Похожие презентации:
Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары
1. Дәріс тақырыбы. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары
Жоспар1. Математикаға оқыту әдістемесінің мазмұны
2. Математиканың ғылым ретінде даму тарихы
3. Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің құрамы
зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы
4. Математиканы оқытудың мақсаттары
5. Математиканы оқыту әдістемесі тарихы
2.
Әдебиеттер тізіміҚаңлыбаев Қ.И. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық.- Алматы: Дәуір, 2013.
Қ.С.Тебенова,
Н.Ш.Ахметова,
Л.С.Заркенова.
Мүмкіндігі
шектеулі
балаларға математиканы оқыту әдістемесі : оқулық - Алматы : Эверо, 2015. - 221 б.
Есмұқан М.Е. Математиканы мектепте ақпарлық технологиямен оқыту Көкшетау: 2002. - 327б. б.
Сарбасова Қ. Математика мұғалімдерін даярлау: оқу құралы . - Астана : Нұржол,
2003. - 87 б.
Әлдибекова М. және т.б. Математиканың жетілдірілген курсы. – ҚарМУ баспасы,
2013.- 368б.
А.О.Мухаметжанова, А.Қ.Скакова Математиканы оқыту әдістемесі пәні
бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулар: әдістемелік нұсқаулар/ - Қарағанды : Полиграфист, 2015. - 41 б.
Т.П.Кучер. Математика оқыту әдістемесі: жалпы білім беретін мектептің
мұғалімдеріне арналған. - Алматы : Атамұра, 2014. - 215 б.
Д. Рахымбек, Ж. Бейсеков , Н. К. Мадияров. Мектеп геометрия (стереометрия)
курсын оқыту әдістемесі. Математиканы оқытудың дербес әдістемесі/.- Алматы :
Эверо, 2015. - 207 б.
3. Математикаға оқыту әдістемесінің мазмұны
Математиканыоқыту әдістемесі ( методикасы ) – педагогиканың бір
саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық
қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың
заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод»
«әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша
«математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды.
Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір
мағынада қолданамыз.
4. Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледi:
1. Математиканың тууы;2. Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі;
3. Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезең;.
4. Қазіргі математика кезеңi.
Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар:
өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі
өз талабы. Математика өз тарапынан басқа ғалымдардың даму
барысына да пәрменді әсер етіп отырады.
5. Математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отыру себеп - салдары
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық– экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа
талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар
пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе
түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаң мүмкіндіктері
мен қырларының ашылуы;
в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік
мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибелерін пайдалану.
6. Пән міндеті және мәселесі
Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беругетиіс:
1) Математиканы не үшін оқыту керек?
2) Нені оқыту керек және андай тәртіппен, ретпен оқыту керек?
3) Математиканы қалай оқыту керек?
Осыған сәйкес математика әдістемесі үш негізгі кешенді проблема туындайды.
Олар:
1) мектеп (немесе басқа оқу орны) математика курсының мазмұны жайлы проблема;
2) осы курстың құрылымы туралы проблема;
3) оқыту әдістері жайлы мәселе. Осы проблемелардың мән – мағынасына қысқаша
тоқталып өтейік.
7. Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет:
1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендірумүмкіндіктерін пайдалану;
2) курстың мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы
барлық ішкі байланысты ескеру;
3) бұл мәселелердің мектептегі математикалық білім берудегі
мәнін анықтау;
4) материалды дидактикалық өңдеу, талдау, оның
ұғымдылығын, қоғамдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.
8. Мектептерде білім берудің және оны оқыту әдістемесінің дамуы
Халықаралық мектептік білім бурудің XIX-XX ғасырлардағы дамуынүш кезеңге бөлуге болады:
Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда XIX ғасырда қалыптасқан дәстүрлі
мектептік білім беру жүйесі.
XIX және XX ғасырлардың шекарасында пайда болған математиканы
оқыту жайлы халықаралық реформалық қозғалыс.
Математиканы оқытудың қайта құру қозғалысының қазіргі кезеңгі
математикалық білім беру жөнінде халықаралық реформа қазір де жүріп
жатыр. 1968 жылы бұрынғы КСРО – да математикадан жаңа мектеп
бағдарламасы қабылданды.
9. Бұл реформаның басты ерекшеліктері:
а) мектепте өтілетін математикалық барлық курсты (бастауыш сыныптарды қоса)түбегейлі түрде өзгерту;
ә) төменгі сыныптарға алгебра элементтерін енгізу;
б) төменгі сыныптарда оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту;
в) IV-V сыныптарда арифметика мен алгебра бастамаларымен қатар қысқа
геометриялық алдын ала дайындық курсын өт у;
г) геометрияның жүйелі курсының аксиоматикалық негізін күшейту;
д) геометриялық түрлендірулерді көбірек пайдалану;
е) геометрия курсына векторларды енгізу (7 – сыныптан бастап) және бұл аппаратты
геометрияның жүйелі курстарында кеңінен қолдану;
ж) жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтерін енгізу;
з) жиын ұғымы және жиындарға амалдар қолдану элементтерін енгізу;
и) дифференциалдық есептеу элементтерін енгізу.
