Похожие презентации:
Еркек жыныс мүшелерінің туберкулезі
1.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІС.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:
Урология
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
кафедрасы мен нефрология курсы
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Еркек
жыныс мүшелерінің туберкулезі
Орындаған: Жақсылықова А.Б.
Тексерген:
Алматы 2016
2.
ЖоспарІ Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Ерлердің жыныс ағзаларының туберкулезінің
этиопатогенезі
Жыныс мүшелер туберкулезінің
морфологиясы,клиникалық көрінісі мен
барысы
Жыныс ағзалар туберкулезі: диагностикасы,
диф.диагнозы,емі,болжам
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
3.
КіріспеТуберкулездің өкпеден тыс формаларының ішінде несеп
жыныс мүшелерінің туберкулезі сүйек туберкулезінен кейін
екінші орын алады. Бүйректің, несеп жолдары мен еркектің
жыныс мүшелерінің туберкулезі – аса ауыр урологиялық
аурулардың бірі. Клиникалық практикада бүйрек, несепағар,
қуық, үрпі, ен мен оның қосалқысы, қуық асты безі, ұрық
көпіршігі, ұрық бауы секілді несеп –жыныс мүшелерінің бәрі
дерлік туберкулезбен ауырады.Несеп жүйесі мушелерінен
туберкулез бүйректі, ал еркектің жыныс мүшелерінен –ен
қосалқысын көп зақымдайды.
4.
Этиологиясы және патогенезіӨзге мүшелердің туберкулезі секілді, несеп –жыныс мүшелері
туберкулезінің
этиологиясында
арнайы
қоздырғыш
–
туберкулез
микобактериясы ( Кох бацилласы) туғызады. Туберкулез (лат. Tuberculum –
төмпешік) – адам мен жануарлардың кең тараған және көбінесе өлімге алып
келетін инфекциялық ауруы.
Туберкулез қоздырғышы гематогенді жол арқылы жұғады. Туберкулез
процесінің алғашқы жайылу кезеңінде, яғни қанға өкпедегі және бронхтардағы
лимфа түйіндеріндегі туберкулезден қан ағысына түсетін туберкулез
микобактериялары көптеген мүшелерге жұғып зақымдайды.
Ерлердің жыныс ағзаларының ішінде туберкулезбен көбінесе қуықасты
безі зақымданады. Оның инфицирленуі зәр шығару жүйесінің туберкулезінің
лимфогематогенді жолмен таралуы арқылы іске асады. Атабез қосалқысының,
шәует шығаратын түтіктердің және шәует қуықшаларының туберкулезі
қуықасты безінің туберкулезінен инфекцияның лимфогематогенді жолмен
таралуы арқылы пайда болады. Атабез және оның қабаттары атабез
қосалқысының спецификалық зақымдануында ғана пайда болады. Сыртқы
жыныс мүшесі патологиялық үрдіске сирек, несеп шығару түтігінің тубекулезі
кезінде ғана араласады
5. Морфологиясы
Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің макроскопиялықморфологиялық көрінісі өте ерекше болады. Бастапқы сатыда,
инфильтративтік процесте мүшенің
ісігені,бөрткені,нығыздалғаны байқалады,оның беті
бедерленеді. Аурудың одан ары дамуында инфильтрация
ошақтары іріңдеп,ыдырай бастайды.Бір қатар жағдайда бұл
процесс көршілес тканьдерді қамтиды.
Қуықасты безінде, атабезде және оның қосалқысында
туберкулездік гранулемалар, ошақтар, каверналар, шәует
шығарушы түтіктерде және шәует қуықшаларында –
гранулемалар, ошақтар, жаралар пайда болады.Қуық асты
безі мен ұрық көпіршіктеріндегі өзгерістер әдетте сыртқы
мүшелері зақымданған жағына сай келетін тұста жақсы
байқалады.Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің
микроскопиялық көрінісі басқа мүшелер туберкулезінің
осындай көрінісіне ұқсайды.
6.
Сурет1.Типтік
төмпешіктік
себілулер,
гиперемияланған
шырышты
қабатпен
қоршалған.
Сурет2. Ескі туберкулездік
жаралар. Айналасында
тыртықтанудың алғашқы
сатысы
7.
