Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
486.00K
Категория: МедицинаМедицина

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер

1. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілерге:
жергілікті анестетиктер, бырыстырғыш, бүркеуші, сіңіргіш
жөне тітіркендіргіш дәрілер жатады.
Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке үштарының
қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстардың
өтуін таңдамалы және қайтымды түрде
тежеп.сезімталдықтың барлык, түрінің жойылуына
(ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті
жансыздандырады.
Анестезияның әсер ету механизмі жасуша
мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің
тежелуімен байланысты. Ол әсер потенциалының пайда
болуын азайтып, импульстің өтуін нашарлатады. Барлық
жергілікті анестетиктер (суда ерімейтін анестезиннен
басқа) өндірісте түз қышқылының судағы ерітіндісі
түрінде шығарылады. Жергілікті анестетиктерді
анестезиялардың барлық түрінде қолданады.

2.


Анестезия түрлері: беткейлі, өткізгіштік, жүлын, инфильтрациялық
(өгу) анестезиялары.
• а) беткейлі (терминальды) анестезияда кокаин (Оңтүстік Америка
өсімдігі Erithroxylon coca алкалоидының ең алғашқы анестетигі,
улылығы мен дәріге тәуелділік - кокаинизм тудыруына байланысты
қолданылуы шектеулі), дикаин (тетракаин), анестезин (бензокаин),
пиромекаин (бумекаин) қолданылады. Беткейлі анестезия
оториноларингологияда, офтальмологияда, урологияда,
стоматологияда, қышыма, жара, күйік және т.б. тері қабатының
анестезиясы үшін кеңінен қолданылады. Анестетиктерді беткейлі
қабатқа ерітінді және жағылма түрінде тағайындайды. Ішек түйілуінде
және тік ішектің ауруларында (жарылуда, қышыну, геморрой)
суппозиторий түрінде (анестезин, новокаин) белгіленеді. Асқазан
ауруларында (қусу және жүрек айнуымен жүретін гастритте, жара
ауруларында) ішке (анестезин) белгіленеді. Осы препараттардың
ішінде анестезин суда ерімейді тек майда, спиртте ериді, сондықтан
унтақ, жағылма, таблетка түрінде ғана шығарылады.

3.

б) өткізгіштік, жұлынды және инфильтрациялық
анестезияларда: новокаин (прокаин), лидокаин (ксикаин,
ксилокаин), тримекаин, бупивакаин (маркаин, карбостезин),
артикаин (ультракаин), прилокаин (цитанест), бензофурокаин
қолданылады. Бүл анестезия үшін ертінділер міндетті түрде
залалсыздандырылған (стерильденген) болуы тиіс. Бүл
препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді. Сондықтан
улылығын төмендетіп, әсерін үзарту үшін 5-10 мл препарат
ерітіндісіне 1-2 тамшы 0,1% адреналин гидрохлоридін (кдн
тамырларды тарылтатын кдсиеті бар) қосу қажет.
Өткізгіштік анестезия стоматологияда, хирургияда,
терапевтикалық тәжірибедегі невралгияларда қолданылады.
Анестетиктерді жүйке жолына (жүйке талшык,тарының барлық
сезімталдыктары жойылады) енгізеді. Көбінесе 1-2 % ертінділері
қолданылады. Жулынды анестезияда анастетикті жүлынның бел
аймағына субарахноидальды жолмен енгізеді. Ол кезде
жүлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын
жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас мүшелеріне операция жасау
үшін қолданылады.

4.

• Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер тері
қабаттарының терен үлпаларына енгізіледі. Әртүрлі
хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5%
ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.
Синтетикалық анестетиктердің кокаинге
қарағанда улылығы төмен,
Нашақорлықтудырмайды, бірақ кейбіржанама
әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық
қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек
қызметінің тежелуі (жүрек қызметінің тоқтауы)
байқалады. Жергілікті анестетиктер әртүрлі
анестезия түрлерінен басқа микроциркуляцияны
жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде,
қарынша экстрасистолиясында, қарынша
жыпылықтауын алдын алу үшін, жіті миокард
инфарктында (2-10% лидокаин ертіндісін күре
тамырға) қолданылады.

5.

