Қоғам және мәдениет философиясы
Жоспар:
Әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Қоғамның негізделуі
Қоғам ұғымы
Қоғам
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:
Поппердің ашық және жабық қоғамы
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
109.03K

Қоғам_және_мәдениет_философиясы 11 дәріс

1. Қоғам және мәдениет философиясы

2. Жоспар:

Әлеуметтік философия: қалыптасуы, ұғымы,
функциялары мен категориялары
Қоғам феномені
Қоғам және табиғат, олардың өзара
байланысы.

3.

Қоғам – (лат. социалис) – адам
қызметінің тарихи қалыптасқан
формаларының (территориясы,
дәуірі, дәстүр мен мәдениеті)
барлық жиынтығы, яғни жүйелік
құрылымы.

4. Әлеуметтік философия

ХІХ ғасырдың соңына қарай айналымға “Әлеуметтік
философия” термині шықты. Ал бұдан “Әлеуметтік
философия” деп аталатын білім негіздері қалыптаса
бастады.
1929 жылы “Қоғамның рухани негіздері” атты
еңбегінде орыс ойшылы С. Л. Франк:
“әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не,
ол адам өмірінде қандай маңынаға ие болады, оның
шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет
жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”, деп нақты
анықтама берді. (Әрине, бұдан бөлек көптеген
анықтамалар бар).

5. Әлеуметтік философия

Сонымен әлеуметттік философия – “қоғамдық
болмыстың жалпы негіздерін” зерттеумен
айналысатын философияның үлкен бөлігі.
Әлеуметтік философия қоғамдық шындықтың
тұтас құрылымдық бейнесін көруге ұмтылады.
Әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің
барлық дүниесін, яғни, тарих, мәдениет, дін, саясат,
құқық, экономика т.б. әлемдерінің түпкі,
онтологиялық негіздерін зерттейтін
философиялық ілім болып саналады.
Әлеуметтік философия, ең алдымен, тарихтағы
қоғамдық болмыстың онтологиялық негіздерін
зерттеумен айналысатын философиялық білімнің
бөлігі.

6. Әлеуметтік философия

Аталғандардың бәрін эклектикалық қамтып қана
қоймай әлеуметтік философия – әлеуметтік, яғни
қоғамдық, социумдық құбылыстар мен үрдістерді
танудың теориялық-методологиялық мәселелерін,
заңдылықтарын, қоғам болмысының динамикасын
да қарастырады.
Осынысымен, яғни қоғам феноменін тұтас
қарастыратындығымен әлеуметтік философия,
қоғамды қарайтын арнайы философиялық
ғылымдар – әлеуметтанудан, саясаттанудан,
мәдениеттанудан ерекшеленеді.

7. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
БОЛЖАМДЫҚ
ТАНЫМДЫҚ
АКСИОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕЛІЛІК

8. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫС
ҚОҒАМДЫҚ САНА
ӨНДІРІС ТӘСІЛІ
ЕРКІНДІК ПЕН ҚАЖЕТТІЛІК
БАЗИС
ҚОНДЫРМА

9.

К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғам
өмірінің,тарихтың әлеуметтік заңдарының
табиғат заңдарымен ұқсас жақтарын көрсетумен
қатар,түбірлі айырмашылықтарын да ашып берді.
Бұл айырмашылық олардың қоғамдық дамуды
табиғи-тарихи процесс деп сипаттауынан
көрінеді.Табиғат процестері санадан тыс және
тәуелсіз қандай заңды,объективтік процесс
болса,табиғи-тарихи әлеуметтік процестер деп дәл
сондай заңды, қажетті, объективті болып
табылады.

10.

Қоғам және табиғат, олардың
өзара әрекеттесуі
немесе материя және идея
Ойдың даму тарихы
1. Платоннан Марксқа дейін – үлкен назар рухани
факторға аударылды.
2. Марксизм – материалдық факторлар басым
түсті. (адамдар арасындағы әлеуметтік
экономикалық және материалдық қатынастарға)
3. XX ғасыр – материалдық және рухани
факторлардың бірлігіне көп көңіл бөлді.
Көптеген концепциялар, діни концепциядан
басқасы, табиғат факторларына көп назар
аударып қоғам табиғаттан пайда болды деп
тұжырымдайды.

11.

