Похожие презентации:
Электролиттер мен бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциациялану теориясы
1. Электролиттер мен бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциациялану теориясы
2. Оқу мақсаттары:
9.4.1.1 - электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу жәнемысалдар келтіру;
9.4.1.2 - заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі
химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
9.4.1.3 - электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.4 - иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың
электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
3. Электролиттер және бейэлектролиттер
• Ерітіндінің электрөткізгіштігі ерігензатқа байланысты. Ерітіндіде
иондар саны неғұрлым көп болса,
соғұрлым оның өткізгіштігі жоғары
болады.
• Суда ион түзе еритін заттар
электролиттер деп
аталады.Электролиттер иондар
есебінен электр тогын өткізеді.
• Ал, бейэлектролиттер ерітіндіде
ион түзбейді. Сондықтан олар
электр тогын өткізбейді.
4. Автокөліктің аккумуляторы қалай жұмыс істейді?
• Автокөлік аккумуляторы жарықтандыруды, керекжарақтарды және басқа да электржүйелерін қуаттандыруға арналған
құрылғы. Автокөлік
аккумуляторының негізгі
компоненттеріне күкірт қышқылы
(H2SO4) және қорғасын (Pb)
пластиналары жатады.
• Күкірт қышқылы - күшті қышқыл
және электр тогын өте жақсы
өткізеді.
5. Электролиттік диссоциация
• 1897 жылы С. Аррениус электролиттердіңқасиеттерін түсіндіретін өзінің
электролиттік диссоциация теориясын
ұсынды.
Аррениус теориясының қағидалары:
1. Электролиттер молекулалары
(қышқылдар, негіздер және тұздар)
қарама-қарсы зарядталған иондарға
диссоциацияланады:
NaCl(қ) ↔ Na+(ер.) + Cl-(ер.)
HNO3(ер.) ↔ H+(ер.) + NO3-(ер.)
KOH(ер.) ↔ K+(ер.) + OH-(ер.)
Сванте Аррениус –
швед химигі
6. Электролиттік диссоциация
Аррениус теориясының қағидалары:2. Электролиттер (балқыған
қосылыстар) ыдыраған иондар
әсерінен электр тогын өткізеді. Бұл
электролиттік диссоциацияның
механизмі:
NaCl(балқ.) ↔ Na+(ион) + Cl-(ион)
NaOH(балқ.) ↔ Na+(ион) + OH-(ион)
7.
8. Бекіту тапсырмалары:
1. Неліктен ас тұзы ерітіндісі электр тогын жақсы, ал қант ерітіндісіөткізбейді?
2. Төмендегілердің қайсысы электролитке жатады?
• Сірке суы
• Сутегі газы
• Кран суы
• Натрий хлориді
• Этил спирті
• Күкірт қышқылы
Химия