• Novocainum - новокаин (Б): 0,25% және 0,5% 200
және 400 мл еріт. флаконда; 0,25% және 0,5% 1; 2; 5;
10 және 20 мл еріт. амп. (инфильтрациялық
анестезияда - улпа кдбаттарына); 1% және 2 % 1;
2; 5; және 10 мл ерітінді ампулада (өткізгіштік
анөстезияда - жүйке жолдарына);
• 0,1 супп.; 0,25% 100-150 мл немесе 0,5% 50-80 мл
бүйрек маңы клетчаткасына Ф. В. Вишневский
блокадасы; 0,25-0,5% 30-50 мл еріт. ішке; 5-15 мл
б/е және к/т; 5-10% жағылма түрінде шығарылады.
Әсері 30-60 мин. созылады. Алергиялық реакциялар
байқалуы мүмкін. Егер наукдстың новокаинге
(анестезинге, дикаинге) аллергиясы болған
жағдайда лидокаинмен, тримекаинмен нөмесе
пиромекаинмен (бүларға жоғарғы сезімталдық аз
байқалады) алмастыруға болады.

6.

• Anaesthesinum - анестезин (Б): 5-10% жағылма; сеппе;
0,3 таб. және «Павәстезин таб.; 0,1 супп. және
«Анестезол» супп.; «Анестезин-Ментол» дражесі (12дражеден ауыз қуысында толық сіңірілгенше);
Ампровизоль, аэрозолы 50, 80, 170 мл баллоншада
(закымдалған жерге бір немесе бірнөше per енгізіледі)
шығарылады.
• Dicainum - дикаин (A): 0,25- 3% еріт. - терминальды
анестезияда; қабаққа қою үшін көз пленкасы түрінде
шығарылады.
• Кокаин (А) - 0,25-3% еріт.-терминальды анестезия үшін
белгіленеді.
• Lidocainum - лидокаин (Б): 1% 10 мл және 20 мл еріт.
амп.; 2% 2 және 10 мл еріт.; 10% 2 мл еріт.;
инфильтрациялық анестезияда 0,125- 0,25-0,5% еріт.;
өткізгіштік анестезия үшін 1-2% еріт.; терминальды
анестезия үшін 1-5% еріт. түріиде шығарылады. Әсері 1-2
сағ. созылады.

7.

• Trimecainum - тримекаин (Б): 2% 1; 2; 5 және 10 мл еріт.
амп. шығарылады. Инфильтрациялык, және
өткізгіштік анестезияларда, қолданылуы лидокаинге
үқсас. Перидуральды анестезияда: 1-2% еріт.; жулынды
анестезияда: 5% еріт.; беткейлі анестезияда: 2-5%
еріт. белгіленеді. Әсері 1-2 сағатқа созылады.
• Pyromecainum - пиромекаин (Б): 0,5%, 1% және 2% 10
мл амп. (терминальды анестезия үшін) және 5%-30,0
жағылма түрінде (гингивостоматитте ауыз қуысына
жағу үшін) шығарылады.
• Articain - артикаин: 2% 10 мл еріт. амп. инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи- және перидуральды
анестезияда; жүлынды анестезияда 5% 2 мл еріт.
белгіленеді.
• Прилокаин (3% 1 мл еріт. амп.) және бензофурокаин
(1% 2 мл еріт, амп.) - стоматологияда
инфильтрациялык, анестезияда белгіленеді.

8.

• Бырыстырғыш дәрілер - тері және шырышты қабықшаның бетіндегі
ақуыздың коагуляцияға үшырауына байланысты, жергілікті қабынуға
қарсы әсері бар. Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке үштарын
тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді.
Бырыстырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында
(дерматитте, жараларда, эрозияда, экземада) сеппе, жағылма
түрінде, жағу, шаю үшін белгіленеді.
• АІЖ-ң қабыну ауруларында (энтерит, колитжәне т.б.) ішке
қолданылады.
• а) Бейорганикалық бырыстырғыш дәрілерге: висмуттың негіздік
нитраты, қррғасын ацетаты, ашутас, мырыш сульфаты, күміс нитраты
• жатады.
• Bismuthi subnitras - висмуттың негізгі нитраты. «Викалин», «Викаир»
• таб.; 5-10% жағылма; сеппе;«Нео-анузол» супп. түрінде шығарылады.
• Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas): 0,25-0,5% дымқылдау үшін
қолданылады.
• Ашутас (Alumen): 0,5-1% еріт.

9.

