952.71K

Баймуратова Ж.М. презентация

1.

БӨБЕК ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕШІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, тұлғалық дамуын қамтамасыз ету – қазіргі
білім беру жүйесінің маңызды міндеті. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру
және сауықтыру орталығында тәрбиеші оқу-сауықтыру үдерісінің негізгі қатысушысы,
баланың психологиялық, әлеуметтік және тұлғалық дамуын қолдаушы тұлға.
Баймуратова Ж.М.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы КМҚК «№87 бөбекжайбалабақшасы»

2.

Орталықтың ерекшелігі мен
мақсаты
«Бөбек» орталығы – Оқу-ағарту
министрлігінің қолдауымен жұмыс істейтін
арнайы оқу-сауықтыру кешені. Балалар
тегін жолдама арқылы келіп, медициналық
көрсеткіштеріне сәйкес әртүрлі емдік және
сауықтыру процедураларын қабылдайды.
Орталықта массаж, галотерапия, емдік
ванналар, ультракүлгін сәулемен емдеу,
физиотерапиялық процедуралар (биоптрон,
жарықпен және жылумен емдеу,
альфакапсула, магнитотерапия, дарсонваль,
парафинотерапия), стоматолог пен лор
дәрігерінің қызметі көрсетіледі.
Маңызды:
Орталық –
демалыс лагері
емес, балалардың
физикалық
саулығын
нығайтуға
бағытталған
мекеме.

3.

Тәрбиешінің қызметінің негізгі бағыттары
Ұйымдастырушылық қызмет
Күн тәртібін қатаң сақтауды
қамтамасыз ету, емдік процедураларға
уақытында бару, тынығу мен
тамақтану режимін ұйымдастыру.
Тәрбиелік-дамытушылық
қызмет
Баланың рухани-адамгершілік
қасиеттерін дамыту, өз-өзіне күтім
жасауға, тәртіп сақтауға үйрету, ем
қабылдауға саналы көзқарас
қалыптастыру.
Психологиялық қолдау
Ата-анасынан алшақ жағдайда
мазасыздық сезінетін балалармен жеке
жұмыс жүргізу, сенімді қарымқатынас орнату, жағымды
психологиялық орта қалыптастыру.

4.

Ата-аналармен жұмыс
Тәрбиешінің маңызды қызметінің бірі – ата-аналармен түсіндіру жұмысын жүргізу. Атааналар орталықтың негізгі бағыты баланың денсаулығын нығайту екенін, экскурсиялар
мен мәдени шаралар қосымша түрде, орталықтың бастамасымен ғана
ұйымдастырылатынын нақты түсінуі тиіс.
Ақпарат беру
Баланың тәртібі, ем қабылдауы, мінез-құлқы туралы үнемі хабарлау
Сенім орнату
Орталық пен ата-ана арасында өзара түсіністік қалыптастыру
Тиімділік
Бала тәрбиесінің нәтижелілігін арттыру

5.

Экскурсиялар мен тәрбиелік шаралар
«Бөбек» орталығының бастамасымен балалар үшін Зообаққа, 28
панфиловшылар паркіне, халық аспаптар мұражайына тегін экскурсиялар
ұйымдастырылады.
Әлеуметтік дағдылар
Ұжыммен жүріп-тұру, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау
Тәрбиеші экскурсия барысында балалардың тәртібін қадағалап, олардың
қоршаған ортаға, ұлттық мәдениетке, тарихи құндылықтарға деген
қызығушылығын арттырады.
Мәдени тәрбие
Ұлттық құндылықтарды бағалау, бір-біріне қамқор болу

6.

Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі
Психологиялық білім
Педагогикалық білім
Тәрбие әдістері мен технологияларын
меңгеру
Балалар психологиясы мен физиологиясын
түсіну
Денсаулық сақтау
Денсаулық талаптары туралы базалық
түсінік
Жеке қасиеттер
Сабырлылық, жауапкершілік, мейірімділік
Коммуникация
Бала, ата-ана, медициналық
қызметкерлермен тығыз байланыс

7.

Қорытынды
«Бөбек» орталығында тәрбиешінің қызметі – көпқырлы, жауапты әрі маңызды қызмет. Тәрбиеші баланың
денсаулығын нығайту мен тұлғалық дамуын қамтамасыз ету жолында ұйымдастырушы, бағыттаушы,
қолдаушы тұлға ретінде әрекет етеді.
Тәрбиешінің кәсіби, жүйелі және саналы түрде ұйымдастырылған қызметі оқу-сауықтыру үдерісінің
тиімділігін арттырып, баланың орталықта болған уақытын пайдалы, мазмұнды әрі нәтижелі етеді.
Тәрбиешінің рөлі орталықтың жалпы қызметінде ерекше орын алады және әрдайым қолдауды, дамытуды
қажет етеді.
English     Русский Правила