Похожие презентации:
Қаржылық және Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
1.
Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігі12 дәрістің тақырыбы:
Қаржылық және Ақпараттық
қауіпсіздік негіздері.
Алигожина Дина Амангельдыевна
Аға оқытушы
Павлодар,
2023 г.
2.
Сабақтың жоспарыЖоспар:
1. Қаржылық қауіпсіздік
2. Ақпараттық қауіпсіздік
3.
1. Қаржылық қауіпсіздік.
Қаржы қауіпсіздігі – мемлекеттің макродеңгейде
экономикалық мүдделерді, корпоративтік құрылымдарды,
шаруашылық
жүргізуші
субъектілердің
қаржы
құрылымдарын қорғау жөніндегі шаралары, әдістері мен
құралдары кешенін қамтитын ұғым.
Макродеңгейдегі қаржы қауіпсіздігі – мемлекеттің бейбіт
уақытта және төтенше жағдайларда келеңсіз ішкі және
сыртқы қаржылық ықпалдан баламалы түрде қайтарма жауап
табу қабілеті.
Қаржы қауіпсіздігі мемлекеттің қаржі жүйесінің жай-күйін
және елдің экономикалық және әскери қауіпсіздігін қажетті
деңгейде қолдау үшін экономикалық қажеттерді жеткілікті
мөлшерде уақытылы және сенімді қамтамасыз етуге дайын
екенін көрсетеді.
Алда әлемнің алпауыт елдерін жаһандық дағдарыс шарпуда, сондықтан біздің елде әлемді шарпып жатқан
дағдарыстың алдын алу шараларын дайындауда. Соның ішінде мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару,
оны басқару механизмдерін жетілдіру экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды болып отыр.
4.
1. Қаржылық қауіпсіздікҚаржылық қауіпсіздік жүйелік білім ретінде мынадай негізгі
компоненттерді қамтиды:
технологиялық;
азық-түліктік;
қаржылық және несие;
өнеркәсіптік;
сыртқы экономикалық;
инвестициялық;
энергетикалық;
көлік және байланыс;
әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық)
5.
1. Қаржылық қауіпсіздікТехнологиялық қауіпсіздік бәсекеге қабілетті ғылыми және техникалық өнімдерді өндіруге негізделген
технологиялардың халықаралық нарықтарына үнемі қатысуымен анықталады.
Азық-түлік қауіпсіздігі сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру және халықтың жаппай тұтыну мүмкіндігі үшін
табиғи ресурстардың қол жетімділігі мен пайдалануымен өлшенеді.
Қаржылық-кредиттік қауіпсіздік қаржы жүйесінің тұрақтылығы, ұлттық валюта тұрақтылығы, алтынвалюта резервтерінің жеткіліктілігі немесе тұрақты экономикалық өсу үшін жағдай жасау арқылы
анықталады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік өнеркәсіптік әлеуетті дамытуда, техникалық өнімдердің тұрақтылығы мен
тиімділігімен, елдің экономикалық өмірін қажетті функционалдық қолдауымен көрініс табады.
Сыртқы экономикалық қауіпсіздік ішкі нарықты сыртқы экономикалық әсерден қорғайды, сондай-ақ
экономиканың ашықтығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қауіпсіздік ұлттық экономикалық мүдделердің сақталуын ескере отырып, оның
инвестициялық тартымдылығының деңгейін, көтерілген қаражатты тиімді пайдалануын және қайтаруын
қамтамасыз етеді.
Энергетикалық қауіпсіздік отандық өнеркәсіптік өндірісті ұстап тұру үшін өзінің энергия
тасымалдаушыларын және жеткілікті энергия өндірісін қамтамасыз ету қабілетімен анықталады.
Көлік және байланыс қауіпсіздігі әлемдік нарыққа қол жеткізудің баламалы көздеріне ие болуға мүмкіндік
беретін көліктік және коммуналдық артериялардың қатысуымен көрініс табады.
Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) қауіпсіздік - бүлдіргіш әлеуметтік-экономикалық қақтығыстардың
болмауын, әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейін сақтауын және қоғамның өмірлік қажеттіліктерін
қанағаттандыру қауіпсіздігі.
6.
1. Қаржылық қауіпсіздікӘлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін шеше алатын
жалғыз субъект - мемлекет. Тек ұлттық табысты қайта бөлу, қоғамдық тауарларды
жасау, отандық және шетелдік компанияларды ұлттық компанияларға қолдау көрсету
және оларды сыртқы нарықтарда кеңейтуге қолдау көрсету бойынша ауқымды
міндеттерді шеше алады.
Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз.
Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені
біз әлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын және ұлттық
қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз.
Мемлекеттік қаржы саласын дамытуда еліміз әлі алда тұрған талай белестерді
бағындыруы тиіс. Жергілікті бюджеттерге еркіндік беру қажет, және салық жүйесінің
оңтайландырылған түрін қолданысқа енгізу маңызды мәселе болып табылады.
Қорыта келгенде, мемлекеттік қаржы жүйесі - мемлекеттің ең маңызды және
айырылмайтын бөлігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы – бұл
еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан да бұл
саланы басқаруда терең ақыл, салиқалы ойға жүгінгеніміз дұрыс.
7.
2. Ақпараттық қауіпсіздікАқпарат – қоршаған орта туралы және онда өтіп жатқан процесстер туралы мәліметтер, адамдар
оны сезеді немесе арнайы қондырғылар арқылы қабылдайды. Ақпарат ұғымы әдетте, екі обьектінің
арасында өтеді – ақпарат беруші және ақпаратты қолданушы.
Қазіргі уақытта ақпараттың келесі аспектілері анықталған
- Мәліметтер – мәліметтермен алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасында сигналдармен алмасу;
генетикалық белгілерді беру.
- Фундаменталды философиялық категория, материя сияқты ол да үнемі барлық жерде болады,
және өзінің материалды иесінен ажырамайды; негізгі кибернетикалық ұғымдарың бірі.
- Іздеп табуға және сақтауға орасан зор күш пен қаржы жұмсалатын өте маңызды ресурс.
- Өндіру мен сату үшін көп адамдар жұмыс істейтін құнды тауар.
- Кәсіпорындарды, армияны, қоғамдық структураларды жұмысқа қосатын, адамды жаралайтын
және табысқа көтеретін күш.
Ақпарат деп жинақтау, өңдеу, қолдану және өзара алмасуға арналған мәліметтер объектісін
айтамыз.
Ақпараттар түрлі мәліметтерді береді және түрлі процесстердің объектісі ретінде оған «ақпаратты
қорғау» деген қысқа ұғым сәйкес келеді. Бұл жағдайда ақпаратты қорғауға оны жинау, беру, өңдеу
және сақтау процестерінде тұтастығы мен конфиденциалдығын қамтамасыз ететін шаралар жатады.
Бұл анықтама «ақпаратты қорғау» және «ақпаратты қауіпсіздендіру» дегенді білдіреді.
8.
2. Ақпараттық қауіпсіздікАқпараттың қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін және
сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен (адам мен табиғат)
және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен
кедергілерге қарсы тұратын қасиеттері.
Берілген ақпаратты қорғау процесінің трактовкасы
негізінен ұйымдастыру шаралары мен техникалық
әдістер және қорғау құралдырына сүйенеді.
Ақпаратты қорғау деп ақпараттық қауіпсіздікке
төнген қауіпті болдырмау және оның кедергілерін
жоюға арналған ұйымдастырушылық, құқықтық
шараларды айтады.
9.
2. Ақпараттық өмірқауіпсіздік
2. Салауатты
салты.
Ақпаратты қауіпсіздендіру негізі және нысандары
Қауіпсіздендіруге негізі – ақпарат, компьютерлік жүйелерде берілгенде, бағдарламалар, командалар,
мәліметтер және тағы басқалары, оның иесіне және қауіпсіздік тудырушыға құндылығы бар сақталатын
ақпарат.
