Похожие презентации:
Импульстің СА түйінінде түзілу бұзылыстары
1. Тақырыбы: Импульстің СА түйінінде түзілу бұзылыстары.
С. Ж. Асфендияроватындағы Қазақ
Ұлттық Медицина
Университеті
КАЗАХСКИЙ
НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кафедра:Ішкі аурулар.
Импульстің СА түйінінде
түзілу бұзылыстары.
Тақырыбы:
ОРЫНДАҒАН: Юлчиев Ауелбек
ТОП: 03-1К
КУРС: V
2. Жоспар
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Синустық тахикардия
Синустық брадикардия
Синустық аритмия
Синустық түйінінің тоқтау.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер мен
оқулықтар.
3.
Синустық тахикардия — СА түйіннің
автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан
болады, жүректің соғуы минутына 100-ден
артады (100-160 шамасында), ырғағы дүрыс.
• Даму механизмінің негізінде СА түйініндегі Ржасушалардың трансмембраналық
потенциалының 4 фазасының тезделуі
жатады. Синустық тахикардия мына
жағдайларда пайда болады: симпатикалық
нерв жүйесі ықпалының күшеюінде; кезбе
нервісі тонусының төмендеуінде; СА түйіні
жасушаларының гипоксияның, ацидоздың,
уланудың немесе гипертермияның
салдарынан тітіркенуінде.
4.
ЭКГ-лық сипаттамалары: R-R аралықтары, Т-Раралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем; Р тісше
мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, РQ
аралығы 0,12- 0,22с шамасында; ұзаққа созылған
тахикардияда (симпатикотонияның немесе
субэндокардиальді ишемияның салдарынан) S-Т
аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.
5.
Синустық брадикардияның ЭКГ-лықсипатамалары: R тісше мен QRS
комплекстерінің жұптасуы сақталған; R-R.
аралықтары қашық немесе 1 с артық;
функциялық брадикардия болғанда атропин
(1 мг) салған соң ЖСС жиіленеді.
6.
Синустык аритмия оның тыныстық жәнетыныстық емес түрлерін айырады. Тыныстық
аритмия n.vаgus тонусының тыныс қимылынан
өзгеріп тұруынан болады. Демді алғанда ЖСС
жиіленеді, шығарғанда — азаяды. Тыныстық емес
аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне
миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан
болады.
7.
ЭКГ-лык көрінісі. R.-R аралыктар әртүрлі, бір-біріненайырмашылығы 0,15 с артық. Тыныстық аритмияда R-Rаралықтары тыныс фазасына сәйкес: демді алу кезінде
қысқарады, шығару, кезінде ұзарады. Тыныстық емес
аритмияда мұндай заңдылық жоқ, ең қысқа R-R аралықтан
кейін ең үзын R-R аралық болуы мүмкін. Оны тыныстық
аритмиядан айыру үшін, ЭКГ-ны тынысты токтатып түсіреді.
8.
Синус түиінінің тоқтауы (sinuspause; стоп, sinus аrеst) — синус түйінінің импульс
түзуге шамасының келмей қалуы. Импульстің болмауынан
жүрек соғуы кенет тоқтайды. Бұл синус түйіні әлсіздік
синдромының бір түрі. Себептері: ауыр ваготония, каротидтік
синустың аса сезімталдығы; жүрек гликозидтерімен,
антиаритмиялык заттармен улану, гипокалемия; жүрекшелік
миокардтың зақымдануы.
9.
• ЭКГ-лық көрініске ұзақ асистолиялық паузаболады Үзіліс кезінде түйіндік немесе
идиовентрикулалық орынбасарлық
систолалар немесе ырғақ пайда болуы
мүмкін.
10.
Клиникалық көрінісі. Науқастың тағдыры САтүйіннің тоқтау ұзақтығына және латентті
автоматизм орталықтарының іске қосылу тездігіне
тәуелді. СА түйінінің автоматизмі мүлдем немесе
өтпелі жойылады. СА түйіні мүлдем тоқтап,
эктопиялық ырғақтар шығып үлгермесе, онда
науқас кенет өледі. Түіннің өтпелі тоқтауында жүрек
тоқтауын сезіну, бас айналу, талып қалатын
жағдайлар болып тұрады. Тексергенде жүрек
тондарының пульстің оқтын-оқтын жойылу
кезеңдері анықталады.