820.99K

6-лекция

1.

6-дәріс.
Тақырып:Континенттер мен
мұхиттардың ірі бедер пішіндері
Жоспар:
1.Континенттік бедер
2. Мұхиттық бедер
3.Материк. Платформалар. Материктік
қозғалмалы белдеулердің ірі бедер
пішіндері

2.

• Рельеф – әр түрлі
өзгерістері бар
беттің көрнекті
құрылымы. Жер
бетіне тән
географиялық
белгілері - таулар,
үстірттер және
жазықтар.

3.

• Рельефтің негізгі сипаттамалары :
• Бұл геологиялық процестердің нәтижесі.
• Оның эндогендік немесе экзогендік себептері
болуы мүмкін.
• Ол континенттік немесе теңіз болуы мүмкін.
• Ол депрессия немесе көтерілу арқылы көрінуі
мүмкін.
• Ол жердің бүкіл бетінде бар.
• Аймақтың климатын өзгерту.
• Оны геоморфология зерттейді.
• Адамның араласуына байланысты өзгеруі мүмкін.
• Бұл экожүйенің және оның флорасы мен
фаунасының тұрғындарының өмір сүру салтына
әсер етеді.

4.

• Тау. Теңіз деңгейінен 1000 метрден жоғары биіктіктер әдетте
топтастырылған. Мысалы: Гималайдағы Эверест тауы немесе
Андтағы Аконкагуа.
• Үстірт. Тектоникалық қозғалыс немесе эрозия нәтижесінде
пайда болған жазық биіктіктер. Мысалы: Перудегі Гран Пахонал
немесе Испаниядағы Месета Орталық.
• Жазық. Минималды биіктіктегі және аздаған бұзушылықтары
бар жер. Олардың көпшілігі өзендердің ағысынан немесе
табиғи эрозиядан туындайды. Мысалы: Жапониядағы Дого
жазығы немесе Мексика шығанағы жағалауы жазығы.
• Тау жоталары Әдетте шыңдары бар біріккен тау жоталарының
тобы. Мысалы: Орталық Еуропадағы Альпі немесе АҚШ-тағы
Жартасты таулар.
• Аңғарлар Таулар немесе таулар арасындағы, әдетте өзен
немесе су жолы бар құрлықтағы ойпат. Мысалы: Африкадағы
Ұлы Рифт аңғары немесе Аргентинадағы Кальчаки аңғары

5.

• Континенттік рельеф – теңіз деңгейіне
қатысты жер бетінен шығатын бөлік.
Континенттік жер бедерін таулар, жазықтар
мен жарықтар, сондай-ақ өз кезегінде
аңғарларды, ойпаттарды, үстірттерді,
жартастарды, каньондарды, шағылдар мен
биіктіктегі және көлемдегі тауларды
құрайтын ежелгі таулардың топтары түрінде
беруге болады.

6.

• Мұхиттық рельеф – жер қыртысының теңіз
суы астында қалған бөліктері. Жағалау
сызығынан құрлық континенттік беткей деп
аталатын жаққа қарай төмендей бастайды.
Теңіз түбінде жер бедері пайда болған
теңіздің бетімен бірдей, әртүрлі пішінді
көрсетеді, мысалы, таулар, мұхит ортасы
жоталары деп те аталады

7.

Бедер – эндогендік жəне экзогендік процестердің өзара қарым-қатынас
əрекетінен қалыптасқан құрлық беті жəне мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.
Қысқаша айтқанда, бедер – жер беті пішіндерінің жиынтығы. Бедер жеке пішіндерден, ал
пішіндер элементтерден құралады. Бедер
элементтері – жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер, шыңдар,
төбешіктің етегі жəне т.б. Бірнеше бедер элементтері бед
ер пішіндерін
құрайды. Бедер пішіндері – биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі
бар жер бетінің көлемді табиғи құрылысы.
Бедер пішіндері – оңаша (жеке шоқы, төбешік), немесе ашық (сай, жыра),
оң (дөңесті) жəне теріс (ойысты), жай жəне күрделі болып келеді. Бедер
пішіндерінің элементтері көбінесе табиғат агенттерінің əсерінен өздерінің
морфологиялық көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп қалады, күрделі
түрлерінде беткейлердің пішіндері иілу арқылы бір-біріне ауысып тұрады.
Экзогендік агенттер əрекетінен борпылдақ тау жыныстары үйіліп, шоғырлану
арқылы аккумуляциялық бедер пішіндерін (құм төбе, құмшағыл) жəне ұзақ
уақыт үгіліп, шайылу арқылы денудациялық немесе эрозиялық бедер
пішіндерін (денудациялық жазықтарды, жыралар мен өзен аңғарларын)
қалыптастырады.