10. Математикалық білім беру реформасының идеясын іске асыру әрекеттері қазір негізгі екі бағытта жүргізілуде.
Оқу пәні ретінде математика мазмұнын өзгерту, бұл өзгеріс ескі дәстүрлі«классикалық математика» негізінде емес, «қазіргі» математика негізінде
жүргізілуі тиіс. Осыған сәйкес мектепте математиканы оқытудың жүйесі
мен әдістерін қайта қарастыру қолға алынды.
«Классикалық» математиканың мәні ескірген кейбір мәселелерін алып
тастап, оның орнына қазіргі математиканың кейбір тарауларынан негізгі
мағлұматтар енгізу жолымен мектептегі математика курсын біртіндеп
жаңарту. Мектептегі математикалық пәндер арасындағы және математика
оқу пәнімен практика арасындағы байланысты күшейте түсу идеясы
басшылықа алынды. Бұл да оқыту әдістерін талап етеді.
11. Математиканы оқыту методикасы пәні және оның міндеттері
Математиканы оқыту методикасы – математика пәнінің ерекшеліктеріненегізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру
математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды
тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту методикасы – педагогикалық ғылым, сондықтан да
ол заманауи қоғамның талаптарына сай, педагогика ғылымы анықтап
берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне
сәйкес құрылады. Математиканы оқыту методикасы математикалық
материалдарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, барлық пәндерге
ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген.
12.
Математика «сандық қатынастар мен кеңістік формулалар» жайындағы ғылым,олай болса, оның өзіне тән оқыту әдістері мен түрлері және тәрбиелік
мүмкіндіктері бар.
Математиканы оқыту методикасы шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1) Математиканы оқытудың жалпы методикасы;
2) Математиканы оқытудың арнайы методикасы;
3) Математиканы оқытудың нақты методикасы.
Математиканы оқытудың нақты методикасында
1) жалпы методиканың жеке мәселелері (мысалы, математика сабақтарында және
кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру; V класс математикасының
сабақтарын жоспарлау және т.б.);
2) арнайы методиканың жеке мәселелері (мысалы, «Үшбұрыштар» тақырыбын
оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау т.б.) қарастырылады.
Сонымен бірге, математиканың пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі)
курстарын оқыту методикасы да бар.
13.
Тарихи-методикалық және салыстырмалы -методикалық зерттеулерқарқынды дамуда. Тарихи-методикалық зерттеулердің негізгі бағыты –
математика пәні мен оның методикасының даму ағымы. Ал
салыстырмалы-методикалық зерттеулер пәні – шетелдерде математиканы
оқыту методикасының өрістеуіне көмектесетіні сөзсіз.
Методиканың басты міндеті – білім беру. Сондықтан программа
жасағанда, оқулықтар жазғанда, мұғалімдерге арналған методикалық
құралдар шығарғанда, сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған
техникалық және көрнекі құралдар жасағанда алған білімді ескрудің зор
практикалық маңызы бар.
Математиканы оқыту методикасының міндеті математиканы оқыту
процесін зерттеу, заңдылықтарын ашу, оны пән ретінде оқыту теориясын
жасау болып табылады.
14. Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер:
1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтаужәне оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен
дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;
2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен
техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.
15. Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттері:
1)Совет мектебінде математианы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттерімен мақсаттарын анықтап, осыған сай пән мазмұнының ғылыми
дәрежесін көрсету;
2) математика пәніне керекті ғылыми материалдарды іріктеп алу
принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;
3) шетелдік мектептердегі матьематика пәнінің мазмұнын зерттеу және
кәдеге жарайтындарын пайдалану;
4) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың
және оларды одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып
табылады.
16. Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттер:
1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және олардығылыми негіздеу;
2) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы
оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;
3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау;
4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту
процесіне икемдеу және практикаға енгізу техникасы мен методикасын
жасау.
17. Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:
1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен
тәсілдерін жасау;
3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып
көрсету.
18. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:
1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқуқызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ
олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;
2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері
машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен
қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.
мен
19. Оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізудегі міндеттер
1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқытупроцесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;
2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды
игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3)теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін
қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді
тәсілдерін табу;
4)оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру
жолдарын анықтау және зерттеу;
5)оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін
жетілдіру жолдарын зерттеу;
6)кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін
тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың
тиімді тәсілдерін анықтау.
20. Математиканы мектепте оқыту:
а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарынмеңгеруді үйретеді;
ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық
дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты
қалыптасуын қамтамасыз етеді;
б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып,
олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне
көмектеседі;
в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы
түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;
г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік
пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпал жасайды;
ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды патриотизм рухында
тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі
эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы
оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай
туғызады.
Математика