• б) Органикалық бырыстырғыш дәрілерге:
танин, дерматол, ксероформ, түнба және
қайнатпапар (1:10-1:20): емен қэбығы,
шайқурай шөбі, жылантаран тамыр сабағы,
шагыраш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі
қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.
• Tanninum - танин: сеппе түрінде; ауыз қуысын
шаю үшін 1-2% еріт. түрінде; жараларға,
жарылуда, күйгенде, тесілуде 3-5-10% қолдану
үшін сулы және глициринді ерітінділер мен
жағылма түрінде тағайындалады.
• Дерматол және ксероформ - сеппе түрінде
(сыртқа); 10% жағылма.

10.

• Бүркеуші заттар - шырышты қабықшаларды
бүркеп, сезімтал жүйке үштарының
тітіркенуіне кедергі жасайды. АІЖ-ның қабыну
ауруларында қолданып, қүрамында
тітіркендіргіш заттары бар микстуралардың
қүрамына кіреді.
• Mucilago Amyli - крахмал шырышы (2%);
• Mucilago seminum Lini - зығыр түқымының
шырышы (1:30).
• «Алмагель» - Алмагель: асқазан мен
үлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте
және асқазан ауруларында қолданылады. 170
мл флаконда суспензия түрінде шығарылады.
«Алмагель А» - құрамында0,1 анестезин бар.

11.

• Сіңіргіш дәрілер (сорбенттер) - шырышты
қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін,
үлкен адсорбциялық беті бар, үнтақ тәрізді инертті
заттар болып табылады. Олар өз бойына химиялық
қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке үштарын
тітіркенуден қорғайды. Белсендірілген көмір
(«карболен») диспепсияда, іш кебуде (метеоризмде),
тамақпен, алкалоидтармен және ауыр металл
түздарымен және т.с.с. улануларда қолданылады. АІЖның жарасында және, асқазаннан қан кетуде қолдануға
болмайды.
• Carbo activatus - белсендірілген көмір (активтелген
көмір): ұнтақ түрінде; 0,5 таб. түрінде; уланғанда
асқазанды шаю үшін 20,0-30,0
• (10-15 л су мен араластырып) суспензиясын, ал
метеоризмде 1 таб. күніне 2-3 рет белгіленеді.

12.

• Smecta - смекта: 3,0 пакетте; әртүрлі
диареяларда (іш өтуі) қолданылады.
Адсорбциялық (сіңіргіш) қасиетінен басқа
ауырған жерді сездірмейтін және АІЖ-ның
шырышты қабықшапарына қорғаныш қызмет
көрсететін қасиеттері бар.
• Полифепан - гранула және паста түрінде
шығарылып, жүқпалы және жүқпалы емес
диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және
жаппы улануларда қрлданылады.
• Ақ балшық (каолин) пен тальк - сыртқа сеппе
түрінде тағайындалады.

13.

• Тітіркендіргіш дәрілер - жергілікті
қолданғанда, тері және шырышты
қабықшалардың афферентті жүйке үштарын
қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен
қамтамасыз етілуін жақсартады, Тітіркендіргіш
дәрілер невралгияда, құяңда (радикулитте),
артралгияда, қүздамада (ревматизмде),
миалгияда, жарақаттарда, сіңір тартылуда,
спорттық жарақаттарда, қышыма
дерматозында, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу
жолдарының қабыну ауруларында
крлданылады. Оларды іріңді ауруларда,
нейродерматитте, сулы экземада, псориазда
зақымдалған теріге жағуға болмайды.

14.

• Mentholum - ментол: 2% спиртті ерітінді
және 10% майлы қоспа түрінде; 1 және 2%
ментол майы:«Меновазин»препараты;
«Бороментол», «Эфкамон», «Гевкамен»
жағылма түрінде, Валидол (Validolum) 0,06
таб. және 0,05 капс. түрінде шығарылып,
жүрек түсының ауырсынуын төмендету
үшін тіл астына енгізіледі.
• Solutio Ammonii caustici - аммиак ерітіндісі:
10% 1 мл еріт. амп., 10% 40 мл еріт.
флаконда шығарылады, мақта немесе
дәкемен иіскету үшін.

15.

• Қыша қағазы - жылы суда қыша эфир майы
бөлінуі нәтижесінен тітіркену қасиеті
байқалады.
• Терпентин майы (скипидар) - 20% жағылма,
40% линименті; камфора майы,
жағылмасы және спирті (10%); бүрыш
жапсырмасы; «Никофлекс»,
• «Финалгон», «Эспол», «Бом-бенге» және
т.б. жағылмалары бар.
English     Русский Правила