649.42K
Категория: МатематикаМатематика

Қосалқы тапсырманың экономикалық мағынасы

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
СЕМИНАР
Тапсырмалар:
1) Бақылау сұрақтары
2) 2 есеп

2.

Алматы, 2021ж
Бақылау сұрақтары:
1. Қосалқы тапсырманы қалай құру керек?
2. Қосарлылық теоремалары қандай?
3. Қосалқы тапсырманың экономикалық мағынасы қалай түсіндіруге болады?
4. Қосалқы тапсырманың шешімін түпнұсқа (тікелей) тапсырманың шешімі
арқылы қалай анықтауға болады?
5. Қосалқы бағалардың экономикалық түсіндірмесі қандай?
6. Қосалқы бағалардың тұрақтылық интервалы қалай анықталады?
Есептер: №2, №4

3.

Жауаптар
1. Қосалқы тапсырманы қалай құру керек?
Қосалқы тапсырманы құру үшінесептердің симметриялы не
симметриялы емес екендігін анықтап аламыз. Егер симметриялы болса,
кіші (үлкен) не тең >= белгісін бір бағытқа келтіреміз. Сосын әр шектеудің
турасына y айнымалыларын келтіреміз;
Шектеулер жүйесін вертикальді түрде теріп, қосалқы теңдеу жүйесін
құрамыз. Мұндағы, түпнұсқа функцияның коэффициенттері қосалқы
шектеулердің мәні боп табылады;
Қосалқы функция құрамыз, мұндағы түпнұсқа шектеулер мәні қосалқы
функцияның коэффициенттері боп табылады және соңғысы егер түпнұсқа
мән минимумға ұмтылса, онда қосалқы функция max-ке ұмтылады және
керісінше.
2. Қосарлылық теоремалары қандай?
1-теорема: егер қосалқы тапсырмалардың бірінің оптимальді шешімі
болса, онда оған қосалқы тапсырманың да оптимальді шешімі болады және
екеуінің экстремумдары тең болады.Ал егер қосалқы тапсырмалардың бірінің
оптимальді шешімі болмаса, онда оған қосалқы тапсырманың да оптимальді
шешімі болмайды және оның біріне шешімдерінің шексіздікі, ал екіншісі
шектеулер жүйесінің үйлесімсіздігі себеп болады.
2-теорема: симметриялы емесқосалқы тапсырманың мүмкін болатын х 0
және у0 мәндері оптимальді болуы үшін, екеуінің біріне теңдік формуласы
орындалғаны жеткілікті.

4.

3. Қосалқы тапсырманың экономикалық мағынасы қалай
түсіндіруге болады?
Қосалқы тапсырманың мағынасын оптимальді шешімді тексеру,
нақтылау, бақылау және басқа тұрғыдан іздеу деп келтіру деп келтіруге
болады.Экономикалық-математикалық анализ жасау кезінде оптимальді
шешімалудың қосымша екі жолыбар: 1) Берілген мәндерді пайдалана
отырып, жоспардың түрлі нұсқалы модельдерін құру; 2) Алынған мәндерді
қосалқы бағалай отырып, оптимальді шешімді табу.Қосалқы тапсырма әрі
жаңа модель ретінде, әрі бағалау барысында оптимальді шешімді
нақтылайды.
4. Қосалқы тапсырманың шешімін тікелей тапсырманың
шешімі арқылы қалай анықтауға болады?
Қосалқы тапсырманың шешімін табу үшін тікелей тапсырманың қосалқы
тапсырмасын құрамыз және оны канондық түрге келтіреміз. Қосалқы
тапсырманың сипатына қарай, оны графикалық және симплекстік әдістер
арқылы шығарамыз. Алынған мәндерді жүйеге салып тексеріп көреміз.
Мұнда арнайы ерекше ережелер бар: егер қосалқы тапсырмада у нөлге тең
болса, х 0-ге тең емес және керісінше.
Алынған мәліметтерді матрицалық түрге келтіру арқылы У және Х мәндер
жинағын аламыз.
5. Қосалқы бағалардың экономикалық түсіндірмесі қандай?
Қосалқы тапсырма тікелей тапсырманың кері бағытта құрылған түрі, яғни
егер біз тікелей тапсырмада ресурстардың қолданылуы арқылы, максималды
пайда табуды мақсат етсек, қосалқы тапсырмада ол шығынның минимумы
түрінде көрінеді. Яғни аталған экономикалық мақсатқа түрлі әдістер арқылы
жету, оны нақтылау, тәуекелін бағалау, т.б.

5.

6. Қосалқы бағалардың тұрақтылық интервалы қалай
анықталады?
Тұрақтылық интервалын табу үшін тапсырманың оптимальді шешімін
табу керек.Ол графикалық не симплекс методтары арқылы жүзеге асады.
Егер симплекс методы болса, оны канондық түрге келтіреміз. Жүйеде
тек бір айнымалы өзге айнымалыларсыз қандай мәндер облысына тең
болатынын анықтаймыз, тура сол сияқты өзге айнымалылардың да осы
алгоритм бойынша мәндер облысын анықтаймыз. Шыққан мәндер
тұрақтылық интервалдары деп аталады және тәуекелді бағалауға
мүмкіндік береді.

6.

4-есепте тікелей тапсырманың қосалқы тапсырмасын тұрғыздым
және оны симплекс әдісімен шешіп, мәндерін анықтадым.

7.

3-есепте қосалқы есептің мәндерін тауып қана қоймай, өзге де
элементтерін тауып, толық қорытынды жасадым.
English     Русский Правила