Белгілері мен клиникалық барысыЕркектің жыныс мүшелері туберкулезімен ауыратын науқастардың
жалпы күйі көбіне қанағаттанарлық болады. Шұғыл басталатын
бастапқы сатыда дене температурасы көтерілуі мүмкін, Қанның анализі
лейкоцитозды анықтайды, ЭТЖ артады.
Қуықасты безінің туберкулезінің (туберкулезді простатит)
симптоматикасы патологиялық өзгерістердің орналасуына, көлеміне,
түріне байланысты болады. Бастапқы кезеңде ауру симптомсыз өтеді.
Қуықасты безінің кавернозды туберкулезі кезінде науқас шап аймағында
пайда болатын ауру сезіміне, кіші дәретте ірің тамшыларының немесе
қанның бөлінуіне, гемо- немесе пиоспермияға шағымданады.
Егер туберкулездік процесс бездің ортасында орналасса, науқас
жиіленген және ауыру сезімді зәр шығаруға шағымданады. Осы үрдіске
зәр шығару түтігі қосылып, инфекция түтікке жайылса, онда зәр
сындыру қиындық туғызады.
8.
Жарақаттану немесе суық тиюіне байланысты енқосалқысының туберкулезі жедел басталады. Мұнда
ұманың тиісті жартысы қатты ауырып бірнеше сағаттың
ішінде гиперемия мен оның ісінуі басталады. Ұма
үлкейеді, ен мен ен қосалқысы нығыздалады. 3-5 күннен
кейін жедел ауыру басылады,бірақ үлкеюі, әркелкі
нығыздалуы және бедерлілігі сақталады. Бұдан әрі
зақымдалған ен қосалқысы ұманың терісімен бірігіп, одан
соң бұл тұста іріңді жыланкөз пайда болады. Мұндай
жыланкөз ен қосалқысы қабынуының туберкулезді тегіне
тән белгі болып табылады. Іріңнің жылан көзбен шығуы
науқасқа біраз жеңілдік әкеледі,бірақ ен қосалқысындағы
өзгерістер өрши береді, ен қосалқысының орнында бір
тұтас төмпешікті тығыз конгломерат пайда болады.
9.
ДиагностикасыЕң алдымен анамнезге көңіл аудару. Белгілі бір басқа ағзаның туберкулезді
бастан өткізуі,сонымен қатар жарақаттануы зор диагностикалық маңызы бар.
ПальпацияҚуықасты безін пальпациялағанда тығыздалған аймақтар, ойық
тәрізді аймақтар (каверна) сезіледі. Тыртықтану сатысында без өлшемі
кішірейген, тығыздалған, кальцинаттар анықталуы мүмкін.
Лабораториялық зерттеулер. Несептің екі немесе үш үлгісін зерттеу арқылы
лейкоцитурия көзін анықтайды.Несептен және қуық асты безі секретінен
туберкулез микобактериясын іздестіру өте маңызды.
Рентгенологиялық зерттеу.Бүйректен немесе өкпеден туберкуулез
қзгерістерін табу жыныс мүшелері зақымдануының туберкулездік сипатына
маңызды дәлел.Еркектердің жыныс мүшелерін рентгенологиялық зерттеу
әдістері:Вазовезикулография,эпидидимография(генитография).Бұл әдістерді
пайдалануда ұрық шығырытын өзектің аз бөлігін операциялық жолмен ашып,
оның қуысына рентгеноконтраст зат(йодлипол) жібереді.Туберкулезбен
зақымдануда ұрық шығаратын жолдардың белгілі-бір бөліміндегі өзгерістер
немесе өткізгіштіктің жойылуы тән.
Биопсия- еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің диагнозын дәлелдеудің
ең сенімді әдісі.
10.
Туберкулездік гранулема.Жыныс
тыртықты
Ортасында
гранулема.
мүшесіндегі
деформациясы.
туберкулезді
11.
Дифференциалдық диагностикаКлиникалық лабораториялық әдістер арқылы қуық
туберкулезін рактан, асқынған созылмалы простатиттен , ен
туберкулезін –созылмалы эпидидимит пен қосалқы ісігінен,
жыныс мүшесінің туберкулезін- рактан ажырату қиын болады.
Бұл аурулардың бәрінің клиникалық көрінісі бірдей : мүше
үлкейеді, ткань ошақтанып нығыздалады,оның беті бедерленеді.
Несептен немесе күдікті мүшедегі пунктаттан туберкулез
микобактериясын табуға және биопсия мағлұматтарына
сүйенеді.
12. Your Title Here
Емдеуі:Your
Subtitleқарағанда
Hereеркек жыныс мүшесінің туберкулезі
Бүйрек туберкулезіне
арнайы химиотерапияға әзер көндігеді, бұл олардың васкуляризациясының
нашарлығына байланысты.Еркек жыныс мүшесінің туберкулезімен ауыратын
науқастар туберкулез диспансерінде ұзақ уақыт фтизоурологтың
бақылауында болып, толық айыққанға дейін жүйелі химитерапия қабылдауы
тиіс.
1.Дәрі –дәрмекпен емдеу.Келесі препараттар қолданылады:стрептомицин
15 мг,ПАСК 0,2 г/кг,изониазид 10 мг/кг,этионамид 15 мг/кг,рифадин 10
мг/кг,этамбутол 25 мг/кг
Ен қосалқысы туберкулезінде әдетте оны сылып алып тастайды,яғни
эпидидимэктомия.Бірақ бұл мүше ішінара зақымдалғанда оны кесіп алу
мүмкін.Ен жаппай зақымдалғанда орхиэктомия жасалады.Соңғы жылдары ен
мен ен қосалқысы туберкулезінде кавернотомия мен каверноэктомия
жүргізуде,яғни туберкулез ошағын кең ашып құрғатады.
Қуық асты безі мен ұрық көпіршіктерін операциясыз емдейді.Ұрық
көпіршігінде ірің жиналса везикулэктомия жасалады.
Еркек жыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастарды
санаторий-курортта емдеудің, климатотерапияның , режим мен диетаның
зор маңызы бар.
Your Title Here
13.
БолжамЕркектердің жыныс мүшелері туберкулезінен толық айығу
жөніндегі болжам көбіне қолайсыз.Ен қосалқысының туберкулезі,
қарқынды химиотерапияға қарамастан, аурулардың көпшілігінде
оның
өткізгіштігінің
бұзылуына
әкеп
соқтырады. Ен
қосалқысының екі жақты туберкулезіндегі болжам ерекше
қолайсыз, ол әдетте бедеулікке әкеп тірейді.Қуық безі мен ұрық
көпіршіктерінің туберкулезі сондай-ақ көп ретте осы мүшелер
қызметіңнің қолайсыз бұзылуына әкеп соқтырады.
Жыныс мүшелері туберкулезі жағдайындағы өмір жөніндегі
болжамды толық қолайлы деп есептеуге болады.Жыныс
мүшелерінің оқшауланған туберкулезі науқастардың жалпы күйін
қиындатпайды.
14.
ҚорытындыКөріп отырғанымыздай, несепқуықтың және жыныс ағзалардың
зақымдануы бүйректің зақымдануынан кейін дамиды. Патологияның
қарқындылығы бүйректің және несепағардың зақымдалу дәрежесіне
байланысты болады.
Қазіргі таңда қуық пен жыныс жүйесі туберкулезінің этиологиясын,
патогенезін,симптомдары мен көмек көрсету шараларын толық
меңгерудің маңызы зор.Өйткені дер кезінде көрсетілген көмек
жағымсыз жағдайдың алдын алуға әсерін тигізеді.Сондықтан біз
болашақ дәрігерлердің бұл аурудың даму заңдылығының қыр-сырын
білуіміз өте қажет.
15.
Қолданылған әдебиеттерАлшынбаев М.К және
басқалар. Урология.- Алматы «Білім»
баспасы 1998.- 480 бет (303-307 беттер)
2. РМҒА академигі Н.А.Лопаткиннің редакциясымен қазақ тіліне
аударған және жауапты редакторы М.С.Асқаров
• http://www.hta.ac.uk/research/index.shtml.
• http://www.scientificamerican.com/article.cfm?id=control-grouppatients-ta
1.