8.

Жер бедер пішіндері өздерінің мөлшеріне қарай төмендегідей топтарға
бөлінеді:
а) бедердің планеталық пішіндері, 6) мегапішіндер, в) макропішіндер, г)
мезопішіндер, д) микропішіндер, е) нанопішіндер
Планеталық пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондаған
шаршы километр ауқымын қамтиды. Бұларға мынадай планеталық пішіндер
жатады: 1) континенттер ( материктер); 2) қозғалмалы белдеулер; 3) мұхит
табаны (ложе мирового океана); 4) ортаңғы мұхиттық жоталар.
Континенттер ( Материктер) – жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері.
Олардың көп бөлігі құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама
бөлігі дүние жүзі мұхиттық түбін қамтиды. Материктердің маңызды
ерекшеліктерінің бірі – жер қыртысының материктік типінен құралуы.
Мұхит түбі немесе мұхит табаны (ложе океана) – дүние жүзі мұхитының
негізгі бөлігі, олардың тереңдігі 3 километрден төмен жəне жер қыртысының
мұхиттық түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері –
мұхит түбінің кең ауқымды қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын
суасты жоталар.

9.

Қазіргі қозғалмалы ( геосинклиндік) белдеулер, көбінесе материктер мен
мұхиттар арасындағы шекарада жəне құрлық шегінде орналасады.
Ортаңғы мұхиттық жоталар өздерінің ұзындығымен дүние жүзінде ең
кең таралған таулар жүйесі болып саналады.
Мегапішіндер жүздеген жəне ондаған мың шаршы километр ауқымды
қамтиды.
Бұларға материктер аумағындағы таулы жүйелер жəне кең-байтақ
жазықтар, мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, БатысСібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жүйесі, Тибет таулы
қыраты т.с.с. мұхит өңірінде ірі-ірі суасты ойпаңдар мен көтерілімдер
жатады.
Макропішіндер – мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы
жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін
жетеді.
Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс
жерлері
жатады (Іле Алатауы, Күңгей жəне Теріскей Алатау, Ыстықкөл ойысы т.б.).

10.

Мезопішіндердің аумағы əдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған
шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке
аңғарлар, ірі аккумуляциялық пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Микропішіндер – ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын, кішігірім
кедір-бұдыр түрлері, мысалы, карст шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм
төбелер, көлдеулер (степные блюдца) жəне т.б.
Нанопішіндер – макро- мезо- жəне микропішіндердің үстін шиелендіріп
бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ
жемірілген қазындылар, кеміргіштердің індері, құм шағылдардың бетінде
дамыған құм иіріктері (эоловая рябь) т.б. жатады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков бедердің генетикалық жіктемесінде
планеталық пішіндер мен мегапішіндерді – геотектура, макропішіндерді
морфоқұрылым (морфоструктура) деген. Олар көбінесе эндогендік процесс
əрекетінен пайда болған. Ал экзогендік процестердің əрекетінен қалыптасқан
мезо- жəне микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп
атаған.

11.

Гипсометриялық (гр. һypsos – биіктік, metreo
– өлшеу ) сипаттама, яғни
жер беті биіктігін өлшеп зерттеу, жер
бедерінің ең маңызды морфометриялық
сипаттамасының бірі. Құрлық бетін мұхит
деңгейінен көтерілу мөлшеріне
орай ең алдымен жазықтар алып жатыр. Жер
бетінің аэ тілімденген, тегіс
немесе белесті болып келген кең алқабын
жазық деп атайды.

12.

