Похожие презентации:
Қоршаған ортаны қорғау әмір тіршілігінің кауінеіздігі
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қабылдаған:Жаманбаева А.Орындаған:Жиенбай А.
Тобы:
2.
• І. Кіріспе• Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
• ІІІ. Қорытынды
• Таза табиғат – халық байлығы
3.
Жобаның мақсаты:*Ластанудан табиғатты қорғау жолдарын қарастыру.
*Қоршаған ортаның ластануының себептерін жою деген
тақырыпта түрлі сайыстар өткізуге ат салысу
Жобаның міндеттері:
* Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға қазіргі ұрпақты баулу
* Жасанды ластануды болдырмауға ат салысу.
* Табиғатты қорғау сезімін қалыптастыру
* Әрбір адамға туған жер табиғатының тағдырын ойлап, қадірлеуін
ұғындыру
4.
Жер планетасының
ғасырлар бойғы барлық
жануарлар дүниесі мен
адамзат баласы үшін
тіршілік негізі – таза ауа. Ол
тек өсімдіктер дүниесінен
бөлініп шығатын оттегі. Бізді
қоршаған тропосфералық
ауа қабатының 20,9% осы
оттегіден тұрады, ол тұрақты
ең қажетті газдың бірі. Су
оттегін бөліп шығаратын
негізгі жасыл фабрика –
көпжылдық ағаштар.
5.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ, Республиканыңфлорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін
қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді.
Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк
шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық
жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды
алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған,
т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан
облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы
24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген.
Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш
материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен
соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының
қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер
жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның
нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру,
орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр
6.
Кейінгі жылдары республикамыздың орманқоры аумағында 2257 орман өрті орын алды.
Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс
пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты
жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы
облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында
зиянкестер мен ағаш аурулары
анықталды. Ең ірі орманды
аумақтар – Шығыс Қазақстан,
Қостанай, Батыс Қазақстан,
Ақмола, Павлодар облыстарында.
1997 жылы орман заңын
бұзушыларға қарсы 500 іс
тіркелді.
7.
Қазіргі таңда экологиялық ортаны қорғау үндеуі үнемі дәріптелгенімен,
адамдардың қоршаған ортаны қорғау санасы әлі толық қалыптаспады.
Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалардың бірі — тұрмыстық және
өнеркәсіптік қалдықтар. Соның ішінде қайта пайдалануға болатын тұрмыстық
қалдықтардың іске аспай шашылып, қоршаған ортаны ластап жатқаны,
түсініксіз жайт.
Осы өнімді шығарушы кәсіпорындар, босаған шыны ыдыстарын қайта
қабылдауы тиіс. Босаған ыдыстарды өнімнің жалпы құнынының 10 пайыздық
мөлшерінде қайта қабылдауды жүзеге асырса, ол қоршаған ортаны сақтауға
және экономикалық тұрғыдан пайдаланушыға да тиімді болар еді.
8.
Ұлттық дәстүрімізде табиғатты аялап, оны көз қарашығындай қорғау, жастардыжаратылыстың заңдылығына сәйкесуге, табиғи байлықты үйлесімді пайдалануға
дағдыландыру ــежелден жазылмаған қатаң қағидаға айналған. Айталық,
халқымыздың сан ғасырлық сараптаудан өтіп бүгінге жеткен: «Су ішкен құдығыңа
түкірме, бұлақтың көзін бітеме, су бойына дәретке отырма, малды теппе, басқа ұрма;
құмырысқаның илеуін, құстың ұясын бұзба; көк шөпті жұлма, жалғыз ағашты кеспе,
аңды атпа, жан иесін жәбірлеме, отпен ойнама, жолға күл төкпе, түнде күл-қоқыс
шығарма т.б» толып жатқан тиым тағылымдарының өзі өз ұлтымызға ғана тән ұлттық
ерекшелігімізді, өзге ұлтта жоқ асыл дәстүрімізді, өскелең экологиялық санамызды
айғақтайтыны айдан анық. Біздің жоғарыдағыдай тыйым сөздеріміздің арғы
төркінінде адамдарды қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке жанашырлықпен
қарауға баулитын өскелең адамдық қасиет, терең тағылымды тәрбиелік мән қамтылып
жатыр.
«Жаратылысты, экологиялық ортаны қорғайық» деген ғаламдық ұлы ұранға
сәйкесетін осыдан артық ізгі дәстүр, асыл қасиет, экологиялық сана болмаса
керек!
9.
Сондықтан біз мемлекетке, дүниеге, келешек ұрпаққаөскелең жауапкерлік рухта болып, байлығы
үнемделетін, ортасы қорғалатын қоғам құруды
дәріптеп, экономиканың, қоғамның жаппай сәикесті, әрі
жақсы, әрі тез дамуын ілгерілету жолында шынайы
құлшыныс жасауымыз қажет.
10. Қолданылған әдебиеттер:
• 1. Қ.Ә.Әлімбетов «Табиғатты пайдалану жәнеоны қорғау».
2. Баешов, Дәрібаев «Экология негіздері».
3. С.Мұқаұлы, Е.Үкішев «Табиғатты пайдалану
экономикасы».
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. ЭкологияАлматы: Экономика, 2002.
5. Бейсенова Ә.С. Шілдебаев Ә.Ж. Экология
оқу құралы. –Алматы: 1999