.

ЕБҚ бар оқушыларды бағалау —
баланың
жеке
дамуын
қолдайтын,
жетістікке жетелейтін, ынталандырушы
үдеріс.
Бағалау әдістерін дұрыс таңдау арқылы
әр баланың әлеуетін ашуға және сапалы
инклюзивті орта құруға мүмкіндік туады
English     Русский Правила