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің
тарихи кезеңдері
1. Биологиялық –табиғат қоғамнан жоғары
тұрады.
2. Әлеуметтік гармония – табиғат және қоғам
гармонияда.
3. Әлеуметтік басым түссе – экологиялық
дағдарыс.
4. Дағдарыстан шығу жолы ноосфера –
ақыл сферасы арқылы.

12.

Қоғам мен табиғат өзара табиғи байланыста.
Осының нәтижесінде ноосфера (гр. «ақыл» және
«сфера») деп аталатын табиғатты «адамдандыру»
яғни адамның табиғатты игеру процесі пайда
болды. Ноосфера адамзаттың пайда болуына
байланысты туды. Қуатты, дамыған техника мен
технологияны пайдалана отырып, адам жер
табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке
зор әсерін тигізеді.

13.

«Биосфера - жаңа эволюциялық күйге - ноосфераға
айналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметтік
адамзатты өңдеуге» деп жазды В.И.Вернадский .
Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы
тұрғын халық. Адамсыз өндіріс мүмкін емес,
табиғатты игеріп, қоғам мүддесіне қызмет ететін
қуатты күш адамның еңбегі.

14. Қоғамның негізделуі

Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы
натурализм, идеализм, материализм,
стратификация, өркениеттік және т.б. теориялық
үлгілерде көрініс береді. Қоғамның дамуы
революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие.
Философияда қоғамның дамуы әлемдік тарихтың
бірлігімен алуан түрлі принципімен
қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен
жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы
диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық
дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс
ұғымы мен оның өлшемдері жатады.

15. Қоғам ұғымы

Қоғам дамитын және дамудағы жүйе. Оның
өзінің қозғаушы күші болады. Тарихи процестің
субъектісі және қозғаушы күші әртүрлі
философиялық бағыттарда қоғамды рухани
және материалдық тұрғыдан негіздеуге көрініс
береді.
Осылайша, қоғам дегеніміз мүдделері,
құндылықтары және мақсаттары әртүрлі
адамдар тобы мен әртүрлі әлеуметтік
бірлестіктердің жиынтығы болып табылады.

16. Қоғам

Табиғаттан ажырап бірлесе бастаған адамдар еңбек
бөлінісінің, таптардың пайда болуының, адамды
адамның қанауының куәсі болды. Осылай олардың
қоғам туралы түсініктері қалыптаса бастады. Бұл
түсініктермен қатар біртұтас, тірі әлеуметтік организм
ретінде қоғам да дамыды.
Қоғам кең мағынада табиғаттан оқшауланған және
адамдардың өмірлік әрекетінің тарихи дамып келе
жатқан формасын білдіретін материалдық әлемнің
бөлігі ретінде түсіндіріледі.
Тар мағынада қоғам – бұл жеке қоғам (мысалы,
американдық, кеңестік, қазақстандық).
Қоғам дегеніміз – адамдар арасындағы экономикалық
қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру
процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.

17.

Қазіргі заманда қоғам түсiнiгi үш тұрғыдан
қарастырылады:
• әрекеттiлiк - қоғам жеке индивидттердiн жай ғана
жиынтығы емес, әр-түрлi әлеуметтiк топтар, ұжымдар,
топтар, ұлттар, мемлекеттер т.б. сияқты тарихи
қалыптасқан адамдардың бiрлескен өзара-әрекеттесу
формалары;
• қатынастық қоғам – айқындаушы болып табылатын
экономикалық қатынастар негiзiнде қалыптасқан
әлеуметтiк қатынастар жиынтығы;
• институционалды қоғамды – ұйымдасқан басқару
аспектiсiнде қарастырады, қоғамның тұрақты дамуын
қамтамасыз ететiн ұйымдар мен мекемелер
жиынтығы.

18. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:

Қарапайым қоғам - рулық-тайпалық
қатынастарға, табиғи шаруашылдық
формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен
жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық
түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және
көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi
ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе
арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы
қоғамның типі.

19. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:

Дәстүрлi қоғам - аграрлы революция нәтижесiнде
көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет,
абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм
институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда
болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы,
қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару,
өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу
қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң
пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына
негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен
мәдени орталықтардың-қалалардың пайда
болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен
ерекшеленетiн қоғам типі (меншiк объектiсi- құл
иеленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiккапитал).

20. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:

Индустриалды қоғам индустриалды
революция негiзiнде үш әлеуметтiк
экономикалық заңдарды жүзеге асырды:
уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп
асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация
логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар
ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк
тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс
конвергенция тезисi деп аталады.

21. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:

Постиндустриалды қоғам - (1962ж. Дэниел
Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi»)
немесе информациялық қоғам деп атауға
болады, өйткенi оның ядросы информациялық
технологиялардың қарқынды және шапшан
дамуы болып табылады. Егер индустриалды
қоғам индустриалды революцияның нәтижесi
болса, онда постиндустриалды қоғам
информациялық революция нәтижесi.

22.

Антика және ортағасыр философиясында қоғам
мемлекеттен айрықшаланған емес болды. Мысалы,
Платонның айтуынша, қоғамның негiзi
мемлекеттiн саяси қызметi болып табылады:
халықты сыртқы жаулардаң қорғау және полистiң
iшiнде тәртiптi сақтау деп тұжырымдады. Жаңа
заман философиясында қоғам «қоғамдық келiсiм»
контекстiнде қарастырылды. Бұл теорияның
негiзiн қалаушы Т.Гоббс болып табылады (адамдар
бiр бiрiмен соғыста күйiнде болады, бұл жағдайдаң
тек қоғамдық келiсiм арқылы ғана құтылуға
болады, ал оның кепiлдiгi мемлекет болып
табылады, өйткенi адамдар жартылай еркiндiгiнен
өз тарапынан айрылады).

23.

Тек, Гегель ең бiрiншi болып мемлекет пен қоғам
арасындағы айрымашылықтар бар екенiн
байқады, мемлекет (мораль және заңдар) және
азаматтық қоғам (жеке индивидуалды мүдделер
аймағы) деп бөлдi. 19-20 ғғ. философиясында
қоғамға деген көзқарастар бытыранқа, бiркелкi
емес болды;
Конт қоғамды еңбек бөлiнiсi мен ынтымақтастық
негiзделген функционалды жүйе деп түсiндi;
Дюргейм ұжымдық түсiнiктерге сүйенетiн,
индивидуалдының үстiндегi рухани шындық;
Вебер әлеуметтiк әрекеттер негiзiнде қалыптасқан,
индивидтердiн өзара әрекеттесуi дедi.

24.

Ең маңызды үлесiн қоғам түсiнiгiне қосқан К.Маркс
болып табылады. Оның пiкiрiнше, қоғам организмiнде
бiртұтас материалды негiз бар (материалды игiлiктердi
өндiру тәсiлдерi) және ол адамдар тiршiлiк ету
барысында кiретiн, қоғамдық қатынастар жиынтығы
болып табылады. Маркс қ.э.ф. туралы ұғымды
қалыптастырды, мұнда қоғам дамуының нақты
кезенiнде қалыптасатың материалды және рухани
жақтарының бiрлiгi орын алады. Бұл iлiм бойынша,
қоғам тарихында антогонистiк (құлиеленушiлiк,
феодалдық, капиталистiк) және антогонистiк емес
(алғашқа қауымдық құрылыс, коммунистiк)
формациялар болады. Олардың әрқайсысы меншiк
формасымен айрықшаланады, бiр формацияның келесi
формациямен ауысуы қоғам дамуының негiзi.

25. Поппердің ашық және жабық қоғамы

К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын
зерттейтін арихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтікфилософиялық түжырымдамасын “Ашық қоғам және оның
жаулары” деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге
бөледі: ашық және жабық қоғам.
Ашық қоғам – демократиялық жолмен дамитын қоғам;
экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған
құрылымы бар және құқықтық мемлекет, оның плюралистік
сипаты жоғары қоғамды – азаматтық дейміз. Ашық қоғам
мүшелері сыни-рационалдық қоғамды алға қояды. Осыдан
қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік амуды саналы түрде
басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық
принциптерге сай қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Жабық қоғам деп – капитализмге дейінгі және социалистік
қоғамды атайды. Олардың жұмыс істеу тәртібі тоталитаризм,
жеке адамнан ұжымның басымдығы, догматизм және
әлеуметтік демагогия.

26. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

English     Русский Правила