3.50M
Категория: МедицинаМедицина

Тежеу түрлері

1.

Орындаған:Сәден А.Б
Тобы:02.16 «Б» ҚДС
Қабылдаған:

2.

Кіріспе;
-Тежеу
Негізгі бөлім;
-Тежеу түрлері
-Новокаинды тежеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Тежеу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік
процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын
құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы
жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М.
Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды.
Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1.Бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың
әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2.Салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін
тудыратын нейрондарда пайда болады.

4.

5.

Бастапқы тежелу
Бастапқы тежелудің бірнеше түрі бар:
1.постсинапстық тежелу – постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену
нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады. Мұны 1951
жылы австралиялық нейрофизиолог Дж. Экклс аяқтың бүккіш және жазғыш еттерінің
қызметін реттейтін жұлынның қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу
нәтижесінде ашқан. Аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталығы қозса, оның
жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтартың тежелетіні белгілі. Тежелудің бұл
түрі орталығы жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтартарды өзара
байланыстаратын аралық нейрондарда кездесіп, жүйке орталықтартарының арасында
қозу және тежелу процестерінің таралуын бағыттап, келістіріп отыратындықтан, оны
үдемелі постсинапстық тежелу деп те атайды; постсинапстық тежелудің арнаулы
тежелу нейронның (Реншоу жасушаларының) қатысуымен туындайтын түрі –
қайтарымды (анитромды) тежелу болады. Қозғағыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не
оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса,
соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғағыш нейрондар белсенділігін
төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм
болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен
тоқтайды. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталығы жүйке жүйесіндегі қозу
процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады;

6.

7.

2.Пресинапстық тежелу
қоздырушы медиатрлардың
азаюынан пайда болады.
Тежелудің бұл түрінің
биологилық маңызы –
афференттік импульстердің
жүйке орталықтартарына
бағытталуын шектеуінде, яғни
афференттік сигналдарды
екшеп отыратын механизм
болып табылады. Соның
нәтижесінде жүйке
орталықтартарына күшті
афферентік импульстер ғана
өткізіледі де, олар мәні аз,
әлсіз импульстерден
қорғалып, олар өңдеуден
босатылады.

8.

2.Салдарлық тежелудің 3 түрі бар:
1.Пессималды тежелу жүйке орталықтарна оның қызмет атқару мүмкіндігі мен
лабильділігінен жоғары, тым күшті әрі жиі импульстердің әсер етуінен пайда
болады;
2.Парабиоздық тежелу орталығы жүйке жүйесінің лабильділігі күрт төмендеп, бір
мезгілде бірнеше афференттік жолдың қозуынан туындайды. Мысалы, жарақаттан
есеңгіреу кезінде байқалады;
3.Қозудан кейінгі тежелу – нейрондарда қозудың аяқталуы.

9.

Шартты және шартсыз тежелу
Шартты рефлекторлық әрекетті зерттей келе И.П. Павлов шартты және шартсыз
тежелуді ашты.
1.Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс. Ол тез пайда болады да,
онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы Тежелу және шектеу болып
бөлінеді. Шартты тежелу ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол біртіндеп
қалыптасады да, ұзаққа созылады. Оның өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежелу деген
түрлері бар. Шартты тежелу ми қыртысын тіршілік маңызын жоғалтқан шартты
рефлекстік байланыстардан тазартады, организм көптеген маңызы төмен шартты
рефлекстік реакциялардан арылады, сыртқы орта жағдайларына дәлірек
бейімделеді, үлкен ми жарты шарларында талдау және жинақтау процестері дәл
және нақтылы атқарылады.
2.Шартты тежелу бірте бірте ми қыртысында ғана пайда болады. Оны кейде ішкі
тежелу дейді. Шартты тежелу кезінде бұрын пайда болған шартты рефлекстер
жойылады. Шартты тежелудің пайда болуына шартты тітіркендіргіштердің
шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмеуі себеп боладыТабиғи жағдайда
ағзаларда күшейтілмеген шартты рефлекстер жойылады. Олардың орнына жаңа
табиғи жағдайларға сәйкес жаңа рефлекстер пайда болады. Шартты тежелудің тағы
бір түрі - жіктелген тежелу.

10.

11.

Новокаинмен тежеу әдісінің теориялық негіздері.
Новокаинмен тежеу әдісін ең бірінші рет зерттеп, ұсынған академик А.В.Вишневский.
Новокаинмен тежеу, оның ертінділерін венаға, артерияға жіберу әдістерінің емдік және
профилактикалық әсерлерін зерттеп білуде орталық жүйке жүйесінің, оның шеткергі
және вегетативті бөліктерінің анатомиялық және физиологиялық деректерін пайдалану
керек. Іріңді-өлі еттену және басқа да індетті процестерде новокаинмен емдеуді
микробтарға қарсы әсер ететін дәрілік заттармен, операция жасаумен және басқа да
емдеу әдістерімен кешенді түрде жүргізудің қажеттілігін естен шығармау керек.
Новокаин - парааминді бензой қышқылының күрделі эфирінің хлорлы сутекті тұзы мен
диэтиламинді этанолдың қосылысы. Оның әсер ету диапазоны өте кең. Тілде
жансыздану сезімін тудыратын, судың және спирттің 8 бөлігінде еритін иіссіз, түссіз
крисстал. Қышқылды реакциясының судағы ертінділеріне төзімді, қайнатып
зарарсыздандыруға болады. Еріткіш ретінде Рингер сұйығын, натрийдің изотониялық
ертіндісін немесе дистілденген суды қолданады. Ұнтақ түрінде және ампулаға 1-5 және
10 мл құйылған 0,5-2 % ертінді түрінде шығарылады. Ұнтақты сақтықпен «Б» тізімі
бойынша сақтайды. Сірке қышқылды ортада бүлінеді. Бүлінгенде түрі сарғыш тартады.
Егер ертіндінің түрі қатты сарғайған болса, онда ондай ертіндіні қолдануға болмайды.
Ертіндіні тұрақтандыру үшін 0,1 %-ды хлорлы сутегі қышқылын қосады.
Новокаин нейротропты дәрілік заттардың қатарына жатады. Оның әсері рефлекс
доғасының барлық бөліктерінде де байқалады.

12.

13.

Сіңгеннен кейін тікелей орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Синапстарда қозу
процесінің берілуі қиындайды. Себебі, ол ацетилхолиннің түзілуін азайтады, шеткергі
холинореактивті жүйесіндегі қозу процесін төмендетеді. Жұлын миының
нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша мидың нейрондарының синапстары
аздап қажиды. Холинергиялық ганглия нервтерінің адренергиялық нервтерге
қарағанда новокаинға сезімталдығы жоғарырақ болып келеді. Жүрек, өкпелер мен
ішектердің рецепторларының қозуын тежейді; олардың көптеген рефлекстерін
қажытады.
Новокаин организмде ыдыраған кезде парааминді бензой қышқылы және
диэтиламинді этанол түзіледі. Олар организмдегі зат алмасу процессіне қолайлы әсер
етеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын бәсеңдетеді, фоли қышқылының синтезін
жақсартады. Осыны негізге ала отырып, новокаинды медицинада эндоартериттерде,
атеросклерозда, гипертония ауруында, буындардың ревматикалық қабынуында және
басқа да ауруларда қолданады. Сульфаниламид препараттарының әсерінің негізінде
бәсекелестік парааминді бензой қышқылының түзілуі жатыр. Сондықтан оларды
қатарынан қолдануға болмайды.

14.

Новокаин қан тамырларын тарылтпайды және сол себепті қанға оңай сіңеді. Ал қан
тамырларының өзегін тарылту және сол арқылы жергілікті әсер етуін күшейтіп,
мерізімін ұзарту үшін оны қан тамырларының өзегін тарылтатын дәрілік заттармен,
хлорлы сутекті адреналин ертіндісімен, қосып қолданған дұрыс (100 миллилитріне 1040 тамшы). Адреналин ұлпаларда ишемия құбылысын тудыру арқылы новокаинның
әсер ету кезеңін 3-5 есе ұзартады. Сондай-ақ, новокаинның майлы ертінділері ұзақ
уақытқа ауырсыну сезімталдығын басады: 2 % ертіндісі 10 сағатқа дейін, ал 8 %
ертіндісі бірнеше тәулікке дейін. Спирттегі ертінділері судағы ертінділерінен әлдеқайда
ұзағырақ әсер етеді.
Новокаинды инфильтрациялық анестезия үшін кеңінен қолданады. 0,25 – 0,5 %-ды
ертіндіні 30 – 300 мл мөлшерінде, ал жекелеген жағдайларда бірнеше литр мөлшерінде
еңгізеді. Анестетиктерді хлорлы натрийдің изотоникалық немесе Рингер
ертінділерімен, организмге сіңуді әлсірету және қан ағуды азайту үшін адреналинмен
қосып еңгізу қолайлы болып табылады.
Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0,25 % - ды ертіндісін қолданады. Ертіндіні 100 –
1000 мл мөлшерінде қабыну ошағындағы жүйкелердің бойымен еңгізеді. Әсері 15-25
минуттан кейін басталып, 2-10 күнге дейін созылады. Новокаинмен тежеу ем ретінде
тимпанияда, энтералгияда, жатырдың қабынуында және басқа да бірталай ауруларда:
пододерматитте, ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда, жіті іріңді артриттер мен шелдің
іріңдеп қабынуында қолданылады.

15.

Тежеу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік
процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын
құрылымдардың ерекше биологиялық күйі.
Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0,25 % - ды ертіндісін қолданады. Ертіндіні
100 – 1000 мл мөлшерінде қабыну ошағындағы жүйкелердің бойымен еңгізеді.
Әсері 15-25 минуттан кейін басталып, 2-10 күнге дейін созылады. Новокаинмен
тежеу ем ретінде тимпанияда, энтералгияда, жатырдың қабынуында және басқа да
бірталай ауруларда: пододерматитте, ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда, жіті іріңді
артриттер мен шелдің іріңдеп қабынуында қолданылады.

16.

1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-1239, VIII том
2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін
мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген,
толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
3.Химический энциклопедический словарь Гл.ред. И. Л. Кнунянц. — М.:
Сов. энциклопедия, 1983—792 с.
English     Русский Правила