Ойпатты жазық – көбінесе жазық бағытта
жайласқан жас борпылдақ тау
жыныстар қабаттарынан тұратын тегіс, жазық
алқабы. Олар физикалық
картада қою жасыл бояумен белгіленеді.
Ойпатты жазықтарының теңіз
жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен
төмен жатады. Оған біздің
еліміздің батысындағы Каспий маңы ойпаты
мысал бола алады. Жер
шарындағы ең үлкен ойпаттар – Амазонка, Батыс
Сібір, Үнді-Ганг, Каспий
маңы жəне т.б.

13.

Қыратты бедер нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына
жəне тілімделу
сипатына байланысты кыратты жазықтарға, үстірттерге,
жайпақ тауларға,
таулы қыраттар мен тауларға ажыратылады.
Қыраттар жəне қыратты жазықтарға нақты биіктігі 200 мден 500 м-ге
дейінгі жер бетінің кейбір үлкен бөліктері жатады.
Олардың үсті тегіс, еңкіш,
ойыңқы жəне дөңесті иілген болып келеді. Морфология
жағынан осы екі
аймақтардың ішкі өңірі жазықты, ойлы-қырлы, жондытөбелі немесе белесті,
қырқалы жəне сатылы болады. Геологиялық құрылысына
қарай аккумуляциялық жəне денудациялық жазықтар деп жіктеледі.

14.

Үстірт (плато) – француздың plateau деген
сөзінен шыққан – жазық бағытта
жайғасқан тау жыныстар қабаттарынан
құралған, тегіс бетті көтеріңкі жазықтар

15.

• Жайпақ таулар (плоскогорье) – биіктігі 500 мден жоғары, терең
• аңғарлармен тілімденген, төбесі біршама тегіс
немесе жайпақ келген сəл
• деформацияға ұшыраған тау жыныстарынан
құралған кең ауқымды өлке.
• Жайпақ таулар ежелгі таулы аймақтың ұзақ
уақыт тегістеліп кейін қайта
• көтерілуі нəтижесінде түзілген. Бұлардың
мысалы - Енисей мен Лена
• өзендерінің аралығын алып жатқан кең-байтақ
Орта Сібір жайпақ таулар,
• Иран, Анадолы жəне т.б.

16.

Таулы қырат (нагорье) – мегапішіндердің ерекше
түрі. Оның ішкі биіктік
өлкесінде тау жоталары мен таулы массивтерін,
жайпақ таулар мен
қазаншұңқырларды, көтеріңкі жазықтар мен таулы
аңғарларды біріктіретін,
түп тұғырының біршама көтеріңкілігімен сипатталатын
жер бетінің ауқымды
аймағы. Тектоникалық тұрғыдан таулы қыраттар
қозғалмалы, яғни таулардың
қалыптасу процесі өтіп жатқан өңірлер. Таулы
қыраттар кең тараған, олардың
мысалдары – Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет,
Цайдам таулы
қыраттары.

17.

Тayлap деп жоғары биіктікке (8000 м-ге жəне одан да жоғары) көтерілген, жер
қыртысының қатпарлы жəне қатпарлы-жақпарлы құрылымдармен күрделенген ,
теңіз деңгейімен жəне қоршаған жазықтармен салыстырғанда биіктік
көрсеткіштері өте жиі жəне күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі
аймақтары. Жер бетінде жеке-дара тұрған таулар сирек кездеседі. Əдетте таулар
бір-біріне жалғасып ұзындығы ондаған, жүздеген жəне мыңдаған километрге
дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жатқан аймақтардың жалпылама
аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, тау өлкесі, тау жүйеcі, тау алқабы
жəне тау жотасы деген атаулар арқылы дараланады. Бірнеше тау жоталарының
түйіскен жерін тау торабы деп атайды. Олар көбінесе мұз басу орталығы болып
табылады (мысалы, Орталық Тянь-Шаиь тау торабына Хантəңірі шыңы
жатады).

18.

