Похожие презентации:
Қазақ – жоңғар қарым-қатынастары
1.
Қазақ – жоңғарқарым-қатынастары
2.
Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіссоғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бітімге
келісіп, 120 жылға созылды . Бұл екі арадағы талас
тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал
шаруашылығымен шұғылданған екі елдің шұрайлы,
жайлы жерлерге және Жетісу мен Сырдария өңірін
басып өтетін керуен сауда жолдарындағы қалаларға
таласуда болды.
3.
1635 жылы Монғолмемлекетінің 2-ге бөлінуінен
Жоңғар мемлекеті
құрылды.Басшысы Батур
қоңтайшы болды (1635-1653).
Қазақтар мен ойраттар
арасындағы жайылым жер
үшін күрес XV ғ. бастап
басталды.
4.
І жартысындаХVII ғасырдың
ойраттар мен
қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей
түсті. ХVI ғасырдың аяғында ойраттар басты-басты төрт
тайпалық одақтан құралды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа
қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы
ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа
қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің
жоғарғы жағындағы шоростар еді.
5.
Батур хұнтайшының тұсында қазақ жоңғар қатынасымейілінше шиеленісті. Бұл кезде жоңғар феодалдары Қазақ
хандығына үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап, Қазақ
хандығы мен жоңғарлар арасында үш рет қанды шайқас
болды . Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық
дерек жоқ осы соғыста қазақ әскерлеріне қолбасшылық
еткен Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл
жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші
шайқас 1643-жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери
тактиканы шебер қолданғандықтан Батур хұнтайжы күйрей
жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды.
Үшінші шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырады.
6.
7.
1643 ж. жазында қазақ қолын Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батырқонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы 600
қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында
Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып
бекінуге, ал екінші жартсын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың
арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп,
Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған Ор-бекінісіне шабуыл жасайды, сол
сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ
жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың
қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген
жоңғарлар кейін шегінді.
8.
9.
Жан –жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар1710-1711 ж.ж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс
жүргізеді.
Олар 1717 ж. жазда Аягөз өзені жағасында
қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.
10.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып,1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан
қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы
Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан
батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері
Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты
ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы
Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу
өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы
Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты ЦеванРабданның бауыры Шона-Даба атқарды.
11.
Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті.Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары
Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға
ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына
топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып
айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл
кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген
жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.
12.
1730 ж. көктемдеБалқаш көлі маңында
тағы соғыс басталды.
Бөгенбай, Қабанбай,
Наурызбай сияқты
батырлар бастаған қазақ
жасақтары жоңғарларға
аяусыз соққы берді. Бұл
кейін “Аңырақай” деп
аталып кетті. Шуно Дабо
бастаған қалмақтар Іле
өзенінің бойымен
шығысқа қарай қашуға
мәжбүр болды.
13.
Жоңғарияның ханы ҚалданСерен 1745 жылы өліп, оның
мұрагерлері таққа таласты. Осы
кезден бастап Қытайлардың
Манчжурлік Цин империясы
жоңғарларға шабуыл жасай
бастайды. Ол алдымен Сыр
бойындағы қалаларды азат етуге
кірісті. Ол бұл жорықта қазақ
әскерлерін үш топқа бөлді. Бірінші
тобын Қанжығалы Бөгенбай мен
Үмбетей жырау басқарды. Екінші
қолын Жәнібек батыр
басқарды.Үшінші негізгі қолды
Абылайдың өзі басқарды. Бұл
топта әйгілі батырлардан
Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян,
Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ
болды. Нәтижесінде Қазақ
әскерлері Жаңақорғанды,
Шымкентті жаулардан тазартты.
14.
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішіндебилік үшін күрес туып, (Қалдан Серен өлген
соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай
қалыптасты, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді.
Содан 1758 жылы оларды Қытай империясы
жаулап алды да, Цин империясының құрамына
кіреді.
15. Тарихи деректердің дәлелдеуінше, қазақтар мен қалмақтар ежелден бір-бірінен қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы болған халық.
Тарихи деректердің дәлелдеуінше, қазақтар мен қалмақтар ежелден бірбірінен қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы болған халық. Оған қазақтыңбірқатар хандары мен сұлтандарының асыл аналарының, қазақ
батырларының көбісінің аяулы жары қалмақ, жоңғар хонтайшыларының
қыздары болғаны нақты айғақ.
Жаугершілік заманда жеңген жақтың олжасында ару қыздар да
болған. Ол қалыптасқан дәстүр бойынша, хан, сұлтан, батырларға
сыйға тартылған. Қыпшақ Тілеулі батырдың бәйбішесі – Қарқара
ойрат хонтайшасының, екінші әйелі Нәнжіл – жоңғар
хонтайшасының, үшінші әйелі – ұйғыр байының қызы. Кейбір
шежірелерде оның тоғызыншы әйелінің де қалмақ қызы екендігі
баяндалады. Шақшақ Жәнібек тарханның да үшінші әйелі – қалмақ
ханының қызы екендігі туралы дерек бар. Жәнібек тархан
жоңғарларға қарсы жорықтардың бірінде қалмақтың Көкі, Бәкі
есімді екі аруын олжалап, апалы-сіңілілі бұл қыздарды ағалары
Тінібек пен Тұрлығұлға сыйға тартады. Жалпы, Жәнібек батырдың
әкесі Қошқар батырдың анасы Қатағанның ханының қызы –
Қарашаш, нәсілі - қалмақ. Оны Шақшақ батыр ұлы Көшейге алып
берген. Жәнібектің үшінші әйелі қалмақ қызынан туған балалары –
Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы.