Тұмау,SARS-Cov2 тестілеу алгоритмдері, респираторлық үлгілерді алу, тасымалдау және сақтау ережелері туралы. ШЖҚ РМК «ҰСО»
Тестілеу стратегиясына сәйкес пациенттерді қосу және жағдайларды жіктеу алгоритмі
Зертханалық зерттеулерді дұрыс жүргізу қағидасы:
Үлгілерді алу үшін керекті заттар
Мұрын қуысы мен жұтқыншақтан жағынды алу техникасы
Мұрын қуысынан жағынды алу техникасы
Мұрын қуысынан жағынды алу техникасы
Жұтқыншақтан жағынды алу техникасы
Үлгілерді сақтау ережелері
Үлгілерді тасымалдау
Ілеспе құжатқа қойылатын талаптар
1.93M

Тұмау, ковид үлгілерін алу және тасымалдау

1. Тұмау,SARS-Cov2 тестілеу алгоритмдері, респираторлық үлгілерді алу, тасымалдау және сақтау ережелері туралы. ШЖҚ РМК «ҰСО»

Түркістан облысы бойынша
Вирусологиялық зертханасы
Қалдыбай Әсел Жанболатқызы

2.


Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар ( ЖРВИ) және
COVID-19 короновирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың
эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы,
санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 2025 жылдың
22 тамызындағы №6 қаулысы
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында тұмаудың, жіті
респираторлық вирустық инфекциялардың және COVID-19 инфекциясының
таралуының алдын алу
Эпидемиялық маусымда тұмаумен, жіті респираторлық вирустық
инфекциялармен және COVID-19-мен ауыратын науқастарды қабылдауға
медициналық ұйымдардың дайындығы және жеке қорғаныс құралдарының
қолжетімділігін енгізу.
тұмауға, жіті респираторлық вирустық инфекцияларға және COVID-19-ға
зертханалық зерттеулер жүргізу үшін биоматериалды жинау, сақтау және
жеткізу;
- тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша жоспарлы
және кезекті бақылауға зертханалық зерттеулер

3. Тестілеу стратегиясына сәйкес пациенттерді қосу және жағдайларды жіктеу алгоритмі

Медициналық ұйымдарға
жүгінген пациенттер
( МСАК, стационар)
РҚТБ-не АЖРИ, COVID-19 бен
емдеуге жатқызылған пациенттер.
Коморбидтік жағдайдағы
пациенттер
ТҰА, АЖРИ, ЖРВИ және COVID-19
жағдайының стандарттты анықтамасына
сәйкес үлгілерді алу үшін пациенттерді
сәйкестендіру
SARS-COV2-ге тестілеу
Тұмауға тестілеу
Тұмауға оң
нәтиже ( А,В типі)
Тұмауға теріс
нәтиже
Басқа ЖРВИға

4. Зертханалық зерттеулерді дұрыс жүргізу қағидасы:

• Үлгілерді дұрыс алу аурудың нақты
белгілері пайда болғанда алынады
• (жоғары дене қызуы, жөтел, дем алудың
қиындауы)
• Үлгілерді алу аурудың алғашқы 3 күнінде
жүргізіледі.
• Үлгілерді алу үшін нақты оқытылған
тәжірибесі бар маман алу тиіс

5. Үлгілерді алу үшін керекті заттар

1. Вирусты транспорттық орта
2. Жеке қаптамадағы пластикалық тұтқасы
бар стерильді синтетикалық тампондар
3. Қағаз майлықтар
4. Бір рет қолданылатын шпатель
5. Маркер

6. Мұрын қуысы мен жұтқыншақтан жағынды алу техникасы

• Әрбір жағынды алу алдында медицина қызметкері
қолын мұқият жуады, маска және қолғап киеді.
• Тоңазытқыштан ВТО( вирусты транспорттық
орта) шығарып қояды.
• 7 жастан асқан балалар мен ересектерді ыңғайлы
орынға отырғызады, басын сәл шалқайтады.
• 7 жасқа дейінгі балалардан материалды
ассистенттің көмегімен алады.

7. Мұрын қуысынан жағынды алу техникасы

Алдымен мұрын қуысын шырыштан
тазартады.
Тампонды үлкен, сұқ және ортаңғы
саусақпен ұстайды.
Жағынды төменгі мұрын
қуысының раковинасынан, таңдайға
параллель бағытта алады.
Тампонды 2–3 см тереңдікке енгізіп,
бірнеше айналмалы қимыл жасайды.

8. Мұрын қуысынан жағынды алу техникасы

• Екінші танаудан алу үшін сол бірінші
танаудан алынған тампонды пайдалана
отырып қайталаймыз
• Екі танаудан алынған жағынды бір
тампонға жиналады да, ВТО бар
пробиркаға салынады, тампонның сабы
сындырылып, қақпағы мықтап
жабылады.

9. Жұтқыншақтан жағынды алу техникасы

Науқастан «а-а-а» деп
айтуын өтінеді (таңдай
тілшесі көтеріледі).
Шпательмен тілді басып,
жұтқыншаққа
қолжетімділікті қамтамасыз
етеді.
Жылдам қозғалыспен
миндалин, таңдай доғалары
және жұтқыншақтың артқы
қабырғасынан жағынды
алады.

10.

• Жұмсақ таңдайдан
жағынды алғанда
тампонның тілге тимеуін
қадағалайды.
• Алынған 2 тампонды ВТО
бар стерильді пробиркаға
салып, сабын сындырып,
қақпағын тығыз жабады.

11.

!!!Мұрын мен тамақтан тампонды алу
кезінде:
Жиналған материалда эпителий
жасушаларының болуын қамтамасыз ету
МАҢЫЗДЫ!!!
Жасушалар вирустық реакцияның орны
ретінде қызмет етеді және вирустық
антигендерден тұрады!!!

12. Үлгілерді сақтау ережелері

Лабораторияға жеткізгенше +4°С
температурада, мұзда 24 сағаттан артық емес
сақталады.
ВТО бар пробиркалар тоңазытқышта +4°Ста 7 күнге дейін сақталады.
-20°С-та 3 айға дейін сақтауға рұқсат етіледі.
Егер ВТО сұйықтығы лайланып кетсе –
қолдануға қатаң тыйым салынады.

13. Үлгілерді тасымалдау

Тасымалдаудың негізгі шарты – үшқабатты орау және толық герметикалық
болу.
Пробирка – мықтап жабылатын ыдысқа немесе полиэтилен пакетке
салынады.
Ол – адсорбирлейтін материал (мақта) бар екінші пакетке салынады.
Соңғы қабат – мұз элементтері бар термоконтейнер.
Міндетті түрде ілеспе құжаттар қосылады (диагноз – тұмау, ауру
басталған күні, жүгіну күні, материал алынған күні мен уақыты, жіберілген
күні).
Әр науқастың материалы бөлек қапталады.
Шымкенттегі медмекемелерде алынған үлгілер сол күні вирусологиялық
зертханаға жеткізілуі тиіс.

14. Ілеспе құжатқа қойылатын талаптар


Үлгілер жолдама және науқастың сәйкестендіру
нөмірімен бірге жүреді. Жолдамада науқас туралы
мүмкіндігінше көп ақпарат болуы керек:
Науқастың толық аты-жөні
Жасы
Ауырған күні
Алынған күні
Ауру белгілері
Үлгілері бар түтіктерде үлгінің түрі мен алынған күні
туралы ақпарат жазылуы керек.

15.

16.

17.

18.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила