Похожие презентации:
Иммунитет және иммундық реактивтілік туралы түсінік. Жіктелуі. Жасушалық иммунитети , фагоцитарлық жүйе және оның бұзылыстары
1.
«Астана Медицина Университеті»АҚПрезентация
Иммунитет және иммундық реактивтілік туралы
түсінік. Жіктелуі. Жасушалық иммунитети ,
фагоцитарлық жүйе және оның бұзылыстары.
Жасушалық иммунитетті бағалау әдістері.
Орындаған: ЖАМАНСАРИЕВ А.М.
Топ: 6/108 ІА
Астана қаласы, 2016 ж.
2.
Иммундық жүйеИммунология (лат. immunis - еркін,
Орталық
органдар
еш нәрсеге
ұшырамаған,
logos –
ілім) организмнің
әртүрлі
(қызыл сүйек
миы,
антигендерге қарсы
пайда болатын
тимус)
спецификалы және бейспецификалы
молекулалық, клеткалық және
Перифериялық органдар
жалпы физиология-лық
реакцияларын зерттейтін
(лимфа түйіндері,
медициналық-биологиялық
бадамшалар,ғылым.
көкбауыр)
Схема расположения органов
иммунной системы человека
3.
Орталық иммундық жүйеЛимфоциттер түзіледі: сүйектің
қызыл кемігенде - В -лимфоциттер
және Т-лимфоциттердің
ізашарлары, ал тимуста - Тлимфоциттер.
Т- и В – лимфоциттер қан арқылы
перифериялық органдарға
жеткізіледі, ол жерде жетіледі және
өзінің қызметіне кіріседі.
4.
Перифериялық иммундық жүйеБадамшалар - жұтқыншақтың шрышты
қабатының сақинасында орналасқан.
Лимфа түйіндері - ТА, АІЖ, НЖЖ және
терінің шырышты
қабаттарындаорналасады.
Көкбауырда орналасқан лимфоциттер
қандағы бөгде денелерді табады.
Лимфа түйіндерінде «барлық
органдардан шығатын лимфа
«фильтрленеді».
5.
Иммунитеттің түрлеріТуа пайда
болған
(пассивті)
Анадан балаға
беріледі.
Пассивті
Жүре пайда
болған(активті)
ТАБИҒИ
ИММУНИТЕТТІҢ
ТҮРЛЕРІ
ЖАСАНДЫ
Емдік сарысуларды еккенде
қызмет етеді
Жұқпалы
аурулардан
соң
пайдаболады.
Активті
Екпелерден кейін
дамиды.
6.
Активті иммунитетАктивті иммунитет (табиғи, жасанды) антиген енгенде
организмгде дамиды.
Табиғи активті иммунитет басынан
жұқпалы аурулардан соң дамиды.
өткерген
7.
Активті иммунитетЖасанды активті иммунитет вакина енгізгеннен кейін
пайда болады.
8.
Пассивті иммунитетПассивті иммунитет (табиғи,жасанды) басқа
организмнен дайын антиденелермен беріледі.
Табиғи пассивті иммунитет анадан балаға баріледі.
9.
Пассивті иммунитетЖасанды пассивті иммунитет емдік сарысуларды
енгізгеннен кейін және көлемді қан құйғаннан
кейін пайда болады.
10.
ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТолеранттылық немесе иммундық ареактивтілік - иммундық жауаптың
болмауында. Мұндай жағдай алдын ала кірген антигеннің әсерінен болады.
Иммунологиялық толеранттылық - организм кейбір антигенге жауап бермейді,
ал басқалары үшін иммундық жауап сақталған.
Толеранттылықтың мынандай ерекшеліктері бар:
1. Бір антигенге ғана жауап бермеуі, бір эпитопқа жауап жоқ, басқа антигендерге
жауап беру сақталған.
2. Толеранттылық - “еті үйренгендік” емес, тек не антигенге, не токсинге жауап
бермеу. Ал токсиннің улану әсерінен қорғамайды.
3. Толеранттылықтың пайда болу (даму) уақыты бірнеше сағаттан бірнеше
тәулікке дейін созылады. Ол антиген түскеннен толеранттылық пайда болғанға
дейінгі уақыт.
4. Иммунологиялық толеранттылық антиген дозасына байланысты “шеткілік
бейтараптау” феноменін береді. Қалыпты функциялы лимфоциттер
антигендерді антиденелермен байланыстырса, шеткі қанда антигендер
болмайды.
5. Толеранттылық пассивті түрде беріледі.
11.
Толеранттылықтың түрлері:1. Табиғи толеранттылық - эмбриогенезден бастап организм өз жасушаларын “өзімдікі”
деп таниды және төзімді болады.
2. Жүре пайда болған толеранттылық бөтен антигенге қарсы спецификалық реакция
болмауы. Бұл иммунитет жүйесі әлі жетілмеген организмде кездеседі:
радиоактивті сәулеленген жағдайда;
антигенмен бірге иммунды депрессант берілсе;
иммундық толеранттылықтың қайтымсыз (толық, біржола) болуы, жасаушалық клондар
организмнен түгел шығып кеткенде немесе түгелдей әсерсізденуге ұшырағанда;
қайтымды түрі (уақытша) - орнына келетін толеранттылық. Лимфоциттердің барлық
рецепторлары антигендермен толық “блокадаға” ұшырағанда, не антиген - антидене
комплексімен жабылғанда,
толеранттылықтың толық дамыған түрінде антиденелер түзілмейді, қанда табылмайды.
толеранттылықтық толық емес, жартылай түрде болса, иммундық жауап нашар болады,
бірақ кейбір антигенге лимфоциттердің иммундық жауап беруі мүмкін.
ыдыранды толеранттылық болғанда, кейбір антигенге иммундық жауап бар, ал кейбіріне
жоқ (антиденелер жоқ немесе баяу жүретін аллергия дамымайды немесе цитотоксикалық
әсері болмайды).
Мысалы, Т- жасушалардың ареактивтілігі болып, В- жасушалардың функциясы сақталса,
аутоиммундық процесс дамиды.
12.
Иммундық жүйенің жұмысыОсобенность иммунной системы - способность
ее главных клеток - лимфоцитов - распознавать
генетически «свое» и «чужое».
13.
Механизм иммунитетаИммунитет обеспечивается деятельностью
лейкоцитов- фагоцитов и лимфоцитов.
Клеточный(фагоцитарный) иммунитет
(открыл И.И.Мечников в 1863г.)
Фагоцитоззахват и
переваривание
бактерии.
14.
Т-лимфоциттерТ- киллерлер
Т-лимфоциттер
(сүйек пайда
болып тимуста
жетіледі.
Т- хелперлер
(көмекшілер)
Жасушалық
иммунитет
В-лимфоциттердік реакиясын тежейді
Т- супрессорлар
(тежеуші)
В-лимфоциттерді плазмалық
жасушаларға айналдыруға
көмектеседі.
15.
Иммундық жүйенің жасушалық тізбегінзертханалық бағалау әдістері
Иммундық жүйенің жасушалық тізбегінің қабілетін бағалауда
осы тізбектің негізігі сипаттамаларын анықтау үшін әдістер
пайдаланылады:
• Т-лимфоциттердің иммундық реттеушілік жүйесінің күйі.
• Сенсибилизацияланған лимфоциттерді анықтау.
• Цитокиндік жүйенің күйі.
• Фагоциттік тізбектің күйі
Иммундық жауапты реттеуге тікелей қатысатын негізгі
жасушаларға СД4+ (индукторлық-хелперлік белсенділік) және
СД8+ (супрессорлық-цитотоксикалық белсенділік) жатады. СД4+/
СД8+ ара қатысының көрсеткіші (иммундық реттеушілік индекс ИРИ) АИВ-инфекциясы кезінде және басқа ИТЖ-да иммундық
жүйенің жағдайын бағалау үшін негізгі бағдар болып табылады.
16.
17.
Иммундық реттеуші Т-лимофциттердіанықтау
Т-лимфоциттердің популяциялары мен субпопуляцияларын анықтау үшін
бірқатар әдістер қолданылады: иммунофлюоресценция, микроскопия және
ағын цитометрия, ИФТ, жарық миркоскопында иммунофенотиптеу,
электрофорезді айыру.
Иммундық қабілетті жасушалардың түрлерін анықтау тәсіліне моноклондық
антиденелердің көмегімен дифференцияланушы антигендерді (СД) ұқсастыру
(иммунофенотиптеу) жатады.
Барлық әдістерде алдын ала лимфоциттердің популяцияларын дайындау қажет.
Лимфоциттердің популяцияларын алудың негізгі тәсілі бұл Бейюм (A.Böyum,
1968) әдісі бойынша тығыздық градиентінде (лат. gradior – аттап басу)
дифференциалды центрифугирлеу. Барлық жасушалардың тығыздығы
болады, соған байланысты олар не градиент қабатынан өтеді (егер ауыр болса),
не өтпейді де қабаттың бетінде қалады (егер жеңіл болса), яғни тығыздық
градиентінің сұйықтығына байланысты жасушалар белгілі позицияны иелейді.
Лимфоциттерді алу үшін 1,077 г/м градиент тығыздығы пайдаланылады. Басқа
да әдістер бар: дедеронды сүзгі; спецификалы антиденелермен өңделген
парамагнитті бөлшектер көмегімен және басқалар. Қазіргі кезде бірқатар
фирмалар лимфоциттерді автоматты түрде бөліп алу үшін жабдықтар өндіруде.
18.
Лимфоциттерді бөліп алудың негізгі талаптары:Қанды антикоагулянтпен пайдалану.
Тығызыдық градиентін қабаттаудың алдында қанды 2 рет араластыру.
Градиентті жаймен қабаттау.
15-30 минут аралығында 1500 көл/мин-пен центрифугирлеу.
Мононуклеарларлы (лимфоциттер) қабатын жаймен айырып алу.
Градиент тығызыдығын және басқа жасушаларды жуу (қайтадан жаймен центрифугирлеу).
Алынған жасушаларды ресуспензиялау.
Тромбоциттер лимфоциттерге жабыспау үшін орталар рН 6,5–ке дейін қышқылдандырылады.
Плазманы иммундық жүйенің гуморалдық тізбегін зерттеу үшін пайдалануға болады.
Эритроциттерден айырып алу кезінде пайда болған гранулоциттердің тұнбасы иммундық
жүйенің фагоциттік тізбегін бағалау үшін қолданылады.
Процедураның сапасын бағалау үшін лимфоциттердің бөлінген популяцияларының
тазалығын тексеру қажет, бұл жасушаларды санау әдістерімен жүргізіледі (80%-дан кем
емес). Популяциялардың алыну сапасының екінші негізгі көрсеткіші алынған жасушалардың
тіршілікке қабілеттілігін трипан көгі сұйықтығымен анықтау (тіршілікке қабілетті
жасушалардың саны 80%-дан кем емес).
Әдетте бөлініп алынған жасушлардың суспензиясында 80% және оданда көп лимфоциттер,
16%-ға дейін моноциттер мен 3%-ға дейін нейтрофилдер болады.
Алынған лимфоциттердің популяциясы әртүрлі әдістерде (ИФӘ, цитотоксикалық сынама,
ИФТ және т.б.) иммунофенотиптеу үшін қолданылады.
19.
Иммунофлюоресценция әдісі. Әдіс өте күрделі, қиын, өткізгіштік қабілеті төмен (күніне 5-6 адам),қараңғы бөлмеде жасалу қажет, едәуір субъективті. Әдістің автоматтандырылыуы кезеңді
стандарттайды, сезімталдықты жоғарылатады.
Ағын цитофлюориметрия алдын ала моноклондық антиденелермен, таңбаланған флюоресцирлеуші
бояулармен өңделген дара жасушалардың оптикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген әдіс. Үлгі
жасушалар бір біреулеп ағын кюветасы арқылы өтеді. Белгілі орында жасушалардың тобы жарық
сәулесімен (лазер, ультракүлгін лампа немесе олардың біріккен түрі) қиылысады. Жасушамен
байланысқан қоздырылған флюоресцирлеуші бояулардың жарығы ұсталып, күшейеді және ақпаратгистограммаға айналады. Бірнеше бояуларды, моноклондық антиденелерді қолданғанда және
жарықтың таралу бұрышын өзгерткен жағдайда бір уақытта бір жасушаның бірнеше көрсеткіштерін
(фагоцитоз, ДНҚ-ң толыққандылығы және т.б.) өлшеуге болады. Қазіргі заманғы цитометрлер тек
қана жасушалардың популяцияларын емес, сонымен қатар жасуша мембранасының жағдайын, оның
пішіні мен субқұрылымдарының өзгеруін зерттеуге; аномалді жасушаларды, жасуша ішілік
ферменттердің белсенділігін, митохондрийдің белсенуін, гендердің экспрессиялану қарқындылығын
және т.б.диагностикалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы жабдықтар лазерлі және компьютерлі технологияларды біріктіре отырып,
флюресцирлерші бояуларды қолдану арқылы секундына мыңдаған жасушаларды зерттеп, олардың
қызметтері туралы толық ақпарат алуға жағдай туғызды.
Ағын цитометрия, туа біткен ауруларды анықтауда, онкогематологияда, трансплантологияда және
медицинаның басқа өзекті бағыттарында өте қажет.
Әдетте, тәжірибелі зертханалық диагностикалауда қысқартылған СД- панелі пайдаланылады: СД3 (Тжасушалар), СД4, СД8, СД19 (В-жасушалар), СД16 (ТК).
Иммундық реттуші тізбекті бағалау үшін ең нәтижелі әдіс бұл ИФТ әдісі.
20.
Иммундық ферментті талдау (ИФТ) жасушаларды моноклондықантиденелермен өңделген парамагнитті бөлшектердің көмегімен айыру.
Сараптау үшін тұтас қан пайдаланылады. Бір уақытта 43 үлгіні зерттеуге
болады.
Цитотоксикалық сынама (ЦТС). СД4/СД8 ИФТ-панелі СД16, СД3, СД19
қарсы моноклондық антиденелермен лимфоцитотоксикалық сынамада
иммундық қабілетті жасушаларды типтеу әдісімен толықтырылуы мүмкін.
Сынаманы қою тәсілі қарапайым, арзан, ағын цитометрияның, тікелей
емес иммунофлюореценция әдісінің альтернативасы ретінде қолдануға
болады. Реакцияда спецификалық моноклондық антиденелердің және
комплементтің әсерінен лимфоциттер цитолизденеді. Трипан көгімен
өлтірілген жасушалар көгілдер түске боялады (бояу мембранадағы
«тесіктер» арқылы жасуша ішіне енеді). Сараптама 96 ойығы бар
полистирол планшеттерде жасалады.
Қазіргі кезде антиполиклондық Т-глобулинмен ЦТС қою үшін арналған
жинақ (Т-лимфоциттердің жалпы популяцияларын анықтау) шығарылуда.
21.
Лимфоциттердің сенсибилизациясынанықтау. Жасушалық сенсибилизацияны
зертханада диагностикалауға тікелей
жасушалық цитотоксикалық сынамасы,
ЛБТР және ЛМТР реакцияларында
сенсибилизацияланған лимфоциттерді
антигенмен ынталандыру жатады.
22.
Лимфоциттерді бластты трансформациялау реакциясы (ЛБТР) – спецификалық антигенніңнемесе митогеннің қатысуымен лимфоциттердің пролиферациялануын (транформациялануын)
анықтау. Реакцияда жасушалық антигенге қарсы иммундық жауап зерттеледі. Алдын ала
сенсибилизацияланған (иммундық) лимфоциттер спецификалық антигеннің қатысуымен бласттарға
трансформацияланып, тез пролиферацияланады. Лимфоциттердің бластты түрлері морфологиялық
не болмаса изотоптық белгінің (НЗ-тимидин) көмегімен тіркеледі. Тәжірибенің жасалуы арнайы
жағдайларды және жабдықтарды (кәсіби дайындық, стерилді бокстар, өсіру жағдайлары мен
ұзақтығы, ортаның рН және т.б.) талап етеді. ЛБТР-ң бірден бір кемшілігі ұзақ зерттеу (бірнеше күн)
болып табылады.
Трансформацияның көрсеткіштері: жасуша мен ядро көлемдерінің үлкеюі, цитоплазманың
базофилиясы. Бақылау ретінде қарама-қарсы ФГА митогенімен науқастың лимфоциттерінің
белсенділігіне сынама (бейспецификалық ынталандыру) қойылады; спонтандық
трансформациялануды қадағалау – науқастың лимфоциттері антигенсіз; антигеннің токсикалық
немесе бейспецификалық әсерін қадағалау – антигенмен бірге сау адамдардың лимфоциттер.
Лимфоциттердің бластты трансформациялану реакциясы – сезімтал әдіс. Ол көбінесе вирустықбактериялық антигендерге сенсибилизацияланудың және гистосәйкестік мәселесін шешуде
аутосенсибилизацияның (РА, АИТ, гепатит және т.б.) дәрежесін зерттеуде; лимфоциттердің
функционалдық белсенділігін бағалауда (ЛБТР, ФГА) қолданылады.
ЛБТР ИТЖ-да, әсіресе тимустың гипоплазиясында; Т-лимфоциттердің ақауларында; травмаларда;
шокта өте төмен болады. Ажырау (трансплантаттың) кризі кезінде ЛБТР күрт жоғарылайды.
Реакцияның ұзақтығы және өсіру күрделілігі тәжірибелік зертханалық иммунологияда ЛБТР-ы
қолдануды шектейді.
23.
Цитокиндерді анықтау. Иммундық жауап дамуының барлық кезеңдеріндегі иммундық реттеушілікпроцестерде цитокиндердің үлесін ескере отырып, иммундық жүйенің ақауларын диагностикалау үшін
цитокиндерді анықтаудың тәжірибелік маңызы үлкен. Цитокиндер гемопоэзды, қабынуды, жүйе аралық өзара
әсерлесуді реттейді. Негізгі цитокиндерге (иммундық реттеушілерге) интерлейкиндер және интерферондар
жатады. Барлық жағдайларда цитокиндердің белгілі панелі зерттеледі. Қазіргі кезде ИФТ әдісімен барлық
цитокиндерді анықтауға арналған сынама-жинақтары шығарылуда. Дайын сынама-жинақтар реакция жүргізу
үшін қажетті заттарды қамтиды. Әдістің сезімталдығы – 1 нг/мл-ден 0,2 нг/мл-дейін.
Цитокиндерді анықтаудың иммундық қабілетті жасушаларды ұзақ өсіруге негізделген биологиялық әдістері
негізінен зерттеу мақсаттарында қолданылады.
Жалпы профилді иммунологиялық зертханаларда цитокиндерді зерттеу кезінде негізгі екі мәселе шешіледі:
Цитокиндердің (ИЛ-2, ИЛ-1, ИЛ-4) синтезделуіне қарай негізгі иммундық қабілетті жасушалардың (Т-, Влимфоциттер, макрофаг) қызметін бағалау.
Эффекторлық жасушаларға тәуелді белсенділіктің дәрежесін бағалау үшін цитокиндердің концентрациясын
анықтау.
Иммунологиялық реактивтілікті бағалауда қосымша сынамалар ретінде ИЛ-1 (макрофаг қызметін), ИЛ-2 (Тлимфоциттердің қызметін) анықтауды қолданған жөн.
ИФТ-ң бір түрі ELI-spot (ағыл. Spot - дақ) цитокиндерді өндіретін жасушаларды анықтау үшін арналған.
Реакцияны визуализациялау мақсатында жоғары сезімтал «биотин + ферментпен таңбаланған стрептавидин»
комплексі қолданылады.
ИЛ-2 цитокиндерінің концентрациясы лимфопролиферативті процестерде (гемобластоз) күрт жоғарылайды,
ал әртүрлі иммунтапшылық жағдайларда (иммундық қабілетті жасушалар белсену қабілеті төмен)
төмендейді.
Цитокиндерді зерттеу үшін ағын цитофлюориметрияның көп параметрлі сараптау мүмкіншіліктері де
қолданылады. Стимуляторлармен белсендірілген иммундық қабілетті жасушаларда цитокиндердің
экспрессиясын жасуша ішінде анықтауға арналған реагенттердің тобы алынды. Цитокиндерге қарсы әртүрлі
флюорисцентті бояулармен бірге бір, екі және үш түсті антиденелердің болуы цитокиндік жағдайды
анықтауға мүмкіндік береді.
24.
Лейкоциттердің фагоциттік белсенділігін анықтау. Фагоциттеуші жасушалардың ішінде нейтрофил біріншіорынды иелейді, себебі күшті ферменттік аспапқа ие және жасушалар белсенген кезде аса жоғары
жылдамдықпен метаболиздік қайта құру қасиеті бар. Нейтрофилдердің фагоциттік қызметі негізгі төрт кезеңді
қамтиды:
Миграция немесе хемокинез.
Адгезия.
Объектті жұту.
Объектті қорыту.
Фагоцитоздың бұзылуы аталған әрбір қызметтің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Фагоциттің функционалдық белсенділігін бағалау мақсатында қолданылатын әдістің принциптерін жақсы түсіну
үшін осы процестің механизмін қысқаша қарастырайық. Тыныш жағдайдағы нейтрофил оттегіні аз жұтады
(митохондрилердің саны аз). Фагоцит спецификалық Ig Fc, С3в және бейспецификалық рецепторлар арқылы
белсенеді. Фагоцит тек объектті қорытып, ыдыратқан кезде емес, оны адгезияландыру кезінде де белсенеді. Осы
кезеңдер жүру барысында жасуша күшті метаболиздік қайта құрудан өтеді, нәтижесінде бактерицидті қасиеті
бар көптеген белсенді заттар пайда болады. Бактерицидтіліктің оттегі тәуелді және оттегі тәуелсіз механизмдері
бар. Оттегі тәуелсіз механимздерге фаголизосомалардың төмен рН (4,5-ке дейін), лизоцим, лактоферрин, катион
ақуыздары жатады. Бірақ биоцидтік қызметтердің орталық орнын оттегі тәуелді механимздер иелейді. Жұту
және қорыту процесінде глюкозаның тотығы және оттегіні қолдану процесі жоғарылайды. Кейінгі метаболиздік
процестердің каскады қуаттың (жылу, химиялық белсенділіктің жоғарылауы, жарық кванттарының эмиссиясы
немесе хемилюминесценция) бөлінуімен жүреді. Оттегі тәуелді механизмдердің арасында белсенді оттегінің
метаболиттері және миелопероксидаза жүйесі өте маңызды болып табылады.
Зертханалық жағдайда метаболиздік жарылыстың стимуляторы ретінде бактериялар (микроорганизмдердің
штаммдары), опсонизацияланған зимозан, полистиролді бөльшектер, липополисахарид, продигиозан және
басқалар қолданылады. Әдісті стандарттау және жалпы профилді зертхана жағдайларында жұмыс істеуді реттеу
мақсатында стимулятор ретінде ИЛ-1 бір түрі болып саналатын форболмиристатацетатты (ФМА) қолдаған жөн.
