1.39M
Категория: ГеографияГеография

Қазақстандық географтардың зерттеулері

1.

2.

3.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ГЕОГРАФТАРДЫҢ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ

4.

9.1.1.1 география ғылымының дамуына
үлес қосқан қазақстандықтардың
зерттеулері туралы баяндау;

5.

«Тұлғаны таны»

6.

Мәтінмен жұмыс
Мәтіннің әр бөлігінен негізгі
ақпаратты анықтаңыз.

7.

Мәтін №1. «Жылнамалар жинағы»
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен
ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің
атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл —
қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым
Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне
Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері —
Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан
сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. "Жылнамалар жинағының" жалғыз
көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс
қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат
берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан
тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты
анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев
былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де
еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде
қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға
едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз
болды. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда
қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы,
оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары
жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид адДиннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі
қысқаша аудармасы.

8.

Мәтін №2. Шоқанның Қырғыз жеріне саяхаты
Шоқан 1853 жылы өзімен оқитын жолдастарынан бір жыл бұрын Омскідегі Кадет корпусын
бітіріп, офицер атағын алып шығады. Ол 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен құрылған
экспедицияға қатысады. Экспедицияны Хоментов басқарады. Шоқан экспедициямен қырғыз
елінің көп жерін аралайды, халықтың тұрмыс-салтымен жақсы танысып, қырғыздың атақты
эпосы «Манастың» мазмұнын жазып алады, кейін осы эпосты орыстың даңқты ғалымдарына
бірінші рет таныстырушы да Шоқан болады. Бұл сапарында ол қырғызбен шектес Ұлы жүз
қазақтарының мекендеп отырған жерлерін, олардың шаруашылыққа жайлы-жайсыз жақтарын
жақсы зерттеп, елдің әдет-ғұрпымен, тұрмысымен, ескіден қалған әңгіме-ертегі, жырларымен
танысып, оларды да жинай жүреді. 1857 жылы Шоқанды қырғыз еліне әртүрлі материал жинауға
жібереді. Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик
атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға
қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының картасын жасасады. "Манас" жырын
жазып алып, Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір
мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары
екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ
К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын
айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа
асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

9.

Мәтін №3. Шоқанның Қашқар жеріне саяхаты
1858 жылы Шоқанды Қашқарға жөнелтілген экспедициямен бірге көп тапсырмалар беріп, оны Қашқарияға
жібереді. Сол заманда Еуропалықтар үшін бұл аймақ мүлдем белгісіз болатын. Себебі, Қытай үкіметі
Еуропалықтарға кіруге тиым салған. Сондықтан патша үкіметі Шоқанды саудагер ретінде жасырын түрде
жібереді. Ол 1858 жылы 27 қыркүйекте Қашқарияға барып, 1859 жылдың 11 наурызына дейін сонда
болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық және саяси тұрмыстары жөнінде
көп материалдар жинап, өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5-6 айдың ішінде
ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы,
аз уақыттың ішінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Шоқанның бұл экспедиция кезінде
жинаған материалдары патша өкіметінің сол кездегі сыртқы саясатына және соғыс мақсатына пайдалануы
үшін аса құнды мәліметтер берді, сонымен қатар Орта Азияның әлі мәлімсіз, зерттеліп жетпеген түкпіртүкпірін білу, тану ісіне көмектесті, география ғылымына зор еңбек боп қосылды. Шоқан Ұйғыр әліпбиі
деген атпен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла
жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен,
ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген.
Тау жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені
аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын,
әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен
сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен 1859 жылы сәуір
айында елге оралған.

10.

Мәтін №4. Шоқанның жазған еңбектері
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры» Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі
болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян
сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры
И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік
қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне
тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан
жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның
болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. 1856 жылы «Манас» жырын
алғаш қағазға түсіреді, Ыстықкөлдің картасын жасайды, Қашқар жеріне саяхатынан кейін
"Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың
жайы" , «Жоңғар тарихы» және қырғыз жайындағы басқа да біраз ғылыми еңбектерін
баспаға әзірлейді. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы
бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. "Балқаш көлі мен
Алатау жотасы аралығының картасы", "Құлжа қаласының жобасы", "Ыстықкөл
экспедициясының қорытындысына қосымша карта", "Қытай империясы батыс өлкесінің
картасы" т.б. дайындалады. Мұның өзі Ш.Уәлихановтың география, картография
салаларына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді.

11.

Мәтін №5. Қ.И. Сәтбаев зерттеулері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 - 1964 ж.ж. — кеңестік геолог ғалым, қазақстандық металлогения мектебінің
негізін салушы. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ және Кеңес Одағының геологі,
қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР
академиясының академигі. Геология саласында Қ.И. Сәтбаев зор еңбегінің бірі, осы саладағы белгілі мамандардың
келіспеуіне қарамастан, Жезқазған ауданында зерттеуді жалғастырды және 1930 жылы Ұлытау-Жезқазған мыс рудасы
қазбасын ашты. Сонымен бірге Сәтбаев еңбектеріне, оның тапсырмасы бойынша және оның басқаруы бойынша 40шы жылдары Қазақстанда Жездіде марганец кеңі қазбасы ашылды және жетілдірілді. 1935 жылы Жезқазған облысын
зерттей отырып, Қаныш Сәтбаев қазақ даласына жорыққа шығу уақытында, 1391 жылы Темірлан қалдырған жазбасы
бар тасты тапты. Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан астам жұмыс жазды. 1950 ж. Сәтбаев және оның
шәкірттері кеңестік геологиялық ғылымының аса маңызды туындыларының бірі - Сарыарканың металлогендік және
болжам карталарын жасау жұмыстары жасалды. Олардын, құнды географиялық кешенді зерттеулері тұңғыш рет
елімізде тақырыптық карталар жасалу бастамасы болды. Қаныш Имантайұлы минералдық шикізаттарға бай
Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарды ерекше назар аудара зерттеді. 1927-28 жылдары Жезказған, Қарсақпай,
Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір бассейні және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми
маңызды еңбектері жарияланды.
Алматы қаласында КСРО Fылым Aкадемиясының Қазақстандық базасы ашылды. 1936 жылы КСРО Ғылым
Академиясының Қазақстандық филиалына өзгертілді. Оның кұрылымында 1938 жылы география секторы құрылды.
Қазақ географтарына географиялық зерттеулер жасауға колайлы болды. 1946 жылы Қазақ КСР Fылым
Aкадемиясына Қ. И. Сәтбаев алғаш президент болды. Зерттеулердің жетекші салалары: республиканың пайдалы
қазбаларын пайдаланумен байланысты (аймақтық геология, металлогения, гидрогеология, кен орнын өңдеу
технологиясы, түсті, қара, сирек металлдар рудаларын қайта өңдеу кешені) мәселелер кешені; қолданбалы ядролық
физика; астрофизика; республиканың халық шаруашылығы экономикасы; адам және жануарлар ауруының табиғи
ошағы және т.б.

12.

Оқу тапсырмасы:
-Қазақ жерін зерттеу қандай
қажеттіліктен туындады?
- Әр уақыт зерттеушілерінің қандай
ортақ нәтижелері бар?

13.

Кестені толтырыңыз
№ Зерттеуші-саяхатшы Маңызды зерттеулері,
ғалымдар
еңбектері
1
2
3
Қ. Жалаири
Ш. Уалиханов
Қ.И. Сәтбаев

14.

Қалай ойлайсыз?
- Ерте кездегі географиялық
зерттеулердің өзекті мәселесі қандай
болып еді?
- Ал қазіргі заманғы географиялық
зерттеулердің өзекті мәселесі қандай?
English     Русский Правила