Похожие презентации:
Электролиттік диссоциация теориясы
1.
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық ҚазақТүрік УниверситетіТақырып:
Орындаған:Саметова Ю
ЖХМ-611
Қабылдаған:Сарбаева Қ.Т
2. Электролиттік диссоциация теориясы
ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯТЕОРИЯСЫ
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С.
Аррениус салған (Нобель
сыйлығының лауреаты, 1903 жылы) Ол еруді
тек физикалық құбылыс деп карастырды,
диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар
еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп
санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай
көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус
теориясын толықтырған ғалымдар - И. А.
Каблуков, В.А. Кистяковский, Д.И. Менделеев. Ал
қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физикахимиялық үдеріс деп қарастырады.
3.
Электролиттік диссоциацияланумеханизмі (Латынша "диссоциация" —
"ыдырау" деген сөзді білдіреді.)
Мысалы, калий хлориді сулы ерітіндіде оң
зарядталған калий ионына К+ жөне теріс
зарядталған хлор ионына Сlдиссоциацияланады: KCl = К+ + СlИондардың зарядтарьш былайша өрнектейді:
ионның таңбасының оң жақ шекесіне араб
цифрымен зарядтың шамасын жазып, одан
кейін оның белгісін қояды.
4.
Бір зат диссоциацияланғанда пайда болатын оң жөнетеріс зарядтардың шамалары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ
жалпы алғанда барлық оң зарядтардың қосындылары
барлық теріс зарядтардың қосындыларына тең болады.
Сондықтан ерітінді, жалпы алғанда, бейтарап болады.
Электролиттік диссоциациялану теориясын одан әрі
дамытып, электролиттердің иондарға ыдырау процесін
ашып көрсеткен орыс ғалымдары Д. И. Менделеев, И. А.
Каблуков және В. А. Кистяковский болды. Д. И. Менделеев
еру процесінің мәнін, ерітінділердің табиғатын өзінің
гидраттық теориясы арқылы түсіндірді. Бұл теория еріген
заттың су молекуласымен химиялық әрекеттесуі
нәтижесінде гидраттар деп аталатын тұрақсыз қосылыстар
түзілетінін көрсетеді. Д. И. Менделеев еру құбылысын
заттың жай ғана бөлшектерге физикалық бөлінуі емес,
олардың су молекулаларымен қосылып, гидраттар түзетін
химиялық процесс те екенін дәлелдеді.
5.
6. Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:
ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫНЫҢҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.
Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр
шамы жанады.
Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.
Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔
ассоциация (бірігу)
Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).
Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың
табиғатымен анықталады.
Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
7. Диссодиациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
ДИССОДИАЦИЯЛАНУ ДӘРЕЖЕСІ. КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗЭЛЕКТРОЛИТТЕР
Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.
Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін
диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (01) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.
α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген
молекулалар саныДиссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай
электролиттер үш топка бөлінеді:
α > 30% - күшті;
3% < α < 30% - орташа күшті;
α < 3% - әлсіз.
Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04,
HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде
иондарға толық ыдырайды.
Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20
жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.
8.
Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02,т. б.
Диссоциациялану дәрежесіне заттың және
еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы,
температура әсер етеді.
c1=c•α•nМұндағы:
c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы;
с - заттың молярлы концентрациясы;
α - диссоциациялану дөрежесі;
n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.
9.
Диссоциация дәрежесіне байланысты электролиттерді күшті және әлсіз электролиттерге бөледі.ірке қышқылының диссоциациалану теңдігін былай жазуға болады: CH3COOH H+ + CH3COOӘлсіз электролиттердің диссоциациясы қайтымды процесс болғандықтан әрекеттесуші массалар
заңына бағынады: (2) К=[H+][CH3COO-]/ [CH3COOH]; К-диссоциациялану константасы
Электролиттік диссоциация константасының мәні неғұрлым көп болса, электролит молекулалары
соғұрлым иондарға көбірек ыдырайды. К-нің мәні тұрақты температурада тұрақты болады, оған
концентрацияның өзгеруі әсер етпейді. К=[H+][CH3COO-]/ [CH3COOH]= 1,8 10-5
К=[H+][CN-]/ [HCN]= 7,2 *10-10 , бұл мәндерге қарап, циан қышқылы сірке қышқылымен
салыстырғанда әлде қайда әлсіз екені көрінеді.
Көп қышқылды негіздер мен көп негізді қышқылдар біртіндеп (сатылап) иондарға ыдырайды және
сатының әрқайсысына тиісті мәні бар диссоциациялану константасы сәйкес келеді.
H2CO3 * H+ + HCO-3 К1 =4,5*10-7
HCO-3 * H+ + CO32- К2=4,7*10-11
Электролиттің диссоциациялану константасы мен дәрежесінің арасында тығыз байланыс бар.
10.
ҚышқылдарКейбір бейорганикалық қышқылдар: фосфор (Н3Р04), кремний
(H2SiO3), бор (Н3В03) және көптеген органикалық қышқылдар
қатты заттар болып келеді. Күкіртті сутек (H2S) және галогенді сутек
(НГ) қышқылдары - газдар. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз
ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).
Қышқылдардың диссоциациясы:
HCl→H++Cl-HNO3→H++NO3-Көп негізді қышқылдар сатылап
диссоциацияланады.
Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл
қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады.
H2SO4→H++HSO4-HSO4-→H++SO42-------------------------------H2SO4→2H++SO42-Бұл жолы барлық жағдайда Н+ (протон)
бөлінгенін көреміз.
Диссоциациялану теңдеуінің екі жағындағы иондар зарядтарының
шамалары өзара тең болуы керек.
HSO4-→H++SO42-(-1 =+1+(-2))Электролиттік диссоциация теориясы
бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде
ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.
11.
НегіздерБарлық негіздердің агрегатгық күйлері қатты болады (аммиактың
судағы ерітіндісі - NH4OH сұйықтық). Сілтілік металдар және сілтілікжер металдары ішінде барий гидроксиді суда жақсы ериді
(сілтілер), иондарға жақсы ыдырайды.
Негіздердің диссоциациясы:
NaOH↔Na++OH-Ca(OH)2↔Ca2++2OH-Осы теңдеулерде көріп
отырғанымыздай негіздердің барлығы гидроксид ионын бөле
диссоциацияланады.
Көп негізді қышқылдар сияқты кеп қышқылды негіздер де сатылы
диссоциацияланады.
Ba(OH)2↔Ba2++OH-(BaOH)+↔Ba2++OH-Негізден анша гидроксид-ион
ерітіндіге бөлінсе, негіз қалдығы сонша (оң зарядты) болады.
Электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздерге мынадай
анықтама беруге болады.
Негіздер дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде
ерітіндіге гидроксид аниондарын бөлетін электролиттер.
12.
ТұздарТұздар - ерігіштіктері әр түрлі болатын катты заттар. Оларды
кышқылдар мен негіздердің әрекеттесу нәтижесінің өнімі
ретінде қарастыруға болады.
Орта тұздар
Қышқыл кұрамындағы сутек атомдары металл атомдарына жөне
негіз құрамындағы гидроксид-иондар қышқыл қалдықтарына
толық алмасқанда түзіледі (MgS04, ВаСl2, Ca(N03)2).
Тұздардың диссоциациясы: Орта тұздар металл катиондары мен
қышқыл қалдықтарының аниондарына айырылады:
MgS04 → Mg2+ + SO42-ВаСl2→ Ва2+ + 2Cl-Ca(N03)2→ Са2+ + 2N03Электролиттік диссоциация теориясы
тұрғысынан тұздар дегеніміз диссоциациялануы нәтижесінде
ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының
аниондарын бөлетін күрделі электролиттер.
13.
Қышқыл тұздарҚышқыл құрамындағы сутек атомдары металл
атомдарына толық алмаспағанда түзіледі
(Na2HP04, NaHS04, Са(НС03)2).
Қышқыл тұздар сатылап диссоциацияланады:
Na2HP04↔ 2Na+ + НРО4-НР042-↔ Н+ + Р043-----------------------------------------------Na2HP04↔2Na+ +Н++ Р043Қышқыл тұздар диссоциациясы нәтижесінде
металл және сутек катиондары мен қышқыл
калдықтарының аниондары түзіледі.
14.
Негіздік тұздарНегіздердің құрамындағы гидроксид-иондары қышқыл
қалдық иондарына толық алмаспағандағы өнім.
Негіздік тұздар суда нашар ериді, алайда, олар да аз
мөлшерде болса да суда ерігенде иондарға ыдырайды
(негізінен бірінші сатысы):
Mg(OH)Cl↔ [Mg(OH)+] + Cl-Mg(OH)↔ Mg2++ OHНегіздік тұздар диссоциациясы нәтижесінде негіз
калдығының катионы мен қышқыл қалдығының
аниондары түзіледі.