Фагоцит қызметінің сапасын метаболиттерді сандық анықтау арқылы және метаболиздік жарылыстың
белсенділігіне тең (эквивалентті) бөлінген қуаттың көлемі бойынша бағалауға болады. Хемилюминесценция
принципі бойынша жұмыс істейтін қазіргі заманғы технологиялар белсенді нейтрофилдің хемилюменисценция
белсенділігін өлшеуге мүмкіндік туғызады. Фагоциттердегі оттегі метаболиттері түзілуінің күшеюі және
олардың нәтижесінен болған хемилюменисценция фагоциттің бактерицидтік (киллерлік) қасиеттерінің
жоғарылауына байланысты.
25.
Латексті бөлшектерді жұтуы бойынша фагоцитозды бағалау әдісі (латекс-тест). Инерттібөлшектер ретінде диаметрі 1,2-1,4 мкм меламиноформальдегидті латексті бөлшектер
қолданылады.
Тығыздық градиентінде алынған нейтрофилдерге тең көлемде концентрациясы 50-75
мың/мкл латексті бөлшектер қосылады. Қоспа t=370C инкубирленеді; дайындалған жағынды
Романовский-Гимзе бойынша боялып, иммерсиямен микроскопталады. 100-200 нейтрофилдер
саналады. Фагоцитарлық индекс – жалпы нейтрофилдердің ішінен латекс жұтқан нейтрофилдер
саны (%) және фагоцитарлық сан – бір нейтрофилмен жұтылған бөлшектердің саны (орташа)
есептеледі.
Реакция 96 ойықты планшетте жүргізіледі.
Сау адфамдарда фагоцитарлық индекс 40-80%, фагоцитарлық сан - 2-9 шартты бірлікті
құрайды.
Фагоциттердің метаболиздік жарылысын бағалау. Метаболиздік жарылысты
бағалаудың бірнеше тәсілдері бар: полярография, тетразолий нитрокөгінің (ТНК-сынамасы)
қалыптасуы, оттегі метаболиттерін анықтау, нейтрофилдерді хемилюминесценциялау.
Зертханалық клиникалық иммунологияда кең қолданылатын әдістерді қарайық. Хемотаксисті
бағалау әдісі иммунологиялық зертханаларда сирек қолданылады. Реакция хемоаттрактанттар
жиынтығынан (эндотоксинмен немесе зимозанмен, төмен молекулалық пептидтермен және т.б.
белсендірілген сары су) тұратын агарозды гелде жасалады. Фагоциттердің миграциялану қабілетін
бағалау үшін жасушаларды бөлу кезінде антикоагулянт ретінде ЭДТА қолданған жөн.
Әдіс жасушалардың хемоаттрактанттардың қатысуымен аса белсенді миграциялану қабілетіне
негізделеді.
26.
Иммунология в 3томах: пер. С англ./под ред. У. Пола- м.: Мир,1987Колесников А.П.,Хабарова А.С.,Козлова В.А. диагностика и
дифференциорвагное лечение вторичных иммунодефецитов// Тер.
Архив-2001-№4-с. 55-59
Петров Р.В. имунология-М.: медицина,1987-416с.
Ройт А.,Бростофф Дж.,мейл Д. Иммунология:пер. С англ. –
М.:мир,200-592с.
Структура и функция антител:пер. С англ./под ред. Л.Глина,М.
Стьарда- м.:Мира,1983-200с.
Хаитов Р.М. молекулярно-клеточная системы естественного
иммунитета//физииология и потология иммунной системы-2005№6-с.3-11
Хаитов Р.М.,Пинегин Б.В. современные представления о защите
организма от инфекции//иммунология-2000-№1-с.61-64