Похожие презентации:
Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіндегі негізгі қаржы жүйесі және материалдық емес активтер
1. СӨЖ Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіндегі негізгі қаржы жүйесі және материалдық емес активтер, оның қозғалысы,
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
“Фармацевт-менеджер” модулі
СӨЖ
Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық
қызметіндегі негізгі қаржы жүйесі және
материалдық емес активтер, оның қозғалысы,
амортизациясы және есебі
Тексерген:Елшібекова Қ.М.
Орындаған: Омралиева М.
Тобы: ФА12-004-01
Алматы, 2016
2. ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
◦ 1. Материалдық емес активтер
◦ 2. Материалдық емес активтердің
амортизациясы
◦ 3. Материалдық емес активтер есебі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер.
3. КІРІСПЕ
Қаржы есебі кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың шаруашылық операцияларын көрсетуге және
қорытындылауға, оның сыртқы пайдаланушы үшін
қаржы есептемесін дайындауға арналған
бухгалтерлік есеп жүйесі. Қаржы есебі нәтижесі:
теңгерім, қаржы нәтижелері туралы есеп беру, ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп беру, меншікті
капитал туралы есеп беру, елдің заңнамасына сай
келетін басқадай есептемелер. Қаржы есебі мүліктің,
міндеттемелердің, кіріс пен шығыстың жай-күйін
болған шаруашылық өмір ақиқатының негізінде
көрсетеді, сөйтіп кәсіпорынның, ұйымның
қаржысын басқару үшін негіз жасайды.
4.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдықэкономикалық формация шеңберінде өмірсүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы;
тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы
мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты
салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы
мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың
(қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің
құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы.
Әрбір ірі салалардың ішінде буындар
болады, оның үстіне қаржы қатынастары
субъект қызметінін сипатына қарай
топтастырылады.
5.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесібюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан,
түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың
қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы
қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар,
мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық,
ұлттық банк, салық инспекциясы, салық
полициясы (қаржы полициясы), кор валюта
биржалары, қаржы-несие мекемелері) және
қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар
жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы
жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы
ұлттық экономика дамуының қажетті шарты
болып табылады.
6. Материалдық емес активтер
Материалдық емес активтері деп – белгілі бірнақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат
түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ
қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын
болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі
құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік
қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы
(бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда)
әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
7.
Кәсіпорындарда материалдық емесактивтердің қатарына жатады:
лицензиялық келісімдер;
бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді ,
ұйымдастыру шығындары;
Гудвиль;
Франчайзинг;
сауда маркалары;
авторлық құқық;
жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану
құқықтары;
ноу-хау;
тауар белгілері‚ т.б.
8.
Шетелде материалдық емес активтергефирманың беделі, оның жұмыс стилі‚
яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚
фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚
қызметкерлердің фирмалық киім-кешегі‚
т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс
қызметінің өнімі болып табылатын
материалдық емес актив тауар ретінде
есептеледі.
9.
Мекемелердін қаржылық –шаруашылық қызметіндеорындайтын міндеттері мен функцияларына байланысты
матириалдық емес активтерді халықаралық тәжірибеде негізгі
келесі топтарға бөлуге болады:
1. Өнертапқыштыққа берілген патенттерден пайда
болатын өнеркәсіптік (өндірістік) меншігінің нысандарына
берілген құқықтар, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялар
жетістіктер, пайдалы моделъдер, тауарлық тауарлар және
қызмет көрсету танбалары немесе лицензиялық келісімдер,
оларды пайдалануға келісімдер;
2.Авторлық және өзге келісімдерден туындайтын
интелектуалдық меншікке берілетін құқықтар.
3.Мүліктік құқықтар. Мүліктік құқықтарға
жатқызылады; жерді, су ресурстарын, жер қойнауын,
мүліктерді, пәтерлерді, лицензияларды және басқаларды
пайдалану құқығы.
10. Материалдық емес активтерді иелігіне байланысты төрт топқа бөлуге болады:
1.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.Оларға жатқызылады: өнеркәсіптік (өндірісік) меншіктің нысандарына
берілген құқықтар; өндірісті ақпаратты пайдалану құқықтары; интегралды
микосызбалар технологиясы; өдірістік үлгілері, ЭЕМ мен мәліметтер
базасын бағдарламалық жабдықтау; табиғи ресурстарды пайдалану
құқықтары;
2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.
