ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫ
Кіріспе Негізгі бөлім Қар сызығы Тау мұздықтарының типтері Климаты Қорытынды Пайдаланылан әдебиеттер
Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт.
Тау мұздықтарының типтері
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец
Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба
Климаты
1.51M
Категория: ГеографияГеография

Қазақстанның тау мұздықтары

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫ

www.ZHARAR.com

2. Кіріспе Негізгі бөлім Қар сызығы Тау мұздықтарының типтері Климаты Қорытынды Пайдаланылан әдебиеттер

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қар сызығы
Тау мұздықтарының типтері
Климаты
Қорытынды
Пайдаланылан әдебиеттер

3. Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт.

Қар сызығы
Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және
жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер
бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше - қар қабаты) орналасады, оның
төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі. Қазақстан тауларында
қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра
биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір
төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай
тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік
беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200-400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің
өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен
болуы мүмкін. Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде
2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда - 3300 м. Қар сызығы Жетісу
Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань
тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік
беткейінде ол 3700- 3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді

4. Тау мұздықтарының типтері

Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу
Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2. Оның 996 км2-і солтүстік
беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы
857 км2 жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89,6 км2-ге
жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы
бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:
1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар
Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар
ауданының 1%-ына тең.
2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы
мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар
қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика
мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр.
3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады.
Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.

5. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец

Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы
атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу
Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне
қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді.
Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде
орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
www.ZHARAR.com

6. Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба

қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді:
Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол
геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік
бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой
дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау
жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр.
Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың
тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары)
кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде
пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық
ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы,
Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбіөзендерінің бойында) кездеседі.
www.ZHARAR.com

7. Климаты

Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа
температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең
суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының
орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары
температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура
инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста
жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді.
Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200
мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын
мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында.
Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық
ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі
қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда
"құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы
болып, қар жауады.
www.ZHARAR.com

8.

www.ZHARAR.com

9.

www.ZHARAR.com

10.

Қорытынды:
Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу
Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2. Оның 996 км2-і солтүстік беткейде
жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км2 жерді алып
жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89,6 км2-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр
жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі
топтары бар: 1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар
Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%ына тең. 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы
мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында
орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып
жатыр. 3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар
бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.

11.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақша-орысша географиялық сөздік
2.Уикипедия ашық энциклопедиялық сөздігі
English     Русский Правила