Похожие презентации:
12 дәріс (2)
1.
2.
* Жаңартылған білім беру мазмұнына көшугесәйкес, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
жаңа, объективті жүйесін енгізу қажеттілігі туындады.
Себебі мектептегі дәстүрлі бағалау тәжірибесі жаңа
білім
беру
стандартына,
жаңартылған
оқу
бағдарламаларына және оқыту мақсаттарына сай
келмейді, ал олар оқу жетістіктерін бағалаудың ғылыми
негізделген және барабар моделін қажет етеді.
3.
Бағалау үдерісін қайта қараудың өзектілігі қазіргізаманғы
білім
беру
стратегияларымен,
халықаралық стандарттар мен сапа талаптарын
ескере
отырып
білім
деңгейін
көтеру
қажеттілігімен, оқу жетістіктеріне баға қою мен
бағалауға бірыңғай талаптар әзірлеу арқылы оқыту
нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз ету және
Қазақстан
мектебінің
түлектерінің
бәсекеге
қабілеттілігін арттыру қажеттілігімен анықталады.
4.
Ортабілімнің
тиімділігінің
маңызды
көрсеткіштерінің
бірі
–
оқушылардың
оқу
жетістіктерінің деңгейі, бұл мектептегі білім беру
үдерісінің қалай жұмыс істейтінін, дамып жатқанын,
оқушыларға және олардың нәтижелілігіне қалай әсер
ететінін көрсетеді.
• Сондықтан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
жүйесінің қаншалықты сапалы құрылғаны білім
сапасын арттыру әлеуетінің деңгейіне тікелей
байланысты.
5.
Педагог оқыту мен танымдық әрекет нәтижесін белгілі
эталондармен салыстыра отырып, оқушыны ойлау және
практикалық әрекет тәсілдерін меңгеруге бағыттайды.
• Ол бағалау үдерісін оқушының жетістіктері мен әлеуетті
мүмкіндіктеріне қатысты айтылатын сөйлеу арқылы
мотивациялық және мазмұндық мағынамен толықтырады.
• Соның
нәтижесінде,
оқушы
мұғалім
оқу
жетістіктерін қандай эталонға сүйеніп бағалайтынын
түсінеді және бұл оны білім алуға ынталандырады,
6.
*Инклюзивті
практиканы
іске
асыру
саласындағы педагогикалық ұжымның тиімді
жұмысының көрсеткіштерінің бірі мүмкіндігі
шектеулі бала үшін оқыту мен тәрбиелеудің арнайы
жағдайларын жасауға икемді, дараланған тәсіл
болып табылады.
* Бұл тәсіл білім беру ұйымы шеңберінде
баланың жеке білім беру бағытын әзірлеуде,
бейімделген білім беру бағдарламасын әзірлеуде,
инклюзивті білім беру ортасын құруда, ерекше білім
қажеттіліктері
бар
балалардың
әртүрлі
санаттарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін
арнайы білім беру жағдайларында көрінеді.
7. ЕБҚ бар балаларға арналған орта білімнің қол жетімділігі
Орта білім беру ұйымдарында сапалы жәнеқолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін
физикалық
кедергісіз
қолайлы
ортаны,
әдістемелік, кадрлық және басқа ресурстарды қоса
алғанда, эргономикалық негізде инклюзивті білім
беру ортасы құрылатын болады.
ҚР Үкіметінің "ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасын бекіту туралы" 2023.03.28 № 249 қаулысы.
8.
Критериалды бағалау• Білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, оқу
процесінің барлық қатысушыларына нақты
белгіленген,
алдын
ала
белгілі
бағалау
критерийлерімен
салыстыруға
негізделген
процесс.
• ҚР Білім және ғылым министрінің "орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың
білімін бағалау критерийін бекіту туралы" 21.01.2016 ж.
№ 52 бұйрығы.
9.
Критериалды бағалауИнклюзивті білім беруде ерекше білім беру
қажеттіліктері
(ЕББҚ)
бар
оқушылар
ды критериалды
бағалау — олардың жеке
мүмкіндіктерін
ескере
отырып,
оқу
бағдарламасының талаптарына қол жеткізуін
қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы
жүзеге асыру технологиясы.
Ол жеке түзету-дамыту бағдарламаларына,
критерийлерді бейімдеуге және дескрипторлар
арқылы үлгерімді анықтауға негізделеді
10.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІКОМПОНЕНТТЕРІ
Критерийлерді бейімдеу: ЕББҚ бар оқушылар үшін бағалау критерийлері
олардың психофизикалық ерекшеліктеріне қарай жеңілдетіледі немесе
өзгертіледі.
Қалыптастырушы бағалау (Формативті): Үдеріске бағытталған, оқушының
шағын жетістіктерін ынталандырады, кері байланыс береді (мысалы, "сен мұны
жақсы жасадың, енді мына жерін түзетіп көрейік").