Бұл топқа тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар
шығарылған жерлердің атаулары; сауда маркалары; ЭЕМ мен мәліметтер
базасын бағдарламалық жабдықтау және басқалар жатқызылады;
3.Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес
активтер. Бұл топқа өнертапқыш құқығы; патенттер; лицензиялар;
франшиза; өндірістік үлгілер және басқалар жатқызылады;
4.Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Мұнда
интеллектуалдық меншік және басқалар кіреді.
11. Материалдық емес активтердің амортизациясы
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтерөздерінің пайдалануы барысында біртіндеп
сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер
тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған
уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер
бұл материалдық емес активтерді пайдалануда
кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив
қатарында есептеудің қажеті де болмайды және
бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен
немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның
зияны болып табылады.
12.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердіпайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай
сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс
шығындарына қосылып отырылады. Яғни,
материалдық емес активтердің құнына
амортизациялық аударым есептелініп тұрады.
Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері
материалдық емес активтердің бастапқы құнымен
олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі
кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы
керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану
мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,
амортизациялық аударым (өтілім) он жылға
есептелінеді.
13.
Бірақ ол ұйымның қызмет атқарууақытынан (мерзімінен) аспауы керек.
Жалпы материалдық емес активтердің
тозуы бухгалтерлік есеп шоттар
жоспарының: «Материалдық емес
активтердің амортизациясы»,- деп
аталатын шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн – «бастапқы құн
минус жойылу құны» болып айқындалады.
14. Материалдық емес активтер есебі
Материалдық емес активтер кәсіпорынныңбалансында бастапқы құны бойынша кіріске
алынады. Бұл материалдық емес активтердің
бастапқы құны былайша анықталады:
• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың
кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі
есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес
активтердің бағасы екі жақты нақты келісім
бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін
(қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық
емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға
бойынша бағаланады.
15.
Бұл материалдық емес активтердіңбаланстық бағасын анықтаудың жалпы
әдісі болып табылады. Бірақ кейбір
материалдық емес активтердің бастапқы
құнын анықтаудың ерекшеліктері бар.
Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда
акционерлік қоғамдар мен
жекешелендірілген шаруашылық
субъектілерінде және басқа да ұйымдарда
қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген
ұғымды келтіруге болады.
16.
«Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғнипайдаланылуы барысында субъектіге табыс
(пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық
шешімдер мен жаңалықтарды, құпия
мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке
тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай
жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы
«патент» сияқты болып көрінгенімен одан
өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті
сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға
қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны
болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың
бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға
кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы
екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
17.
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталыпөткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер».
Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру
немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі
болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған
кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық
келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив
үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде
қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да
міндеттерін орындайды.
Материалдық емес активтердің «Программамен
жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорнының
алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына
қатысты табыс әкелетін ақпараттармен
мәліметтерді айтады.
18.
«Патент» деп аталатын материалдық емесактив жеке адамның немесе топтың, сондайақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан
жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап
және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа
немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз
пайдасына (жұмысына, қызметіне)
қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып
табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп
кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен,
сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін
берілген құқықты куәландыратын құжатты
айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында
патенттік баж төлеуі керек.
19.
Материалдық емес активтердің «Гудвиль» депаталатын түрін кейде «Фирма бағасы»- деп те атайды.
«Фирма бағасы» немесе «Гудвиль» материалдық емес
активтер шотында есептелініп және сонымен қатар
ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен,
яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі
кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.
«Фирма бағасы» болып сатылып алынған
кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған)
бағасымен оның барлық активтерінің баланстық
құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде
сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің
сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан
артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық
«жағымды гудвиль», ал кем болған жағдайда
«жағымсыз гудвиль» деп аталады.
20. ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық емес активтербұл интеллектуалды меншік обьектілерініңшартты құны, сондай- ақ жерсу мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану
құқықтары.
Материалдық емес активтерден туындайтын
болашақ экономикалық тиімділіктер тауарларды
сату немесе қызмет көрсетуден алынған
табыстарды, шығындардын үнемделуі немесе
мекемкнін активті қолдануының нәтижесі болып
табылатын басқа табыстардан құралыуы
мүмкін.
21. Пайдаланылған әдебиеттер:
http://studentke.com/materialdyi_emes_aktivter.html
http://sachok.kz/referat/show/940