Еңбек құқығы
Еңбек құқығы жоспар:
Еңбекті қорғау
Еңбек құқығының пəні
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының қайнар көздері
Кəсіптік одақтар
Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты
Еңбек тəртібі
Еңбек даулары
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
508.06K
Категория: МедицинаМедицина

Еңбек құқығы

1. Еңбек құқығы

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ
ОРЫНДАҒАН: ТОЛЕУОВ Е.М
ТЕКСЕРГЕН: АЛПЫСБАЙ Н.А

2. Еңбек құқығы жоспар:

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ
ЖОСПАР:
• 1. Еңбек құқығының пəні
• 2. Еңбек құқығының қағидалары
• 3. Еңбек құқығының қайнар көздері
• 4. Кəсіптік одақтар
• 5. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты
• 6. Еңбек тəртібі
• 7. Еңбекті қорғау
• 8. Еңбек даулары

3. Еңбекті қорғау

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбекті қорғауды кең жəне тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау
дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын
қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық,
медициналық, техникалық жəне экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде
ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл
еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

4. Еңбек құқығының пəні

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ
Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық
пішіміне қарамастан, кəсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру
саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың əлеум. құқыларын қорғайтын
нормалар жиынтығы.
Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» жəне
«құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, құқық
адамдардың əр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни,
тəртіптейді,қалыпқа келтіреді, нормаларға сəйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі
бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек
қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан
туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.

5. Еңбек құқығының қағидалары

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі
қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек
заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін
басты ережелер. Олар осы құқық
саласының даму негізін құрайды жəне
дамуды бағыттайды. Еңбек құқығының
қағидалары ретінде еңбек құқығы
нормаларының мəнін жəне мемлекеттің
еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
саласындағы саясатының басты
бағыттарын көрсететін, қолданыстағы
заңнамада бекітілген
негіздемелікбастамаларын (идеяларды)
түсінуге болады.
Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ,
еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі
белгілер тəн: олар экономикалық жəне саяси
жағдайлармен байланысты,себебі, қағидалардың өзі
мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады; олардың
мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидаларəрқашанда
құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының
мəнін көрсетеді; мемлекеттік норматвитілікке ие,
себебі, қағидаларды мемлекетқұқық нормаларында
бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар ортақтық пен
міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық
идеялар болып табылады; олардың жиынтығы жүйе
болып табылады, себебі, олар құқық нормасының
белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге
нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін
ашады; мақсаттылыққа ие, себебі, құқық
нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі
бір мəселелерді шешудегі мəнін көрсетеді;
тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт
бойы əрекет етеді жəне өзінің табиғат

6. Еңбек құқығының қайнар көздері

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек
жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің
нəтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері – бұл
жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер. еңбек құқығының
қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық
қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға
болады. В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі
жəне туынды.

7. Кəсіптік одақтар

КƏСІПТІК ОДАҚТАР
Кəсіподақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне білдіру
мақсаттарында қызметкерлерді ортақ өндірістік, кəсіби мүдделердің негізінде
біріктіретін,тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан
Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар) – дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар
коғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кəсіптік мүдделерінің ортақтығы
негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен мудделерін білдіріп, қорғау,еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін
ерікті түрде кұрады.Кəсіподақтар жұмыс істейтін тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін
құрылды, сондықтан олардың негізгі функциясы – бұл қорғау функциясы.

8. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек шарттарына, ішкі
тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара байланысты
түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы
анықталады.
Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан
бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда
қызметкерге демалу жəне тамақтану үшін үзіліс белгіленген.

9. Еңбек тəртібі

ЕҢБЕК ТƏРТІБІ
Еңбек тəртібі дегеніміз – ол екі жақты процесс жəне оның жүзеге асырылуы екі тараптың
да жүріс-тұрысына тікелей тəуелді. Яғни, еңбек тəртібі жұмыс берушінің белгілі бір жүрістұрыс ережелерін бекіту құқығын ғана емес, сонымен қатар, қызметкерге қалыпты еңбек
жағдайын қамтамасыз ету міндетін де қамтиды. Осындай жағдайда ғана қызметкерден
жақсы нəтиже күтуге болады. Технологиялық тəртіп – бұл еңбек тəртібінің өндірістегі
техникалық ережелерді сақтаумен байланысты бөлігі. Өндірістік тəртіп – бұл өндірістегі
тəртіпті сақтау.

10. Еңбек даулары

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ
Еңбек қатынастарының тараптары болып жұмыс беруші мен қызметкер табылатыны
белгілі. Оларды, бір жағынан, ортақ мақсат – еңбек өнімін жəне тиісті табыс табу
біріктірсе, екінші жағынан, олардың қарым-қатынастарында белгілі бір қарама-қайшылық
та бар. Бұл қарама-қайшылық мынадан көрініс табады: жұмыс беруші қызметкердің
көбірек жұмыс істеп, мейлінше көп еңбек өнімін шығарғанын қалайды, сонымен қатар,
қызметкердің жалақысы жоспарланған шығындардан аспауына да мүдделі. Яғни, жұмыс
беруші қызметкердің көп жұмыс істеп, аз жалақы алғанын қалайды. Ал қызметкер,
керісінше, аз жұмыс істеп, көбірек жалақы алғысы келеді. Мұндай екіжақты қалаудың бір
нəтиже беруі қиын, тіпті, мүмкін де емес. Сол себепті, тараптардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің бұзылуы жиі орын алып жатады. Осы жағдай еңбек саласында меншік иесі
мен жалданбалы қызметкерлер арасында əр түрлі келіспеушіліктер мен шиеліністердің
туындауына объективтік негіз болады.

11. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

English     Русский Правила