Похожие презентации:
Термин анықтамалары. Өзен. Қазақстан мұздықтары
1. Термин анықтамалары:
• Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды сунемесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
• Өзен жүйесі – суы бір-біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір
сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы.
• Өзен алабы - жер беті және әрі жер асты арқылы жалпы су
ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп
қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы
• Суайрық – жер беті және атмосфералық жауын-шашын
ағындарын екі беткейге бөлетін Жер бетіндегі шартты сызық.
• Жер асты суы – қатты, сұйық және газ күйінде жердің
литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы
қуыстарға, кеуектерде, жарықтарда болатын су.
• Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы
қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе
қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз
шоғыры.
• Көл - тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға
толы дербес ойыстар.
2.
Ішкі сулардың алаптар бойынша бөлінуіІшкі тұйық алап
Солтүстік Мұзды мұхит
Өзендері
Ертіс; Есіл; Тобыл
Каспий
Арал
Балқаш-Алакөл
Өзендері
Жайық;
Жем;
Ойыл;
Сағыз;
Өлеңті
Өзендері
Сырдария;
Шу;
Сарысу;
Талас;
Торғай
Өзендері
Іле;
Қаратал;
Лепсі;
Ақсу;
Тентек
3.
Қазақстан өзен жүйесінің ерекшеліктеріЖасы
Таралуы
Ескі
Жас
Жазық бөлігінің
өзен жүйелері
ескі, өзінің даму
сатысының соңғы
кезеңінен өтудег.
өзен аңғарлары
жақсы түзілген
әрі кең болып
келеді. Бұл
өзендерде бүйірлік
эрозия күшті.
Таулы аймақтардың
геологиялық тарихы
жағынан жас, өз
дамуының
бастапқы кезеңінен
өтуде. Бұл
өзендерде
табандық (тереңдік)
эрозия жылдам
жүреді.
Жазықтарда өзен жүйесінің
жиілігі солтүстіктен оңтүстікке
қарай кеми береді.
Жауын-шашын көбірек түсетін
орманды дала және дала
зоналары өзенге бай.
Солтүстікте өзен жүйесінің
жиілігі 100 шш орта есеппен
4-6 ш, ал оңтүстікте 0,5ш келеді.
Биік таулы аймақтарға 4-6,
таудың орта бөлігінде10-12,
биік тауларда 16-18
шақырымнан келеді.
4.
Қазақстан көлдеріҚазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам
көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына
қарай негізгі үш түрге бөлінеді. Олар:
Тектоникалық көлдер.
Мұндай көлдер
Қазақстанның оңтүстікшығыс таулары мен
Сарыарқада көбірек
таралған.
Зайсан, Марқакөл,
Қарасор,Теңіз,
Қорғалжын,Есік
Қалдық көлдер.
Каспий маңы ойпаты,
Тұран ойпаты, Торғай
қолаты, Балқаш –
Алакөл ойысындағы
кейбір көлдер жатады.
Басты қалдық көлдер Каспий, Арал теңіздері.
Мореналық көлдер.
Биік тауларда ежелгі
Мұз басқан аудандарда
Кездеседі.
Үлкен Алматы көлі,
Жасылкөл көлі.
5.
Қазақстан көлдерінің таралу ерекшеліктеріБірінші ерекшелігі:Көлдер
Қазақстанның табиғат
зоналарында біркелкі таралмауы.
Екінші ерекшелігі:Көлдердің топтоп болып шоғырлануы. М: Каспий
маңы, Тұран ойпаттары,Батыс
Сібір жазығы, Сарыарқа.
Үшінші ерекшелігі: Көл жасының әртүрлі
болуы. Орманды дала, дала зоналарында
көне, шөлейт, шөл зоналарының көлдері
табанына тұз жиналып, сорға айналуда, ал
тауларда жас көлдер шоғырланған.
6.
7.
Қазақстан жер асты суларыГрунт сулары: жер бетіне таяу
орналасқан, бірінші су
өткізбейтін қабаттың үстінде
жатқан сулы қабаттағы жер
асты суы. Оның қысымы жоқ,
су деңгейі 1 жыл ішінде маусым
сайын өзгеріп отырады.
Қазақстанның барлық
аймақтарында дерлік
кездеседі.
Артезиан сулары: су
өткізбейтін қабаттар
арасындағы кездесетін
қысымы күшті жер асты суы.
Қазақстанда ең суы мол
артезиан алаптары Мойынқұм
мен Қызылқұмды айтуға
болады. Бұл алаптардағы
судың көлемін салыстырмалы
түрде жер асты теңізі деп
айтуға болады
Еліміздің артезиан жер асты суының жалпы көлемі Балқаш сияқты
70 көлдің көлеміне тең келеді. Елімізде адам ағзасына шипалық
әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан,
Рахман қайнары жер асты минералды сулары бар.
8.
Қазақстан мұздықтарыҚазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және
оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу
Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатау
жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың
алып жатқан ауданы-2033,3 шш, ал көлемі 100 тш.
1. Тегістелген төбе мұздықтары – биік таулар басында пайда
болады,олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, бүкіл мұздықтар
ауданының 1 пайызына тең.
2. Тау беткейлерінің мұздықтары – тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі
Аспалы мұздықтар. Қар түріндегі мұздықтар еліміздегі мұздықтар
Ауданының 33 пайызын алып жатыр.
3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға
Жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66 пайызын қамтиды.