Жиынтық бағалау (Суммативті): Бөлім (БЖБ) және тоқсан (ТЖБ) бойынша
жеке критерийлер негізінде, оқушының өткен материалды қаншалықты
меңгергенін анықтайды.
Дескрипторлар: Оқушының тапсырманы орындау деңгейін көрсететін нақты
қадамдар. Олар оқушыға не істеу керектігін түсінуге көмектеседі.
Жеке оқу жоспары (ЖОЖ): Бағалау осы жеке жоспардың мақсаттарына
негізделеді
11.
БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУКЕЗЕҢДЕРІ
• Диагностика: Оқушының даму ерекшеліктерін, күшті және әлсіз
жақтарын анықтау.
• Мақсат қою: Оқушының мүмкіндігіне сай жеке критерийлерді
(SMART мақсаттар) бекіту.
• Бағалау құралдарын әзірлеу: Арнайы тапсырмалар, жеңілдетілген
тесттер, көрнекі материалдар дайындау.
• Бағалау үдерісі: Оқушыға қолайлы жағдай жасау (уақытты ұзарту,
көмекші құралдарды қолдану).
• Кері байланыс және түзету: Нәтижелерді талдау және оқу
жоспарына
өзгерістер
енгізу.
12.
Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың оқужетістіктерін бағалау критерийлері
• білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.
Тіл пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалау критерийлері
• тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.
• ҚР Білім және ғылым министрінің "орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың
білімін бағалау критерийін бекіту туралы" 21.01.2016 ж. №
52 бұйрығы.
13.
ЕБҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерінбағалау әдістері
Ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ)
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау –
инклюзивті білім беру жүйесінің маңызды
бөлігі.
Бағалау арқылы оқушының даму
динамикасын
анықтап,
жеке
оқу
траекториясын құруға және қолдау
көрсетуге мүмкіндік туады.
14.
ЕБҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерінбағалау әдістері
Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау
қызметінің барлық мамандарының бірлескен күшжігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін. Олардың
қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру
қажет міндетті үш компонент бар:
• бала дамуының диагностикасы (психикалық,
тұлғалық, әлеуметтік);
• түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық
сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
• білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және
бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға
қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау
15.
ЕБҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудапедагогикалық-психологиялық қолдау
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық
қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің
барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз
мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы
үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық
қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі
ретінде қарастырылады
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық
қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:
- өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды
шешуге бағытталған;
- перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру
және алдын алуға бағытталған.
16.
Бағалаудың негізгі қағидаттары:1. Жекешелендіру – бағалау әр баланың
мүмкіндігі мен даму қарқынына қарай
жүргізіледі.
2. Процесс пен нәтижені ескеру – тек нәтиже
емес, талпынысы мен прогрессі бағаланады.
3. Көп арналы бағалау – вербалды, визуалды,
практикалық әрекеттер арқылы бағалау.
4. Қолдау мен ынталандыру – бағалау
оқушыны жігерлендіруге бағытталады.
5. Кері байланыс – бағалау нәтижесі оқушының
әрі қарай даму жоспарына негіз болады.
17.
ЕБҚ бар оқушыларды бағалау түрлері:Қалыптастырушы бағалау:
- күнделікті бақылау
- шағын тапсырмалар
- ауызша жауап
- рефлексия
Мақсаты: оқушының даму қарқынын
бақылап, уақытылы көмек көрсету.
18.
Нәтижеге бағытталған бағалау:тоқсандық,
жылдық бағалау
портфолио нәтижелері
Мақсаты: оқушының қол жеткізген деңгейін
анықтау.
Диагностикалық бағалау:
бастапқы деңгейін анықтау
жеке білім беру бағдарламасын құру
(ІЖЖ/ЖОЖ)
19.
Әдістері1. Бақылау
2. мінез-құлық
3. қарым-қатынас әрекет барысы
4. эмоциялық жағдай
20.
1. Портфолио әдісі2. шығармашылық жұмыстар
3. тест нәтижелері
4. фото/видео дәлелдер
5. рефлексия дәптері
21.
Ерекше жағдайлар бойынша бейімдеу ЕБҚбар оқушыларды бағалауда:
✔ тапсырмаларды жеңілдету
✔ уақытты ұзарту
✔ визуалды немесе ауызша нұсқаулық беру
✔ техникалық құралдарды қолдану
✔ балл емес — прогресс бойынша бағалау
22.
Бағалау құралдары:бақылау парағы
даму картасы
жеке оқу жетістігі журналы
баланың жеке жетістік шкаласы
критерийлерге негізделген бағалау парағы
портфолио
23.
ЕБҚ бар оқушыларды бағалау —баланың
жеке
дамуын
қолдайтын,
жетістікке жетелейтін, ынталандырушы
үдеріс.
Бағалау әдістерін дұрыс таңдау арқылы
әр баланың әлеуетін ашуға және сапалы
инклюзивті орта құруға мүмкіндік туады