Похожие презентации:
Қазақстан тау мұздықтары
1.
Қазақстан Тау МұздықтарыОрындағандар: Бейсенбаев Е.А.
Иса Д.Ғ.
Қабылдаған: Қазақбаева Т.М.
2.
Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтарсуы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық
анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000
км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²),
қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²)
Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2
км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).
3.
Қазақстан мұздықтарын 3 топқажіктеуге болады:
аңғарлық мұздықтар
беткейлік мұздықтар
денудациялық беткейлер мұздықтары
(жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда)
4.
Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлықмұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы
өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет
қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты
күрделі аңғарлық '''Корженевский мұздығы''' – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып
саналады: ұзындығы 11,7 км, ауданы 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км3.
Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің
қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.
5.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасымен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және
еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі
солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер
де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса,Тянь-Шань тауында 3500–3800 м.
Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы
200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен
температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде
қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка
дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының
төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты
мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды.
Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты
жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлшері 1 м
шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының
басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық
суының үлесіне тиеді.
6.
Республика мұздықтары тартылуда.Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге,
ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде.
Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000
км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан;
оның төменгі шегі Алтайда 2000
м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м
және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін
төмендейді.
7. Алтай мұздықтары
Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемдіқамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны
7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық ТяньШань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2,
ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей
Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс ТяньШаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда
шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе
мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі
алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария,Іле, Шу, Тарим,
т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.
8. Теріскей Алатауы
Теріскей Алатау (қыр. Тескей Ала-Тоо) — ОрталықТянь-Шаньдағы таулы жота. Батысы Шу
аңғарынан басталып доғаша иіліп,
шығысында Хантәңіріне дейін 380 км-ге созылып
жатыр. Ең биік жері шығысында (5216 м).
Жотадағы мұздану ауданы 1080 км². Солт.
беткейінің 2100 – 2900 м бөлігінде шыршалы орман
өседі.