Ақпараттық қауіпсіздік обьектілеріне жататындар:
- Ақпараттық ресурстардың барлық түрлері;
- Азаматтардың, құқықтық тұлғалардың және мемлекеттердің ақпараттарды алуға, таратуға және
қолдануға, құпия ақпаратты және интеллектуалды меншікті ақпаратты сақтауға құқылары;
- Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, тарату және қолдану системасы, оның құрамына түрлі
классты ақпаратты жүйелер, кітапханалар, архивтер базалары және банк берілгендері, ақпараттық
технологиялар, регламенттер мен жинау, өңдеу, сақтау процедуралары және ақпаратты тасымалдау,
ғылыми-техникалық және қызмет көрсету персоналы;
- Ақпаратты инфраструктура, құрамына ақпаратты өңдеу мен анализ жасау орталығы,
информациондық алмасу мен телекоммуникация каналдары, телекоммуникациондық системалар мен
жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін механизмдер, соның ішінде ақпаратты қауіпсіздендіру
системалары мен құралдары;
- Қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын көпшілік ақпарат құралдарына негізделген қалыптастыру
системасы
10.
2. Ақпараттық қауіпсіздікҚоғамның, жекелеген адамның, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық қауіпсіздікті
қорғауда негізгі объектісіне авторлық және патенті құқытарымен қорғалатын,
мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтайтын, қоғамның тіршілігі мен жеке
адамның өмірін қамтитын ашық ақпараттар жатады.
Ақпараттық қауіпсіздік системасына заң актілері мен нормативті-құқықтық құжаттар
(құқықтық қамтамасыз ету/, ғылыми ізденістер мен техникалық құралдар мәліметтерін
ақпараттық қорғау жатады. Ол келесі негізгі принциптерде негізделеді:
- Ақпараттық сферада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қызығушылық
балансын сақтау;
- Ақпаратты сақтау процесстерінің бірегейлігі;
- Қауіптен қорғанудың кешенді сипаты;
- Экономикалық тұтастық және тағы басқалар.
11.
2. Ақпараттық қауіпсіздік«Ақпаратты қорғау» ұғымында екі түрлі иерархиялы жүйелерді көрсетуге болады:
- Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.
Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйеде қорғау обьектісіне ақпарат жатады, ол кез келген
материалды формада беріледі және оны сақтайтын, өңдейтін, тасымалдайтын информационды құралдар.
Ақпаратты сақтау системасы келесі талаптарға сай болуы керек:
- Сенімді.
- Барлық қауіптерді толық қадағалауы.
- Иерархиялық ұйымдастырылған, үзіліссіздігі, стандартты тәсілдері мен информационды қорғау
құралдарының сенімділігі және басқалар.
Ақпаратты қорғау системалары қорғаудың негізгі екі қасиетін сақтауы тиіс, яғни екі түрлі қауіпті
болдырмайды:
- Конфиденциалдықтың компрометациясы, яғни санкциясыз ақпарат алуды, көшіру не ақпаратты ұрлау,
декодирлеу және десшифрлеуді болдырмау.
- Ақпаратты әдейі немесе кездейсоқ құртуға, жоюға, блокировкалауға, өзгертуге бағытталған әрекеттерді
болдырмау.
Сонымен, «ақпараттық қауіпсіздік» адамның, қоғамның, мемлекеттің, табиғаттың информационды
тұрғыда қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайды және ақпаратты, информационды системалар мен
технолгияларды қорғау обьектілеріне жатады.
12.
2. Ақпараттық қауіпсіздікАқпараттық ресурстар – жекелеген құжаттар және құжаттар массиві, ақпараттық
системаларда адамдар, ұйымдар, жергілікті әкімшіліктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекет
арасындағы қатынас обьектілері, басқа ресурстар сияқты заңмен қорғалады.
Заң жүзінде информационды ресурстар нормалармен анықталады, келесі түрде
бекітіледі:
- Ақпаратты құжаттау тәртібі.
- Информационды системада жекелеген құжаттар мен массивтерге меншіктік құқық.
- Ақпаратқа ену бойынша оның категориясы.
- Ақпаратты құқықтық қорғаудың тәртібі.
Персоналды берілгендер деп кез келген құжаттандырылған жеке адамға қатысты
ақпаратты айтамыз. Персоналды берілгендерге номинативті және номинативті емес
берілгендер кіреді.