214.14K
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, кезектес салалас етіп құраңдар

1.

2.

3.

1 – тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, кезектес
салалас етіп құраңдар.
Берілгені: 1. Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып, жер бауырлап
сүйретіледі. 2. Нұрғали тәуке қарап кіжінеді. 3. Тұра салала бүкшеңдеп
жүгіреді. 4. Аманға қарап мүләйімсиді. 5. Ол ақтарыла салатындай сондайлық
жақын көрінеді. 6. Мен түк түсінбеймін. 7. Салқын тартып алыстап кетеді. 8.
Осылар түк түсінбейді. 9. Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек. 10.
Нәзік бұтақтарына тізбектеле өскен жас жапырақтар бір әсем музыканың
ырғағында қатарласа билеп жүрген балалардай көрінді.
Тапсырманың орындалу барысы:
Кезектес СҚС жалғаулары: бірде, кейде, біресе.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларға КСҚ-ты
жете түсіндіріп, , ізденімділік деңгейін арттыру

4.

2 – тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: Төмендегі сөйлемдерде кейде, біресе, не жалғаулық шылаулардың
қайсылары жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұр?
Қайсылары кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемді байланыстырып
тұр?
Берілгені: Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен
жұмысым жоқ. Не қазан – ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік
таппай селтиіп жалғыз жүреді. Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып,
жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды. Жүргіншілердің оң жағынан
кейде сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларға жай
сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін және кезектес салаластың
құрамындағы жай сөйлемді байланыстырудағы айырмашылығын түсіндіру,
белсенділігін арттыру.

5.

3 – тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: « Кім жылдам?» ойыны арқылы мына антонимдерді қатыстырып,
кезектес салалас құрмаластың жалғауларын пайдалана отырып сөйлемдер
құрайды.
Берілгені: Төмен-жоғары, баяу-тез, алға-артқа, жаман-жақсы, оңай-қиын.
Тапсырманың орындалу барысы: Аққу біресе төмен, біресе жоғары ұшады.
Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларды кезектес
салалас құрмалас сөйлем құрай білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру

6.

4 – тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: Интерактивті тақтамен жұмыс. ( Оқушы шығып тақтаға қарындашпен
белгілеп тұрады, сөйлем толық оқылады. Сөйлемдер үлгідегі жалғаулармен
толықтырылады.)
Берілгені: Хатты ___ кеудесіне қысады да, __ оған мейірі қанбағандай бетіне
басады. (Ә.Ә)
•___ ашу, ___ айламен еп ойлады. __ қулық, ___ сұмдықпен жұмысым жоқ.
(Шәкәрім)
•Баяу өскен жел ____ басылады, ___ толқып,жасыл шөптердің басын ақырын
ғана ырғайды.
Тапсырманың орындалу барысы: Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе
оған мейірі қанбағандай бетіне басады. (Ә.Ә)
•Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ.
(Шәкәрім)
•Баяу өскен жел бірде басылады, бірде толқып,жасыл шөптердің басын ақырын
ғана ырғайды.
Әдістемелік сипаттама:
белсенділігін арттыру
Берілген
тапсырма
арқылы
оқушылардың

7.

5– тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: «Ой-Бәйге» кезекті салалас құрмалас сөйлемнің
жалғауларын пайдалана отырып жаңа сөйлемдер құрау.
Берілгені: «Ой-Бәйге»
Тапсырманың орындалу барысы: Күн бірде тұманды, бірде жаңбырлы.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларды сөйлем
жаза білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру

8.

6 – тапсырма
Шығармашылық деңгей
Шарты: Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғауларын
қолданып, «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу.
Берілгені: «Менің арманым»
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларды эссе жаза
білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру

9.

7– тапсырма
Шығармашылық деңгей
Шарты: Төмендегі
сөйлемдерді оқыңдар. Салалас құрмалас сөйлемді
ажыратыңдар. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңдар.
Берілгені: Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне
қарады (М.Әуезов), Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ,
өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев),
Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін
шамалай алмаймын (С.Мұқанов), Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар
немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев), Нұрғали біресе Тәкеге қарап
кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)
Тапсырманың орындалу барысы: Мезгілдес СҚ, Себептес СҚ, Қарсылықты
СҚ, Талғаулықты СҚ, Кезектес СҚ.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларға кезектес
салалас құрмаласты салалас құрмаластың басқа түрлерінен ажырата білуге
дағдыландыру, шығармашылық деңгейін арттыру

10.

8– тапсырма
Шығармашылық деңгей
Шарты: Кейде, біресе, не жалғаулықты шылаулары бірыңғай
мүшелерді байланыстыратындай және жай сөйлемдерді
байланыстыратындай сөйлем құра.
Тапсырманың орындалу барысы: Не қазан – ошаққа араласа алмайды, не
серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушыларды сөйлем
құрай білуге дағдыландыру, шығармашылық деңгейін арттыру

11.

9– тапсырма
Шығармашылық деңгей
Шарты: Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғауларын пайдалана отырып
өлең жолдарын жазу.
Тапсырманың орындалу барысы: Бірде жаңбыр жауып тұр,
Бірде тұман, жабық күн.
Кемпірқосақ шыққаны,
Күн шығары – анық бұл.
Әдістемелік сипаттама: Берілген
шығармашылық деңгейін арттыру
тапсырма
арқылы
оқушылардың

12.

10– тапсырма
Шығармашылық деңгей
Шарты: Көркем әдебиеттен кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді тауып
теріп жаз.
Тапсырманың орындалу барысы: Біресе Хамит Күдірені алып ұрады, біресе
Күдіре Хамитті алып ұрады (“Бандыны қуған Хамит” С. Сейфуллин)
Әдістемелік сипаттама: Берілген
шығармашылық деңгейін арттыру
тапсырма
арқылы
оқушылардың
English     Русский Правила