Похожие презентации:
Казакша №11. Аллергияға қарсы заттар
1. аллергиЯҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
2. Аллергия – организмның Қоршаған ортаның әр түрлі әсерлеріне, антигенді қасиеті бар заттарға жоғары сезімталдығы. аллергиялық аурулардың
Организмге антигендер әсер еткендегуморальды иммунитеттің жүйесі
белсенеді және мес жасушаларына
бекітілген Е классындағы
антиденелер түзіледі.
Организмге антиген қайта түссе, онда
олар антиденелермен әрекеттеседі.
Бұл мес жасушаларының
дегрануляциясына, олардан аллергия
медиаторының (гистамин және т.б.)
бөлінуіне және аллергиялық
реакцияның дамуына әкеп
соқтырады.
3. Аллергиялық реакциялардың 2 түрі болады :
Жедел дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (ЖДЖСР)ЖДЖСР өте жылдам басталады –сенсибилизацияланған организмге
аллерген түскен соң бірнеше минуттан кейін дамиды да бернеше сағатқа
созылады. Олардың даму механизмі гуморальды иммунитеттің
реакциясымен байланысты (анафилактикалық шок, поллиноздар, Квинке
ісігі, есекжем)
Баяу дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (БДЖСР)
БДЖСР 8-12 сағаттан соң дамиды және бірнеше күнге дейін, кейде бірнеше
аптаға дейін созылады. Олар тіндік реакциялармен сипатталады және
жасушалық иммунитеттің реакциясымен (аутоиммунды реакциялар,
экзема, контактты дерматиттер, трансплантанттың қабылдамау реакциясы
және т.б.) байланысты.
4. Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі:
ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар1. Жасушалардан ББЗ-дың және гистаминнің босап шығуына кедергі
жасайтын заттар
А) Глюкокортикоидтар: преднизолон, дексаметазон және т.б.
Б) Адреномиметиктер: адреналин, изадрин, орципреналин, салбутамол
В) Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын
заттар: Кромоглиций қышқылы (интал), кетотифен, недокромил
2. Гистаминнің тіндік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайтын
заттар (гистаминге қарсы заттар)
Н1-рецепторларды тежейтін заттар: димедрол, дипразин, диазолин,
тавегил, супрастин
БДЖСР кезінде қолданатын заттар
1. Иммуногенезді , айрықша жасушалық иммунитетті тежейтің
заттар (иммунодепрессанттар):
А) глюкокортикоидтар
Б) Цитостатиктер:меркаптопурин, циклофосфан
5. Адреномиметиктер
Адреналин —анафилактикалық шок кезінде(артериялық қан қысымының төмендеуімен,
бронхоспазммен және кеңірдектің ісіңуімен жүретін
өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде)
қолданылады
Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді,
цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан
аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
Эфедрин (симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің
жеңіл түрлерінде қолданады.
Адреномиметиктердің жанама әсерлері: гипертония,
тахикардия, ОНЖ белсенуі.
Аллергиялық бронхоспазмды басу үшін ингаляционды
β2-адреномиметиктерді қолданады - сальбутамол,
тербуталин, фенотерол
6. Мес жасушаларының дегрануляцияСЫна кедергі жасайтын заттар (Мес жасушаларының мембранасын тұрақтандыратын заттар): Недокромил, Кромогли
Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебранатұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың
дегрануляциясын шектейді.
Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап
шығуына кедергі жасайды
Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін
азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда
қолданады.
Жанама әсерлері: жөтел, ауызды кептірү,
дерматиттер, миозиттер, гипоацидті жағдайлар,
гастроэнтерит, аллергия.
7. Н1-рецепторларды тежейтін антигистаминді заттар
Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогендізат
Гистамин қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін
жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың
тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1рецепторлардың ынталануында байқалады.
Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар
кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық
конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі),
вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
Жіктемесі
I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин,
хлоропирамин
II ұрпақты: астемизол, терфенадин
III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
8.
Дифенгидрамин (димедрол) орталықты және шеткері Н1-рецепторларды тежейді; аллергиялық реакцияларды айқын жеңілдетеді. Әсерету ұзақтығы 4-6 сағат. Седативты, ұйықтатқыш әсер көрсетеді,
вестибулярлы аппараттың орталықты тізбегінің қозуын төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері: Есекжем, қышыма, поллиноздар,
ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия
болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және
қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін
қолданады.
Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты
қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің
төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық
және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
9.
Клемастин (тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12сағаттай)
әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі
жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі
аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
Хлоропирамин (супрастин) аллергияға қарсы әсерінен
басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
10.
Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативтіжәне ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
II ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді
препараттар шығарылған
кейіннен — III ұрпақты препараттар — азеластин,
лоратадин (кларитин) шығарылды.
Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан
ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері
ұзаққа созылады.
11. ГлюкокортикоидТАР (преднизолон, дексаметазон, флукортолон) (ГК)
ГК қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсерлері бар.Антиденелердің түзілуін тежейді, мес жасушаларының
дегрануляциясын шектейді, жасушалық иммунитетті,
трансплантатты қабылдамау реакциясын тежейді,
фагоциттердің белсенділігін тежейді.
Осыған байланысты глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық
реакцияларда тиімді болып келеді.
Аллергияның ауыр және орташа ауырлықты
көріністерінде (анафилактикалық шок, Квинке ісігі, сарысу
ауруы жәнет.б.) қолданады, сонымен қатар мүшелер мен
тіндерді алмастыру кезінде қосымша зат ретінде қолданады.
12. Цитостатиктер – жасушалардың бөлінуін және өсуін тежейтін заттар
Цитостатиктер әсіресе жылдам бөлінетінжасушалардың бөлінуін айқын тежейді: сүйек
кемігінің жасушалары, АІЖ-ның эпителийі, жыныс
бездерінің жасушалары, қатерлі ісік жасушалары.
Оларда қатерлі ісік ауруларында, кейбір жағдайларда
– иммуносупрессорлы зат ретінде қолданады.
Циклофосфамид, метотрексат, азатиоприн
Қолдану көрсеткіштері:
1) аутоиммунды ауруларда (ревматоидты артрит,
жүйелі қызыл жегі және т.б.)
2) иммунитетті тежеуіне байланысты мүшелер мен
тіндерді алмастырған кезде дамитын
транспланттатты қабылдамау реакциясының алдын
алады.
3) Ісікке қарсы зат ретінде қолданады.
Жанама әсерлері: сүйек кемігінің тежелуі
(лейкопения, анемия, тромбоцитопения),
өкпенің интерстициалды фиброзы ,
геморрагиялық цистит, аменорея,
азооспермия, лоқсу, құсу, алопеция.