Материктердің ірі бедер пішіндері
Жер планетасының қойнауында ерекше геологиялық құрылыстары
сипатталатын өте ірі құрылымдық элементті материк (континент) деп
атайды. Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы
қабаттарының
физикалық-химиялық
жəне
гравитациялық
бөлшектенуінің нəтижесінде қалыптасқан материктер күрделі
құрамды гетеротекті денелер жиынтығы іспетті. Материктер өңірінен
көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты-басты
екі түрге, яғни платформаларға жəне қозғалмалы белдеулерге
бөлінеді. Құрылысы əр түрлі платформалар мен қозғалмалы
белдеулердің дамуы, жер бедерінің түпкілікті айырмашылығын
анықтайды
жəне
материктер
(континенттер)
аумағындағы
морфоқұрылымдардың екі негізгі типін, яғни платформалық жəне
қозғалмалы типтерін даралауға мүмкіндік береді. Платформалық
жəне қозғалмалы аймақтар геологиялық құрылысы, дамуы,жасы
жəне тектоникалық белсенділігі жағынан əр түрлі болады.
Мұндайайырмашылықтар
олардың
əр
реттегі
морфоқұрылымдарының типтерінде өз көріністерін табады.

19.

Материктік платформалардың ірі бедер
пішіндері (мегапішіндері)
Платформалар – біршама салғырт
тектоникалық режимімен сипатталатын
материктік өңірдің басты құрылымдық
элементтерінің бірі. Мұнда вулканизм
құбылыстары жоқ, сондықтан оларды
шамалы сейсмикалық əрекеттілігімен
ерекшеленетін аймақтар, үстірттер,
қырқалар, денудациялық жазықтар,
қыраттар мен Балтық жəне Сары Теңіз типтес
қайраңды теңіздер алып жатыр.

20.

• Кембрийге дейінгі ежелгі платформаларға
Оңтүстік Америка, Африка – Арабия, Үндістан,
Австралия, Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа,
Сібір, Солтүстік Қытай, Оңтүстік Қытай
платформалары жатады.
• Платформа өңірінде жер бетіне қатпарланған
жəне метаморфта түрінде көрініс беретін
іргетастық бөлігін қалқандар деп атайды.
Олар платформаның едəуір бөлігін алып
жатады да, бедердің қалыптасуында
маңызды рөл атқарады. Ал олардың
платформалық тыспен көмкерілген
тұстарын тақталар (плиталар) деп атайды. Бұлар
лқандарға қарсы мағынада қолданылады.

21.

Жас платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
Протерозойдан кейінкаледон, герцин жəне мезозой қатпарлы
кезеңдерінде түзілген “жас платформалар” деп аталатын
платформалар бедерінің ежелгі кембрийге дейінгі платформа
бедерімен көп ұқсастығы бар. Мұнда да жазықтар, үстірттер
жəне таулы үстірттер кең дамыған. Денудациялық жазықтардан
басқа жас платформалар аумағында аккумуляциялық жазықтар
кездеседі. Аккумуляциялық жазықтарға үлгі ретінде палеозой
жəне мезозой платформалар орнында қалыптасқан Батыс Сібір,
Тұран жəне Колыма ойпаттары жатады. Жазық бағыттағы тау
жыныстары қабаттарынан түзілген денудациялық жазық тегіс
беттіҮстірт жазығын құрайды. Олар эпигерциндік платформа
шегінде пайда болған. Жалпы алғанда, қатпарлы палеозойлық
платформа негізінде қалыптасқан Қазақтың ұсақ шоқылары
ежелгі қалқандар бедерінің пішіндерімен ұқсас.

22.

Материктік қозғалмалы белдеулер көбінесе таулы
құрылыстармен, яғни орогендермен (гр.orosтау+genesis-жаралу тегі) ерекшеленеді. Олар пайда
болу жағдайларына байланысты жəне мөлшері мен
морфологиясы бойынша алуан түрлі. Бұларға
мыңдаған км-ге созылған бүкіл материктерді қиып
өтетін таулы белдеулер жəне жеке, кішігірім
жоталар жатады. Таулы құрылыстар пайда болу
геодинамикалық жағдайына қарай жəне өздерінің
құрылымымен морфологиясы бойынша екі негізгі
типке бөлінеді. Олардың бірі жер қыртысының
жазықтық (горизонталь) бағытағы сығылмалы
жағдайда пайда болса, екіншісі жер қыртысының
күмбез тəрізді көтеріліп созылмалы жағдайда
қалыптасты.
English     Русский Правила