1.74M
Категория: МедицинаМедицина

10 кл -1 апта-1 сабақ- Биологиядағы басқару жүйесінің мысалдары (2)

1.

Проблемалық сұрақтар
Адам денесінің температурасы қалай реттеледі?
Қоршаған орта температурасы көтерілгенде және
төмендегенде ағзада не болады?
Қандағы глюкоза мен көмірқышқыл газының
мөлшері қалай реттеледі?

2.

Тарау: 10.2A Гомеостаз және гуморальді
реттелу (Координация және реттелу)
Сабақ тақырыбы:
Биологиядағы
басқару
жүйесінің
мысалдары
Оқу мақсаты:
10.1.7.9 биологиядағы басқару жүйесін
сипаттау

3.

Сабақ мақсаттары:
-биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
Бағалау критерийі:
-Биологиядағы басқару жүйесінің механизмін біледі.
-Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс)
анықтамаларын түсіндіреді;
-Басқару жүйелері туралы тұжырымдамаларды олармен
дұрыс сәйкестендіреді;
-Оң және теріс кері байланыстарға мысалдар келтіреді;
-Бақылау жүйесінің адам организміндегі рөлін анықтайды.

4.

Биологиялық бақылау жүйесінің құрамбөліктері
Тіршілік ету үдерісінде барлық тірі ағза мен қоршаған орта арасында үнемі зат және энергия алмасу
жүретін ашық жүйелер болады.
Ашық жүйе дегеніміз – сыртқы ортаның қарсылығын жеңе отырып, өзінің ішкі күйінің (гомеостаз)
тұрақтылығын сақтауға қабілетті өзін-өзі реттейтін механизм.
Биологиялық жүйені басқарудың тиімділігі бүкіл ағзаның және оның жекелеген мүшелерінің жақсы
үйлестірілген жұмысына байланысты және РЕТТЕУШІ сигнал алғаннан бастап, реттелетін параметрдің
эффекторы арқылы өзгеруіне дейін жалғасады.
Басқару жүйесінің құрам бөліктері

5.

Гомеостаз
Гомеостаз - бұл өзін-өзі реттеу,
ағзаның динамикалық тепе-теңдікті
сақтауға бағытталған үйлестірілген
реакциялар арқылы өзінің ішкі
күйінің тұрақтылығын сақтау қабілеті.

6.

Биологиялық бақылау жүйесінің тиімділігі:
Бақыланатын параметрдің белгілі деңгейден ауытқу дәрежесімен және осы параметрдің
қалыпқа келу жылдамдығымен анықталады. Бұл жүйелер дененің негізгі
параметрлеріндегі кез- келген ауытқуларды қалыпқа келтіреді.
Мысалы:
- Қандағы глюкоза
- Оттек немесе көмірқышқыл газының деңгейі
- Қан қысымы
- Дене температурасы
- Су – тұз теңгерімі
- рН
Сонымен өзгертілген параметр дегеніміз кері байланыс қағидатымен жұмыс істейтін
бастапқы ауытқу болып саналатын «кіріс» (стимул) арқылы реттелетін «шығыс» (жауап)
болып табылады. Кері байланыс сипатталатын көптеген биологиялық бақылау
жүйелерінде бір мезетте «жауап» әрекеті «сигнал» болып табылады.

7.

8.

Гомеостаз жұмысшы мүшелері (эффекторлар)
1. Бүйрек
2. Өкпе
3. Тер бездері
4. Ішек
5. Бауыр
6. Ұйқы безі

9.

Теріс кері байланыс
Теріс кері байланыс – жүйенің тұрақтылығын арттыру және ағзаның бастапқы күйін
қалпына келтіруге бағытталған, реттелетін параметрді қайта қалпына келтірумен сипатталатын
ағза жағдайы.
1.Глюкозаның көп мөлшерде қанға түсуі
2.Ұйқы безі инсулиннің бөлінуін күшейтеді
3.Қанда глюкоза төмендесе, мидың белсенді
жұмысы арқылы инсулиннің бөлінуі
баяулайды
4.Глюкагон
гормонының
әсерінен
бауырдағы гликогеннің ыдырауы
5.Глюкоза деңгейінің жоғарылауы
Қандағы глюкоза деңгейінің реттелуі

10.

Теріс кері байланыс
• 1. қандағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері
• 2. қандағы гормондардың мөлшері: тироксин жыныс
гормондары
• 3. глюкозаның мөлшері
• 4. дене температурасы
• 5. сумен тұздың реттілігі

11.

Оң кері байланыс
Оң кері байланыс жүйенің «жауап» әсерін белгілі бір шекке дейін
арттыру арқылы оның тұрақсыздығына әкеледі. Нәтижесінде жүйенің
«реакциясы» секірмелі түрде артып, денеде жылдам өзгерістер туындайды
Оң кері байланыс әрекеттік жүйедегі қалыпты жағдайдан ауытқуды
жоймайды, керісінше шығу сигналдарының өзгерісін күшейтеді.
1.Стрестік жағдайда адреналиннің қанға бөлінуі
2.Жүрек соғуының жоғарылуы (денедегі оттек пен қоректік заттардың
көбеюі)
3.Қарашықтың ұлғаюы («Жауды» жақсырақ көру үшін)
4. Алақан мен аяқтың терлеуі (Жаумен шайқасқан жағдайда оны ұстап
тұруға көмектеседі)
5. Аяқтың дірілдеуі (қауіптен қашуға дайын болу)
1.Босану кезінде окситоциннің бөлінуі
2.Ұрықтың жатыр мойнынан өтуі кезінде сигналдың гипофизге баруы
3.Окситоциннің тағы бір мәрте бөлініп шығуы
4. Жамбас бұлшықеттерінің жиырылуы
Окситоциннің бөлінуі 5. Жатырдың белсенділігі, ұрықтың туылуы

12.

Оң кері байланыс
Экстремальды жағдайға, жүйенің тұрақсыздығына жеткізеді.
Бақыланатын көрсеткіштердің бастапқы жағдайдан ауытқуын
арттырады
Оң кері байланыс әсеріне тағы бір жақсы мысал қанның ұюы
болып табылады. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанған кезде
тромбоциттер қан ұйығы (тромб) түзілгенше бір – бірімен бірігуін
тоқтатпайды.

13.

Жұптық жұмыс.
Теріс кері байланыс және оң кері байланысты
жазу арқылы Венн диаграммасын толтырады.
Бағалау критерийлері
Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс) анықтамаларын түсіндіреді;​
Дескриптор
-Айырмашылықтарын біледі
- Ұқсастықтарын жаза алады

14.

Теріс және оң кері байланыстың рөлі
Теріс және оң кері байланыс эволюция барысында үнемі туындап отыратын қауіптілік пен
қатал климаттық жағдайларда саналы адам түрін сақтауға бағытталған.
Кері байланыс түрлері
1.Стрестік жағдайда
адреналиннің бөлінуі
2.Қандағы глюкозаның
деңгейін сақтау
3.Босану кезінде
окситоцин деңгейінің
жоғарылауы
4.Қандағы көмірқышқыл
газының деңгейін
тұрақты ұстап тұру
Теріс кері байланыс
Оң кері байланыс

15.

Сабақ мақсаттары:
-биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
Бағалау критерийі:
-Биологиядағы басқару жүйесінің механизмін біледі.
-Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс)
анықтамаларын түсіндіреді;
-Басқару жүйелері туралы тұжырымдамаларды олармен
дұрыс сәйкестендіреді;
-Оң және теріс кері байланыстарға мысалдар келтіреді;
-Бақылау жүйесінің адам организміндегі рөлін анықтайды.

16.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила